«лингвомәдениеттану» курсы бойынша дәрістердің ҚЫСҚаша мазмұНЫ



бет26/27
Дата02.01.2022
өлшемі498 Kb.
#452238
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
«лингвом дениеттану» курсы бойынша д рістерді ЫС аша мазм НЫ

қыш құмыра метафора ретінде өзіне-өзі тең, сәйкес метафора. Тілдің түпкі мәнінің ашылуы тілдердің түбінің бірлігін анықтайды, соны мүмкін етеді.

“Ақиқат” сөзі В. Беньяминнің “Аудармашы міндетінде” [178] бірнеше рет қолданылады. Бірақ оған жармасуға асығудың қажеті жоқ. Аударманың өз моделіне, түпнұсқасына ұқсауының аударма ақиқаттығы туралы айтары шамалы.

Аударма – белгілі бір мағынада уәде деуге келетін дүние. Уәде – құдай аты. Уәде – қашанда рәміздік мағыналы әрекет. Ол уәде бойынша аудармашы екі тілді әуел бастағы синкретті біртұтастықтың қос бөлігі ретінде жанастырады, қатынастырады. Сөйтіп барып, ақиқат тіліне жол ашады. Татуласуды уәде ете алатын, ол туралы айта алатын, оны тілейтін немесе оны тілеуге мәжбүр ете алатын аударма – сирек те мәнді жағдай.

Аударма деп атайтынымыздың өзі, шындығында, түпнұсқа сынды бірегей жасалатын шығарма. Осы тұста аударманы түпнұсқадағы ақпаратты құр хабарлаудан биік дүниеге, яғни шығармашылыққа айналдыру жасырынып тұр. Осы эпизодтың риторикасын қарастырайық. “Дән” мен одан өсіп шыққан “жеміс” – екеуі де бір ғана нәрсені білдіреді деп айтуға толық сенімді емеспіз.

Осының барлығы ақиқатпен байланысты. Ол түпнұсқа мен аударма арасындағы көрінбейтін хабарлама, тіпті түпнұсқа мен аударманың қандай да бір объектіге немесе мәнге алғашқы адекваттылығы да одан тысқары жатыр. Ақиқаттың өзі мағына мен әріптер бір бірінен ажыраспайтын бастапқы таза тіл деп ұғыну керек.

В. Беньяминнің “ақиқат тілі” туралы айтқандағы интенционалды мағынасын дұрыс аудару үшін оның үнемі “интенционалды мағына” туралы немесе “интенционалды нысана” туралы пікірін түсіну қажет. Бұл категориялар Брентано мен Гуссерльдің схоластикасынан алынған. Олар “Аудармашы міндетінде” маңызды, өте айқын рөл атқарады.

"Ақиқат тілі" концепциясы нысананың қай жерін көздейді? Аудармадағы тілдер туыстығы өзін кез-келген тарихи байланысқа тәуелсіз түпнұсқа мен оның қайталануы арасындағы кез-келген ұқсастықтың арғы, жасырын жағын да көрсететіндігі туралы айтылған жерге қайта оралайық. Туыстық міндетті түрде ұқсастыққа алып келмейді. Бұл туралы айтқанда, В. Беньямин де, Ж.Ж. Руссо, Э. Гуссерль сияқты, тіл бастауы мәселесін қарастыруды назарынан тыс қалдырмайды.



Қай тіл болмасын өзінің жалғызіліктігінде атрофияға ұшырайды, семіп қалады деп айтуға болады. Аударманың арқасында, басқаша айтқанда – бір тіл екіншісіне үйлесімді түрде жетпейтін нәрсесін беретін

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет