Көп кешіккен жоқ, жау самолеттерінің гуілі тағы өрши бастады. Эшелон жай жылжып келді де, бір жер- ге тоқтады. Жоғарыдан естілген самолет моторларының маза- сыз гуілі қара жерді қақ жаратындай боп қаһарлы үн- ге басты. Бір кезде әр жерден жарылған бомбаның гүр- сілі естіліп, оган қоса самолеттерден пулемет оғы жауды. Ышқынып түскен бомбаның, ысқырып өткен оқтың зәрелі даусы ғана естіледі. Эшелон жауған оқ, түскен бомбаның астында қалды. Серік көзін шарт жұмып, мамасының бауырына тығыла түсті. Далада жер төңкеріліп жатқандай, ұлардай шула- ған үрейлі дауыс. Самолет моторларының гуілі басылу орнына, барған сайын үдей гулейді. Вагондағы жұрт түп-түгел үрейлі. Бір кезде бірнеше бомба жақын бір жерден жарыл- ды да, вагондарды дірілдете-солқылдатып, шайқап-тол- қытып жіберді. Сол-аң екен, сырттан: — Вагоннан тез шығыңдар, эшелон өртенді. Тәз шығыңдар!— деген бір еркек адамның ащы даусы саңқылдай естілді. Соны күткендей боп әзір тұрған адамдар вагонның есігін жабылып ашып жіберіп, бірлеп-екілеп қарғи бас- тады. Жамал да Серіктің қолынан жетектеп вагоннан жерге түссе, алдыңғы бірнеше вагон жанып жатыр екен. Жұрттың бәрі өкпе тұстағы шағын тоғайға қарай тырым-тырағай боп жүгіріп кетіп барады. Жамал Се- рікті сүирелей-мүйрелей отырып, вагоннан жүз метр- дей ұзағанша, жау самолеттері эшелонды тағы да бомбалай бастады. Бірнеше бомба бірінен соң бірі эше- лонның ұзын бойына қуалай түсті де, вагондардың астын-үстіне шығарды. Жұрт азан-қазан. Маңай лау- лаған өрт. Будақтаған ңою ңара түтін мен қып-қызыл жалынға оранып эшелон жанып жатты. Тылға тартып бара жатңан эшелонды әбден басы- нып алған жау самолеттері сол төңірекке қайта ора-
лып, ңарусыз ана, дәрменсіз балаларға енді тіпті жа- қыннан шүйіліп келіп, пулеметтен оқты бұрқата жау- дырды. Жан ұшыра жүгірген жұрт әр жерге бір бас сауғалап, зытып барады. Жау тіпті көзіне көрінген әрбір адамды оқтың астына алган болатын-ды. Жамалда ес жоқ. Екі өкпесін қолына алып, сүріне- қабына жүгіріп келе жатыр еді, бір самолет төмендей түсіп, оған оқты боратып жіберді. Ол баласын құшақ- таған күйі бір шұқырға етпетінен құлап түсті де: