Мама, ана жерде біреу отыр. Ол мұнда келіп неге тығылмайды? — деді. Анна Ивановна орнынан тұрып, баласының нұсқаған жағын қарап еді, шынын- да ашық алаңда біреу отыр екен.
Мама, анау Серік қой! Танып тұрмын, Серік!— деді тағы да манадан бері одан көз алмай қарап тұрған Борис.
Анна Ивановнаның басына енді: «Мұның шешесіне оқ тиген екен, сөйтіп, Серік оның жанынан кете алмай тұр екен»,— деген күдікті ой сап ете түсті. Бористің қолынан жетектеп алды да, Анна Ивановна солай қарай беттеді. Орманның шетіне келіп анықтап қарап еді, әлгі отырған Серіктің дәл өзі екен. Анна Ивановна «жау самолеті көрінбей ме екен» дегендей, айнала ас- панға бағдарлай қарап алды да:
Боря, сен осы жерде тұра тұр. Мен барып, не болғанын біліп келейін,— деді. Боря басын изеді. Анна Ивановна жедел басып Серіктің жанына келген- де, ол орнынан ұшып тұрып, Анна мен шешесіне алма- кезек қарап егіліп жылап қоя берді.
Серік, неге жылайсың? Мамаң жаралы ма? — деп Анна Ивановна Жамалдың бетіне үңіле қарап, та- мырын ұстап көрсе, ол жан тәсілім берген екен. Енді Анна Ивановна да не істерін білмей, Серіктің басынан сипап аңырып тұрып қалды. Оның көз алдынан қара торы, толық денелі, қою, ұзын қара шашты, өзінің көр шісі Жамалдың жарқын бейнесі кетпеді. Ол сол сүй- кімді бейнені көз алдынан кетіргісі келмегендей, бір нүктеден көзін алмай қарап тұра берді. Сәлден соң бір
шешіміе келгендей Серікті бауырына қыса түсіп:
Серік, мамаң өлді. Мамаңды фашистер өлтір- ді! — деуі-ақ мұң екен, Серік тагы да тізерлеп отыра қалып, мамасының өлі денесін құшақтап еңіреп жы- лап қоя берді. Анна Ивановна да егіліп тұр еді. Жа- малдың бетін оның жасырып кеткісі келді, бірақ қа- лай жасырмақ?! Не қолында күрегі жоқ, не төңіректен ешнәрсе табар емес. Сөйткенше болған жоқ, алыстан самолет моторлары жер жара гуілдеп, тағы да жақын- дай түсті. Анна Ивановна дереу Жамалдың үстіндегі қанга боялған жаздық жұқа пальтосын шешіп алды да денесіне айқара жапты. Қысыл-таяңда қолынан бір келгені сол-ақ еді. Сосын:
Серік, жүр кетейік! Әне, фашист самолеттері та- ғы да ұшып келеді. Жүр, әне жерде Боря тұр, соған барайық,— деді ол Серіктің қолынан ұстап, көзіне жас тслған Серік мамасының денесінен көз алмай: «Бар- маймын, осы арада боламын»,— дегендей басын шай- қап, орнынан қозғалмады.
Серік, мұның не? Жүр, мамаң өлді. Енді папаң- ды тауып алайық! — деді Анна Ивановна, оны мама- сынан күдер үздіріп, ертіп әкетейін деген оймен. Сол арада жау самолеттері де қаптап кетті. Серік артына жалтақ-жалтақ қарап, Анна Ивановнаның соңынан еріп, бүлкектеп кете барды.
Толассыз жауған жаңбыр. Әр ағаштың түбін па- налаған адам. Бұлар екі-үш күннен бергі жау бомба- сынан, бораған оқтан әлде-қалай аман қалғандар. Көбі әйел, бала-шаға, іштерінде эшелондарды басқарып ке- ле жатқан бірен-саран әскери адамдар да бар. Эшелон- дары ортеніп, жаудан баспаналап қашқанда бәрі де киім-кешек, азық-түліктерін тастап кеткен. Дені жа- ралы. Бұларға осы төңіректегі село, станциялардан қашқан адамдар да келіп қосылған. Жаңа қосылған адамдар: «Жау пәлен жерге, түген жерге келіп қалды. Қызыл Армия шегініп келеді. Жау бүгін-ертең осы арада болады. Бұл жерден дереу кету керек»,— деген Үрейлі хабарды да ала келген болатын.
Анна Ивановна екі баланы баурына қысып, бұтақ- ты жуан талды паналап тұр. Не істеу керек? Ос„ы сұ- Раққа ол неше күннен бері жауап бере алмады. «Енді поезбен жүре алмаймыз. Біреуді біреу біліп болар емес. Төңіректегі жұрттың бәрі шығысқа беттеп барады. Ал-
дағы бірер күнде азығымыз да таусылады, сонда нэ істемекпін? Жаяулап ңанша жерге бармақпын? Егер жау ңуып жетсе, фашистердің ңолында қалсам не бо- ламын?» Дәл осы ақырғы сұраулы ойға келіп тоқта- ғанда, оның денесі тітіркеніп кетті де, костюмінің ішкі қалтасындағы партбилетін ұстай алды. Жаулап алған жерлерде фашистер коммунистерге, тіпті жай совет адамдарына зұлымдық істеп келе жатқанын батыс жақтан қашқан адамдардан талай естіген болатын.
Анна Ивановнаның өз басындағы ңайғысына бау- рында бүрісіп тұрған кішкентай Серіктің қасіретті ңайғысы келіп үстемелей ңосылды. Оның ойы онға, санасы санға бөлініп, басы қатты. ¥йқы дегенді ұмыт- ты. Шаршау не, шалдығу не? Ол да бұл шаңта ойға кіріп шығар емес.
Анна Ивановна Винница облысы, Сомогородок ау- даны, Зазулин селосында туған еді. Онда қарт әкесі, өгей шешесі тұратын. Ендігі бір ойы, осы туған село- сына жеткісі келді. Осы тоқтам, осы байлам жеңіп, ақырында қалған бір тілім нанды екі балаға бөліп берді де, жолға әзірленді ол.
Шығысңа қарай шұбыра ағылып бара жатқан жұрт. Біреулер бозғыл шаңды бұрқылдатып жолмен, кейбіреулер жол бойына жарыса шыққан ағаш ара- сымен, енді біреулер ашық даламен тартқан. Бәрі де арттарына, батыс жаққа, аспанға жалтақ-жалтақ кек- тене қарайды, ызалана ңарайды. Үлкеннің де, кішінің де жүзінде жанкештіліктің, ызаның, ашу-толқынның, жалындаған кектің таңбасы бар.
Анна Ивановна арт жағына бұрылып ңараса, шұ- бырынды ңалың босқындар әр жерге топтанып-топта- нып тұр екен. Бір кезде бірнеше жерден автоматтардан дыр-дыр етіп оқ атылды. Жұрт әр жаққа тырым-тыра- ғай қаша женелді. Автомат даусын естігенде, Серік пен Борис құлаңтарын тіге ңалды да, зәрелері ұшып кетті. Ңарусыз халық кез келген жаңқа жан ұшыра ойысып барады.
Оқ тигендері құлап та жатыр. Босып келе жатқан бейбіт адамдарға жан-жақтан оқ борап кетті. Анна Ивановна екі баланы екі ңолымен ұстай алды да, оң жақ өкпе тұстағы тоғайға қарай жүгірді.
— Мама, оң атқан кімдер? — деп сұрады артына бұрыла қарап келе жатқан Борис.
Достарыңызбен бөлісу: |