Серіктің құлағына согыс дабылы алыстан үзіліп- үзіліп келіп тұрды.
Жомарт үйге келгенде Жамал мен Серік буған тең- нің үстінде үрпиісіп-үрпиісіп отырған-ды. Серік папа- сын көре сала орнынан ұшып тұрып, жүгіріп барып, оның мойнына асыла кетті. Майор оны екі бетінен ал- ма-кезек сүйді де:
Жамал, біз аттанып барамыз. Ңоштасайын деп бірер минутке ғана келдім. Өте асығыспын. Командо- ваниенің бұйрыгы бойынша бүгін барлық офицерлер- дің семьясы кейін, тылға қарай көшіріледі. Көшіретін адамдар ссында қалды. Бірақ ңай жерге көшірілетіні белгісіз. Кейін хабарласамыз ғой. Әйтсе де,— деп сәл кідіріп, Жамалға қадала қарай бергенде, Жамал кө- зіне жас алып:
Жомарт, жолың болсын! Әлдеқандай уақыт бо- лады, кім білсін. Мүмкін соғыс ұзаққа созылар, біз ел- ге қайтайық. Аман болсаң келерсің. Хат жазып тұр,— деп Жомарттың құшагына кіре түсті.
Мен де соны айтайын деп тұр едім. Асылы елге кайтқандарың жөн болар. Барлық туған-туысқандарға еәлем айт! — деді Жомарт та жарының сөзін мақұл- дап. Серік папасы мен мамасына жаутаңдап қарай берді.
Сөйтіп, семьянын да шырқы бұзылып, бірімен бірі қоштасып, әке майданға, шеше мен бала елге қарай жол тартты.
Эшелон жол-жөнекей жиі тоқтап, ауа шабуылынан Қорганып келеді. Осы үш күндік сапарда, шыққан же- рінен онша ұзап та кете қойған жоқ. Күн сайын, сағат сайын ауа шабуылы жиілеп, бомбадан қираған вагон- Дардағы адамдарды сау вагондарға ауыстырып, ал істен шыңңан вагондарды кез келген разъезд, станция- ларға тастап отырды.
Бұл эшслондагы адамдардың көбі жаралы болатын.
Серігін құшақтап нардың астында отырган Жамал
қарсысындағы полк комиссары Савченконың әйелі Анна Ивановнага ойлы пішінмен көз тастап, әлденені айтқысы келгендей қарай береді. Анна Ивановна да Борясының басын көкірегіне қысып, әлденеден қауіп- тенгендей, сыртқа құлағын сала тыңдап, вагонның есі- гінен көз алмай қарап отыр. Ересек балалар, әйелдер вагон есігінің тесіктерінен сыгалап тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |