Менің атымдыатаған біреудің даусы шықты, сөй- тіп вагон табалдырығынан түсер-түспесте өзімді әлде- кімдер көтеріп ала жөнелді. Ңұшақтасып, амандасып жатырмыз. Бұлар бір топ партизандар еді. Бір құрамада бол- ған партизанка Надежда Ивановна Воронецкая мен жіберген телеграмманы алып, сол күні-ақ Киевте тұра- тын партизандарға түп-түгел хабарлапты. Олардың ішінде құрама комиссары Ломако, партизан құрамасы- ның дәрігері Крячек, тағы да басқалары бар. Бәрі де үй-іштерімен келген екен.
Партизан кезіңде ауырып көрген адам емес едің, елге барған соң тым күтініп кеткенің бе, мұның қа- лай? — деп, Крячек әзіл айтып жатыр.
Бұлар мені Киевтің Октябрь революциясы атында7 гы ауруханасына әкелді. Крячек қазір осы аурухана- ның дәрігері болып істейді екен.
Ңазақстаннан келіпті, бұрынғы партизан екен,— деп сыбырлайды жас дәрігерлер біріне-бірі.
Ауруханада үш-төрт күн болғаннан кейін паралич- тен айықтым. Киевтің дәрігерлері де бірауыздан: «Фи- латовқа бару керек» деп түйді. Бірақ Киевтен әлі де болса кеткім келер емес. Өйткені көптен кездессем-ау деп жүрген Украина ССР-інің Жоғаргы Советі Прези- диумы председателінің орынбасары, партизан құрама- сының атақты командирі Сидор Артемович Ковпакқа жолығып кеткім келген еді... Бізді жылы жүзбен қарсы алғаннан кейін ол: Уайымдама, жазыласың! Партизанға ауру де- ген сөз бе екен! 300 жылдық тойымызға дейін қайтып кел! деп қолымды қысты...
Одессаға ^келгеніме бес күн болған еді. Миым ша- гып, түлабойым^ күйіп-жанып, көзім көруден қалды десе де болгандай, қолға ұстаған затым бұлдырап әзер көрінеді. г ^
Одессадан да бұрынғы партизан жолдастарым ңар- сы алды. Олардың біреуі соғыс кезінде Чапаев атында- ғы партизан ңұрамасында ерекше бөлім бастығы бол- ған Бычков Андриан Павлович. Академик Филатов жылы шыраймен, кідіріссіз қа- былдады. Өзінің ең жаңын шәкірті медицина ғылымы- ның кандидаты Владимир Евгеньевич Шевалев, инсти- туттың бас дәрігері Будиловамен бірге екі сағаттай ңарап, науқастың жағдайын білге-інен кейін, акаде- мик: