Ата, үйдемін, ата, үйдемін,— деп жауап қатты Илько, есікті ашып жатып.
Сені Василий Буряк шақырады, дереу келсін дейді. Тездет...
Қазір, міне ата,— деді ол асыға киініп, парторг- тің шаңырғанына қуанып кетті.
Бірнеше минуттен кейін жүрегі алқынған Илько партком есігін қақты.
Кіріңіз,— деген Василий Алексеевичтің даусы естілді.
Илько бөлмеге жүгіре кірді... Бірақ қатты абыржып қалды, өйткені үлкен жазу столындағы Василий Алек- сеевичпен қатарласа креслода өз әкесі Григорий Ва- сильевич отыр.
Ол әкесінің күтпеген жерде отырганына едәуір-ақ ыңгайсызданып қалған еді.
Илько, маған ешқандай тапсырма бермейді деп ренжулі едің сен,— деді Василий Буряк оган ңарап,— бүгін бір аса маңызды тапсырма болып тұр, мұны еенен бөтен адамға беруге болмайды. Мынау пакетті Дудари селосына апарып, тек партком секретарына ға- на табыс ету керек. Конверттің сыртына, алдым деп, ол қол қоятын болсын. Жолда абай бол, ңазір сан қилы адамдарды кездестіруге болады, ал пакет өте құпия. Саған бұл түсінікті болар,— деп қадағалап айтты Ва- силий Алексеевич.
Бәрін ұқтым,— деді Илько.— Тапсырманы орын- дауға әзірмін.
Ал, Дударига қалай барамын деп ойлай- сың?..— деп сұрады парторг.— Жаяу ма, салт па?
О не дегеніңіз, Василий Алексеевич,— деп Иль- ко наразылық білдірді,— ңазір сал атпен жүру қауіп- ті, жаяу барғаным дұрыс. Егер біреу-міреуді көре қал- ғандай болсам, кез келген бұтаның түбіне жасырына қоюға болады. Ал атпен қайда сиясың, ол қайта өзің- ді ұстап береді.
Григорий Васильевич баланың тапқырлығына ба- рынша риза бола күлді, ал Василий Алексеевич те оның байсалды, сабырлы кескініне қарап сәл жымиып қойды.
Ол ішінен «Осындай зерек тапқыр балалардан жақ- сы барлаушы шығар еді» деп ойлаған пішінін жасыра алмаған еді.
Достарыңызбен бөлісу: |