соны істе. Әйтеуір, сақ болғайсың, тапсырманы орын- дасаң болғаны. Илько пакетті камзолының сол жақ қалтасына салды да, жүріп кетті. Тапсырманы орындайтын сапарға аттанардан бұ- рын Илько үйіне соқты да, сақтық үшін, үстіндегісін тастап, ескі костюм киді, сонсоң тапсырманы орындау сапарына кетті. Алғашқы тапсырманы ол жаман орындаған жоқ. Дударига бара жатқан жолында ол ешқандай оқи- ғаға, тіпті, адамға ешбір ұшыраспады, ал үйге қайтып келе жагқанда, Мартыновканың бағы арқылы жүрген еді. Илько бақ ішіндегі жалғыз аяқ жолмен емес, бұ- та-бұтаны қуалап қиялай жүрді. Бақтың Малый Бук- рин жағындағы шетінен жиырма метрдей жер қалған- да Илько бақтың қалың бұталарының арасында жа- сырыныи отырған сорайған бір ер кісіні көрді. Бұл Ильконы қайран қалдырды, оның отырысы оған тым- ақ күдікті көрінді. «Өзі үлкен адам, ал менен жас баладай-ақ құты қа- шып, үрейленіп кетті. Не де болса мұнда бір терең сыр бар» — деп ойлады Илько ішінен. Баққа таяна бергенде, Илько, ойламаған жерден, қолында бір түйіншегі бар баланы көрді. Бала бұта- бұтаның арасымен сақтана басып, жан-жағына жал- тақ-жалтақ қарап, Илько бет алған жаққа қарай кетіп бара жатыр. Илько бұға қалып, біраз кідірді, мұның қайда ба- ратынын байқау үшін оны ілгері жіберіп, бақтан шы- ғуын күтіп тұрды. Бұл баламен бақ ішіндегі жасырынып жатқан адамның байланысьт барлығын ол осы бір сәтте-ақ ац- ғарып қалды. Ңолында түйіншегі бар бала Малый Букринге қа- рай бет алды, ал Илько бұл кезде бақтан шықты да, әлгі баланы жылдамдата басып, лезде қуып жетті. Илько бұл баланы жақсы танитын-ды. Бұл Малый Букриндегі бұрынғы кулак Роман Гердюктің баласы еді, әкесі колхозда ірткі жасағаны, колхоз мүлкін ұр- лаганы үшін он жылға сотталған болатын.