Логика – ойларымызды белгілі бір ретпен – мұқият және батыл түзуі­мізге көмектесетін ережелерге қатысты ғылым. Логика ғылымы ойлау ережелерін қашан және қалай қолдануымыз қажеттігін анықтайды. Метафизика



бет3/9
Дата22.10.2022
өлшемі33.16 Kb.
#463216
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дерек Джонстонның «Философияның қысқаша тарихы. Сократтан Дерридаға дейін»

1. Сократ пен Платон: от пен күн
Платон – өз еңбектерінде қазіргі заманғы тоталитарлық мемлекеттің теориялық негіздемесін тұжырымдаған және ер балалардың дәстүрлі мектеп-интернаттарының орындылығын алғаш болып дәйектеген философ. (Осының барлығын б.з.д. төртінші ғасырда айтып кеткен.) Шын мәнінде, ол бұдан да көп іс тындырды: мәселен, таным теориясын бірінші болып ұсынды. Платон мен оның ұстазы Сократ – адамгершілік мәселелерін шешу үшін ақыл-ойды қолдануды алдымен айтқан адамдар.
Ежелгі Грекия
Философия әлеміне саяхатқа аттанбас бұрын ежелгі Грекияға, үш ұлы философ өмір сүрген дәуірге көз жіберіп көрейік. Бұл – биік тау­лар қоршаған, құнарлы жазирасы да бар, аумағы шағын, табиғаты қатал аймақ еді. Бұл жерлерді тәуелсіз, ержүрек және денсаулығы мығым адамдар мекендеді. Саяхаттың ең қарапайым тәсілі – теңіз жолы еді. Қалалар бір-біріне өте жақын орналасқанымен, араларын күрделі рельефтер бөліп тұрды. Гректер көкөніс пен жемістің бірнеше түрін ғана өсірді. Балық қоры солтүстік аймақтардағыдай мол болған жоқ. Ешкі еті негізгі тағам ретінде көп пайдаланылды. Барлық жерде зәйтүн ағаштары жайқалып өсіп тұратын, зәйтүн майы, шарап мол болды. Ауа райы ыстық, жазы өте құрғақ, ылғалы аз еді. Аптап ыстық адамды қалжырататын. Осындай аймақты «мықты, іскер, алғыр және зерек» деп сипатталған адамдар мекендеді.
Ежелгі Грекия қазіргі мемлекеттердей біртұтас болған жоқ. Әр қала тәуелсіз құрылым еді. Афина қаласы шамамен 240 000 адам мекендеген мемлекет болды. Тұрғындарының басым бөлігі құлдар еді. Қаланы тәуелсіз азаматтардың халықтық жиналысы басқарды. Афина сәулет өнерімен, музыкасымен, әдебиетімен және философиясымен танылды. Ал Спарта мүлде басқа ел еді, ол қатаң әскери мемлекет болатын. Мұнда сәбилерді ата-ана құшағынан алып кетіп, әскери ортада тәрбиеледі. Спарта әдебиетті, сәулет өнерін немесе өнердің басқа да түрлерін бағалаған жоқ. Экономикасы құлдар еңбегін пайдалануға негізделді. Ал барша ер-азамат тек әскери істі ғана меңгерді.
Сократ
Біз ұлы ойшылдардың бірі Платон туралы баяндағанда, оның досы және ұстазы Сократты айтпай кете алмаймыз. Сократ философияның бастауында тұрған жанның бірі болды. Оны философия үшін зардап шеккен ең алғашқы адам деуге де болады. Ақиқат жолындағы табандылығы мен адалдығы Сократты өлімге душар етті. Сократ «Афина жастарын азғындатты, қаланың құдайларына құлшылық етпей, жаңа құдайларға табынуға шақырды» деп айыпталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет