Лицензиялау туралы



бет3/3
Дата17.07.2016
өлшемі226 Kb.
#206326
1   2   3

                лицензиялау

      Қызметтiң мына түрлерiмен айналысу үшiн лицензияның болуы талап етiледi:


      1) тауар биржаларының қызметi;
      2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметi.
      Ескерту. 3-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды) Заңымен.

4-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫ САЛАСЫНДАҒЫ
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

      38-бап. Жалпы ережелер

      1. Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен бекiтiлген, үшiншi елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберiнде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бiрыңғай тiзбесi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi.
      Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшiн осы шектеулер енгiзiлген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлiнше шектеушiлiк немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиiс.
      2. Сыртқы экономикалық қызметтiң Бiрыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгiзiлген әрбiр тауарға лицензия берiледi.
      Лицензиар мынадай лицензия түрлерiн бередi:
      бiржолғы;
      бас;
      ерекше.
      Лицензиар бас және ерекше лицензиялар берудi Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
      3. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiн уәкiлеттi органға есеп беруге мiндеттi.
      Бiржолғы лицензиялардың иелерi лицензияның қолданыс мерзiмi өтiсiмен күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге мiндеттi.
      4. Бiржолғы лицензияның қолданыс кезеңi оның қолданыла бастаған күнiнен бастап бiр жылдан аспауға тиiс. Бiржолғы лицензияның қолданыс мерзiмi сыртқы сауда шартының (келiсiмшартының) қолданыс мерзiмiмен немесе лицензия беруге негiз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзiмiмен шектелуi мүмкiн.
      Сан жағынан шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн лицензияның қолданыс кезеңi квота белгiленген күнтiзбелiк жылда аяқталады.
      Егер Кеден одағы комиссиясының шешiмiнде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзiмi ол қолданыла бастаған күннен бастап бiр жылдан аспауға тиiс, ал сан жағынан шектеулер енгiзiлген тауарлар үшiн квота белгiленген күнтiзбелiк жылда аяқталады.
      Ерекше лицензияның қолданыс мерзiмi әрбiр нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
      Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      39-бап. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау

      Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      40-бап. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялау

      Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде


               лицензиялау

      Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiнде өтiнiш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн импорттаушы елдiң заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтiнiш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленедi. Лицензия алуға өтiнiштi тауарлар кедендiк тазартылғанға дейiн кез келген жұмыс күнiнде беруге болады. Лицензия алуға өтiнiш пен қажеттi құжаттар тиiстi әрi толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күнi iшiнде берiледi.


      Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ
БЕРУДIҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТIБI

      42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны


               беру шарттары

      1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергiлiктi атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.


      2. Лицензияны және лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) өтiнiш;
      2) заңды тұлға үшiн – жарғының (экспорт және импорт операцияларын қоспағанда) және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқалары берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмелерi;
      3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
      5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
      6) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
      7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
      Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлей алады.
      3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) өтiнiш;
      2) лицензияның (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
      3) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
      4. Лицензиар өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактiлерi анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан жазбаша дәлелдi түрде бас тартады.
      5. Өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi мәнiне мемлекеттiк органдардың келiсiмдерiн алу үшiн лицензиар өтiнiш берушiнiң лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын орны бойынша тиiстi мемлекеттiк органдарға сауал жiбередi.
      Мемлекеттiк органдар лицензиар сауалының негiзiнде он жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы тиiстi лицензиарға жауап жiбередi.
      Мемлекеттiк органдар осы Заңда белгiленген мерзiмде жауап жiбермеген жағдайда лицензия беру келiсiлдi деп саналады.
      6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Ойын бизнесi саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудiң шарттары мен тәртiбi «Ойын бизнесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      Үлескерлердiң ақшасын тарту есебiнен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудiң ерекше талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
      7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).
      Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру


               туралы өтiнiштердi қарау мерзiмдерi

      1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтегi лицензиарларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгiленген тиiстi құжаттармен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.


      Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.
      2. Егер лицензиар осы Заңда белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелдi түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзiмдерi өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы берiлдi деп есептеледi.
      Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзiмдерi өткен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушiге тиiстi лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге мiндеттi.
      Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы алынды деп есептеледi, ал лицензияның өзi алынғанға дейiн лицензиардың құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгi соғылған тiзiмдеменiң көшiрмесi лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың заңды екенiн растайтын құжат болып табылады.
      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      44-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы


               үшiн төленетiн лицензиялық алым

      Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берiлген (қайта ресiмделген) кезде алынады.


      Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексiмен белгiленедi.
      Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
       Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.11.16 N 200-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны


               беруден бас тарту

      1. Егер:


      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салынған;
      2) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      3) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;
      4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;
      4-1) өтiнiш берушiге лицензия беру келiсушi мемлекеттiк органмен келiсiлмесе;
      5) өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтiң жекелеген түрiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған;
      6) сот орындаушысының ұсынуы негiзiнде сот өтiнiш берушiге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.
      Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшiн қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлей алады.
      2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшiн белгiленген мерзiмдерде өтiнiш берушiге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарады.
      Ескерту. 45-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны


               беруден бас тартуға шағымдану

      Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтiнiш берушiге дәлелсiз болып көрiнсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұл iс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.



6-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ ҚАЙТА
РЕСIМДЕУ, ОНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ
ТОҚТАТА ТҰРУ    

      47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның


               телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру

      1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.


      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын бередi.
      2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай жағдайларда:
      1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгергенде;
      2) дара кәсiпкердi қайта тiркеген, оның атауы мен мекен-жайы өзгерген кезде;
      3) заңды тұлғаны бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде;
      4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресiмдеуге жатады.
      Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың, осы тармақта белгiленген тәртiппен лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
      Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алым төлегенiн растайтын құжаттарды және лицензия мен лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшiрмелерiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
      Өтiнiшке осы тармақта көрсетiлген құжаттарды қоса ұсынбаған жағдайда лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады.
      Қызметтiң лицензияланатын түрiнен бiр немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiндегi бiр немесе одан да көп сынып алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензиясымен қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      Қызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс қызметтiң лицензияланатын түрi мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға отыз күнтiзбелiк күн iшiнде лицензияларды және лицензияның көшiрмесiн қайта ресiмдеу кезiнде қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттарға қоса, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      3. Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензиар лицензияны және лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) қайта ресiмдейдi.
      Лицензиат қайта ресiмделген лицензияны алған кезде бұрын берiлген лицензия мен лицензияға қосымшаны (болған жағдайда) лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
      Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның


               қолданылуын тоқтату

      1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:


      1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда;
      2) жүзеге асырылуына лицензия берiлген iс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
      3) лицензия алып қойылғанда;
      4) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
      5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
      6) лицензияланатындардың тiзбесiнен қызметтiң жекелеген түрi және (немесе) кiшi түрi алып тасталса;
      7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектiлер қатарынан алып тасталса;
      8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
      2. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
      Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.      

      49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру

      Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      49-1-бап. Лицензиялық бақылау

      1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бақылаудың өзге нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тарау 49-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      50-бап. Залалдарды өтеу

      Лицензия беруден негiзсiз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 50-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы


               заңнамасын бұзу

      Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.


      2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 92-құжат; N 16, 97, 102-құжаттар) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет