Логика – ойларымызды белгілі бір ретпен – мұқият және батыл түзуі­мізге көмектесетін ережелерге қатысты ғылым. Логика ғылымы ойлау ережелерін қашан және қалай қолдануымыз қажеттігін анықтайды. Метафизика



бет2/9
Дата22.10.2022
өлшемі33.16 Kb.
#463216
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін»

Саяси философия – этиканың бір саласы. Ол біздің қауымдаса өмір сүруімізді зерттейді. Саяси философия басқару формаларын байыптайды және кімнің заң шығаруға құқы бар, мұндай құқық қайдан шықты деген сипаттағы сұрақтарға жауап іздейді. Жалпы міндеттер, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің міндеттері қандай? Азаматтардыңқұқықтары қандай? Құқықтар мен міндеттердің өзара байланысы қалай көрінеді? Кім басқаларға билік жүргізе алады? Қандай жағдайларда билік өкілеттігін қолдануға болады?
Эстетика – өнерге және әдемілікке, сонымен қатар адамның осы ұғымдар жайлы түсінігіне байланысты ілім.
Бұлар – философияның негізгі бөлімдері. Философияның мұнан да басқа бөлімдері бар. Солардың бірі – ғылым философиясы. Көптеген теориялық және техникалық ғылымдар да бір кездері философияның бөлігі саналды, бірақ уақыт өте толығымен тәуелсіз салаға айналды. Осы қатарға психологияны, математика мен лингвистиканы да қоса кеткен дұрыс.
Философтар айналысатын түрлі мәселелерге көбірек тоқталып отыр­ғанымызды байқаған шығарсыз. Әрине, берілген жауаптардың көбіне философтардың бәрі бірдей келіспеуі мүмкін. Тіпті олар қандай сұрақтарға басымдық беру керегі жөнінде де бір келісімге келе қоймайды. Философияның бізді баурай түсуінің бір себебі де осы – онда: «Дәл солай! Сұраққа бұлжымас жауап таптық!» деген бір көз­қарасқа келу мүмкіндігі тіпті жоқ. Ендеше мазасыз­данудың қажеті бар ма? Иә, бар. Философтар мұнымен толық келіседі. Бірақ философия не нәрсеге мазасыздануға, ой жүгіртуге тиіс? Түрлі ойшылдар бұл сұраққа әртүрлі жауап береді. Сондықтан сіз бұл сұрақты оқып, танысу кезінде жауап жұптауға тиіссіз. Мұнда мен тек екі себепті атап көрсетемін: өмірдің барлық саласында біз ұсынған ұсыныстар әрқашан сыни тұрғыда қарастырылуы керек. Одан бөлек, біз басқаша ойлануға дайын болуымыз қажет.
Методология туралы бірер сөз. Философтар жүйесіз және орынсыз әрекетке бармайды. Олар: «Сізбен келіспейтінімді сезіп тұрмын және келісе салайын деген ниетім де жоқ. Сіз де бұған ештеңе істей алмайсыз. Міне, осылай!» – деп ешқашан айтпайды. Философия –айқын және парасатты ғылым. Философия мәселе туралы терең толғанудан, сол мәселені жан-жақты қарастырудан, мұқият бағалай отырып сынау­дан тұрады. Бұл жағдайда сынға теріс қарамау керек: сын – ой-пікірді таразылауға көмектеседі және қисынды қорытындыларға жетелейді. Бұл жерде ең бастысы – ақыл-ой, өйткені біз адам көңілінің құбылуы туралы емес, логика жайында айтып отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет