Бадта даусы шыққан тұсқа мөлшерлеп келсек, күй- реген қайыңның қасында, алым-жұлым кенеп көйлегі- нің жеңімен маңдайының терін сүртіп, бір қарт отыр. Бері келіңіз, қария! — деді Бутенко қашықтау жерден тіл қатып. Ңарт жалма-жан орнынан түрегелді, жерде жатқан таяғын қолына алып, бізге қарай жүрді. Ол бізге екі- үш қадамдай жер жақындап келіп, таяғына сүйеніп, кілт қарап тұрып қалды.
Сәлематсыз ба, қария!— дедік біз.
Қарт еңкейіңкіреп таяғына сүйеніп тұрған күйінде, көзін сүртіп, жасқана қарады. Аузына сөз түспей, әл- денеге бөгеліп тұрыңқырап барып басын изеді.
Таң атпай тоғай ішінде неғып жүрсіз? Қай се- лонікі едіңіз?
Қарт терлеген бетін жеңімен тағы сүртті де, менің фуражкам мен белбеуімдегі жұлдыз белгісіне тесіле қарап, аз-кем тұрып, даусы қарлыға сөйледі:
Менің де өздеріңдей екі балам бар еді...
Балаларыңыз қайда?
Қызыл Армияда!— деді де қарт, шығыс жаққа көз жіберді. Екі баласының бейнесін сонау шапақ ша- шып, жоғары кетеріліп келе жатқан күн ішінен көр- гендей, телміре қарап...
Қазір кім біледі!.. Құдайдың өзі білсін... Мүм- кін, қаза тауып, жер қойнынан мәңгілік тыныштық жай тапқан шығар...