Фашистің баласын несіне алып жүрсің? Тас- та! деді бір партизан оған ашуланып.
Әке-шешесі фашист болғанымен, бала фашист емес қой! Мұның жазығы не? — деді Мещеряков, ба- ланың басынан аялай сипап.
Сенің балаларыңды фашистер «күнәсіз, жазық- сыз» деп аяп па еді? Шырылдатып тұрып атып таста- мап па еді?! Ендеше сен де мұны сілейт! — деді тағы да әлгі партизан, зілдене сөйлеп.
Жоқ, Борис, біз ондай тас мейір фашист емеспіз. Сілейтпек түгіл, бұл жерге мұны шырылдатып тастап кетудің өзі де дұрыс емес. Мұны бір жерге паналатқа- нымыз мақұл болады. Командир жолдас, егер сіз рұқ- сат етсеңіз, осы нәрестені менің тастап кеткім келмей тұр. Алда-жалда тіпті қиын болып бара жатса, село- лардағы астыртын ұйым мүшелерінің біріне берер- міз,— деп қиыла сөйледі Мещеряков.
Осы бір жазықсыз жас нәрестені көрген жерде ет жүрегім езіліп елжіреп кеткен еді. Артымда өзімнен қалған бала болмаса да, сонау алыста жатқан Ңазақ- станда осы сынды уылжыган бөбек, үйелмелі-сүйелме- лі інілерім бар-ды. «Я, солар сияқты бұл да күнәдан пәк, дәрменсіз сәби емес пе? Мұның жазығы не? Бұл түгіл, мұның шешесі мен әкесі жазықты ма еді, әуелі? Оның әке-шешесін соғысқа айдап салған фашист өкі- меті емес пе? Оларды қанды қырғынға еріксіз итерме- леп отырған қанішер Гитлер емес пе? Мұның әке-ше- шесі бәлки адал ниетті жандар да болар. Қарсыласпа- саң жаудың жайратып кететіні анық. Ендеше, қан майданда кару ұстаған адамға қатал болдың деп сын тағудың жөні бар ма?
Өзім ше? Кісі өлтіру дегеніңіз былай тұрсын, он- дай ой өмірі тіпті басыма келіп те көрмеген адам емес пе ем. Алайда, мінеки, соғысқа келіп қан кешіп, кісі өлтіріп жүрмін. Неліктен олай? Әрине, менің бұлай істеуіме Гитлер, фашистер айыпты! Себебі: ең алдымен мен өзімнің туып-өскен Отанымды қорғауға тиіспін! Мен басңа бір елдің жеріне баса-көктеп кіріп, бақас- тық, қаскөйлік ниетпен кісі өлтіріп жүргем жоң! Өз жерімді, өз елімді басқыншылардан тазарту жолында күресіп жүрмін. Ендеше, Отанымды жаулап, бауыр- ларымды құл, ңарындастарымды күң етпек болған жауды тек қыра беруім ғана керек! Отан алдындағы борышым — осы, мінеки... Бірақ енді мына сәби ше? Фашист офицерінен туғандығына, шынында, бұл жа-
зықты ма? Неліктен өлтірмекпін мұны? Адам бала- сын жаппай ңыра беретін тек нацистер ғана. Ал біз болашақ үшін, болашақтағы бүкіл адам баласының бақыты үшін күресіп жүрміз. Олай болса, мына тұрған сәби неміс үшін де күресіп жүрміз,— деген ой келген еді сол жерде басыма.
Рұқсат, Вася! Тек байқа оққа ұшырып ала көр- ме! — дедім. Ңашып кеткен офицерлердің тосңауылға жіберген топтарымыздан құтылмасын білген соң, жи- налып-теріне бастадық. Сол арада тұтқындарды, қолға түскен қару-жарақ, әскери мүліктерді лагерьге жө- нелттік те, қалғанымыз құраманың станцияда ұрыс жүргізіп жатқан негізгі күшіне көмекке ұмтылдық. Келсек: олар басшысыз ңалған гарнизонды талқандап та үлгірген екен. Бірнеше минашылар станцияда тұр- ған паровоздар мен темір жол рельстеріне мина қо- йып жүр.
Достарыңызбен бөлісу: |