Ұйқтай білмеген соң, ұйқыны қой — дедім құ- лағына сыбырлап. Ол маған бажырая қарады да, айы- бын мойындағандай сәл жымиып басып шайқады.
Есіктің ашылып-жабылғанына құлағымызды са- лып. тың тыңдап тағы да бір сағаттай жаттық. Ыстық пештің үстіне ылғи шалқалап жатқандық- тан арқамыз күйіп барады екен. Ңырымыздан жата- йық десек, үйге кірген адам қалқалаған киім-кешектің үстінен көріп қоятын болған соң, арқамызға қолымыз-ды алма-кезек төсеп, сол күйімізде жата беруге тура келді. Әбден терледік. Сөйтіп жатканымызда үстерін қағып, сықылықтай күліп үйге екі әйел кеп кірді.
Сен әлгі жендеттерден қалай қашып құтыл- дың?— деді біреуі.
Екеуі де өле мас екен. Үйге бірін-бірі сүйреп кі- ріп келгенде есіктің артына тығыла қалдым да, төргі бөлмеге кірісімен, пальтом мен шәлімді ала салып, үй- ден шыға жөнелдім.
Үйіңді ойрандап жатқан шығар?!
Ойрандай берсін. Аяр дүнием жоқ. Аларын жендеттер анада-ақ алып кеткен...
Әй, сампылдап отырсыңдар өздерің, біздің үйге ол жендеттер әлі келген жоқ. Ңазір келе қалса ғой, сор- лайсыңдар,— деді шешей не заматта.
ІПешей дұрыс айтады. Кетелік. Кеткенде қайда барамыз? — деп еді әйелдің біреуі.
Мария Смолярдың үйін тінтіп, барын алып кет- ті деген, сонда барайық,— деді екіншісі.
Әйелдер абың-күбің орындарынан тұрып, үйден шығып кетті. Олар ұзап кетті-ау дегенде шешей келіп:
Жігіттер, тұрып тез тамақ іше қойыңдар. Ңа- рындарың да әбден ашқан болар. Атайларың сыртты болжай тұрады,— деді.
Сөйтіп екеуіміз тұрып суық сумен жуынып, тамақ іштік. Содан соң қойын дәптеріме соңғы күндері бас- тан кешкен оқиғаларды жазып, екі-үш сағаттай оты- рып қалған едім. Бір мезгілде атай үйге жүгіріп кіріп:
Екі неміс келе жатыр, тығылыңдар!— деді де қайта шығып кетті. Біз пеш үстіне жайғасып, әзірлене бастадық. Попов пистолетін оң қолына ұстап, етпеті- нен түсіп, мен сол жақ қырымнан жатырмын.