бұғылар үрке ңойған жоң. Ңұлаған бұгыны иіскелегт, қоршай берді. Атқыштар, «дыбыссызбен» бір-бірлеп атып жатыр. Төртеуін ңұлаттық.
Осы да жетер қыра беріп қайтеміз,— деді Баби- дорич.— Осының өзін де лагерьге жеткізу оңайға соқпас.
Ңалғандарын атпадық. Енді атып алған бұғылар- ды алайық десек. қалғандарын үйреншікті суаттары- нан үркітіп алатын болдың. Ал өздерінің кетулерін күтсек, атылған бұғылардың еті ыстыққа шыдар емес. Дегенмен, алдағы күндердегі азығымызды ойлап, үр- кітпей, не де болса олардың жайылып кететін кезін күттік. Біраздан соң бұғылар ойқастай орғып, суаттан кете бастады. Әбден ұзап, көзден таса болғаннан кейін бұғыларды суаттан алыс бір жерге апарып сойып, та- за еттерін лагерьге жеткізіп алдық... Осылай Карпат тауының ңойнауларына барлау жүргізіп, жазалаушы жау жасақтарын көз жаздырып, күш жинап алғанша бұғы еті бізге талшық та болды. ПЕРЕЧЕНЬ СТАНЦИЯСЬІНДА
Ол қанды балақтан айрылып қалып жүрме! Уә- делескен белгі бойынша қимылда, Вася! — деп, Алек- сандр Васильевич менің қолымды қысып қойды. Сонан соң ол сәл кідіріп, тағы да бір нәрсе айтайын дегендей ойланыңқырап барып, маған қадала қарады да:
Ал, Вася, жарайды! Жүре бер. Жолың бол- сын! — деді. Біз тау етегінен қоныс тепкен темір жол стандиясына қарай бет түзедік. Көздеп келе жатқан бұл нысанамыз — Карпат тауының күнгей бетіндегі Перечень темір жол станциясы болатын. Карпат асуындағы майданға байланыстының маңызы зор стан- ция болғандыктан, бұл жерге фашистер біраз күштерін топтастыра бастаған-ды. Мұнда бір полк венгерлер, екі батальондай неміс солдаттары бас құрап, гарнизон құрған. Станциядағы соғыс коменданты бұл қарулы күшті темір жол күзетіне қойып, партизандардың жүр- ген жолын тори бастаған еді. Астыртын ұйымның есебі бойынша соғыс комендантының жеке өз қолымен ат- қан, дарға асқан адамдар саны жүзден асқан. Жергі- лікті халықты қорқытып ұстау үшін, асып өлтірген адамдарын он шақты күн бойына дар ағашынан ал-
дырмай, жазатайым ұрлап әкетпесін деп, ңан сасыған , ңаралы алаңға күндіз-түні күзет қойған. Оның үсті- не гарнизон солдаттары үй-үйді тіміскілеп, станция бойына аш бөріше өріп кеткен еді. Тұрғын халықты олар талап-тонай бастады. Астыртын ұйымның көмегімен халық мал-мүлікте- рін жасырған болды. Оны сезген жендеттер айуандың әрекеттерін бұрынғыдан да бетер үдете түскен-ді. Ңыс- қасы, карпаттықтардың басына қара бұлт төнген сон- дай бір ңаралы уаңыт еді. Жергілікті астыртын ұйыммен бірлесе отырып, За- карпатье партизан құрамасы станцияға мұқият бар- лау жұмысын жүргізген-ді. Сөйтіп, бүгін осы станция- ға топталған жау әскеріне қарсы шабуылға шығып ке- ле жатңан бетіміз болатын. Өзім бастап келе жатқан партизан отрядын стан- цияның оңтүстік жағындағы соғыс коменданты тұрған тұсқа жақындатып әкеп, сыңсыған жас қайыңның ара- сына орналастырдым. Жігіттерге «дем алыңдар» деп белгі бердім де, штаб бастығы Бабидоричті ертіп, ағаш- тың ара-арасымен жүріп отырып, орманның шетіне шықтым. Біз тұрған биіктен станция алаңанымдағы- дай сайрап көрініп тұр. Әне, көше-көшеде топ-топ бо- лып аяңдап солдаттар кетіп барады. Станция алдында буы бұрқырап бір паровоз тұр. Одан әріректе тізілген ңызыл вагондарға әлденелер тиеп жүрген қара киімді теміржолшылар көрінеді. Аспан айналып жерге түс- кендей ыстық болатын. Бабидорич маңдай терін бір сыпырып тастады да: — Командир жолдас, біздің еншімізге тиген мы- нау маңдай алдымыздағы ңызыл шатырлы үй. Мұның өзі тегінде шекарашыларға арналып салынған болу ке- рек, төңірегі ңоршалған екі қабат үй екен,— деді ол автоматымен нұсңап. Жас қайыңның жасыл жапырақты бұтағын қалқа- лап жоғарыдан қараған бізге оның айналасынан бекі- ніс ретінде бірімен-бірі жалғастыра қазылған терең ор- лар көрінеді. Кең ауланың көше жақтагы қақпасында винтовкасын кезене ұстап сақшы тұр. Әр жерден сос- тиып шыға-шыға келген жергілікті тұрғындар айна- ласына саңтана қарап, суы аяңдап кетіп барады. Әне, осы екі ңабат үйге қарай зымырап бір жеңіл машина келе жатыр. Машинаны көре салысымен, сақшы қақ-
паны айқара ашты. Машина үйдің алдына келіп тоқ- тады. Одан көк киімді, басында қоқырайған фураж- калары бар үшеу түсті. Маңыздана басып үшеуі де үйге қарай беттеді. Машина шегініп барып бұрылды да, қақпадан шығып, көшені бойлап кете барды. — Баскесерлер осылар. Комендант үйінде болу керек. Мына келгендер гарнизон басшылары,— деді штаб бастығы дүрбісінен көзін алмай қарап тұрып. Отряд штабының батысы Михаил Бабидорич жа- сы жиырманың бір-екеуіне жаңа келген, сұңғақ бойлы, қара торы жігіт еді. Өзі осы Закарпатьеде туып-өскен. Жергілікті патриоттардың басын біріктіріп, партизан- дарға алғашқы қосылғандардың бірі. Оқыған саяси сауатты жігіт. Орыс, венгер тілінде таза сөйлейді. «За- карпатье» партизандар құрамасының құрамындағы жергілікті тұрғындардан ұйымдастырылған осы от- рядты шыңдап, нығайту ісіне көп еңбек сіңірген еді. Міне енді қазір сол отрядты өзі бүгінгі шайқасқа бас- тап алып келіп тұр. Бұл станцияның жай-жағдайын өзі бес саусағындай біледі. Осы орайда қарсы беттегі биіктен қызыл ракета атылды. Бұл: «Станция, екі жағынан да темір жол рельстері бұзылып, партизандардың қолына тапсы- рылды. Шабуыл жасай беріңдер» — деп, партизан құ- рамасы барлаушылар тобы командирінің берген белгісі болатын. Штаб бастығының бұйрығы бойынша Якубович пен Юзиктің партизандары станция мен комендатура арасынан кес-кестеп шыға да келген еді. Сөйткенше болмай партизандар құрамасының Тканко бастаған негізгі күші станция гарнизонына бірден шабуыл жасай бастады. Сол-ақ екен, гарнизон басшылары мен комендатура біздің отрядтың қоршауында қала берді.
Ңоршауда қалған комендатураны қыспаққа бірден ала бастадық. Комендатура үйіне бір дүркін оқ атып, қарсылық көрсетпей берілуін талап еттік. Ол талабы- мызды қабыл алмай, үй айналдыра қазған қорғаныс орға бекініп алған жау бірлі-жарым винтовка, писто- леттен оқ атып жауап қайтарды.