Берілер емес, не істейміз? — деп ңалды, бір топ командирі. .
Ол не деген сөз. Онда берілмеген жауды құртар болар! — деген сөздің штаб бастығы Бабидоричтің ау- зынан шығуы-аң мұң екен, жаудың қорғаныс шебі мен комендант үйіне қол пулеметтен оқ борап қоя берді. Әр жерден қол гранаталары да тарс-тұрс жарыла бас- тады. Жау партизандардың тегеурінді шабуылына тө- зе алған жоқ. Ордан бір-бірлеп бас сауғалап ңашып шыға бастады. Якубович бастаған партизандар тобы комендатура үйіне басып кірді. Сөйтіп атыс енді ко- мендатура маңында бәсеңдеді де, станцияның екінші — терістік жағында үдей түсті, ыңғайы гарнизонның не- гізгі күші мен партизандар арасында кескілескен ұрыс жүріп жатқанға ұңсайды. Бабидорич екеуміз комен- датураға келсек, Якубович партизандары сегіз неміс солдатын тұтқынға алған екен.
Офицерлері қайда? — деп сұрады Бабидорич, тұтқындарды күзетіп тұрған партизандардан.
Екі офицер атылып қалыпты. Біреуі комендант, екіншісі гарнизон командирі. Солдаттардың айтуына қарағанда қалған төрт офицер ңашып кеткен сияң- ты,— деп жауап қатты бір партизан.
Сөйтіп тұрғанда комендатурадан партизандар көп- теген қару-жарақ, оқ-дәрі алып шықты. Олардың со- ңында Мещеряков әлденені құшақтап көтеріп келе жатыр екен Мещеряков ескі партизандардың бірі бо- латын. Днепр бойындағы партизан қозғалысына қа- тысқаны үшін әйелі мен екі бірдей баласын басқын- шылар атып тастаған еді.
Жолдас командир, мына баланы қайтеміз? — деді ол маған қолындағысын көрсетіп. Ңарасам: ол мөлшері жасқа толар-толмастай бір неміс баласын кө- теріп тұр екен. Бала сірә қатты қорқып кеткен болу керек, шырылдағанда қолды-аяққа тұрар емес.
Мұны қайдан тауып алдың? Төргі бір бөлмеден шырылдаған баланың даусы шыққан соң барсам: еденде жылап отыр. Шешесі офи- цер екен, атылып ңалыпты. Содан кейін күнәсіз сәбиді қимадым да, алып шықтым,— деді Мещеряков, бала- ға елжірей қарап.