ҚЎлпыбаев с



бет67/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Мәслихаттың тексеру комиссиясы Есеп комитетінің функцияларына ұқсас, бірақ тиісті жергілікті деңгейге қатысты функ-цияларды орындайды.
Мемлекеттік бақылауды өздерінің өкілеттік шектерінде Қаржы министрлігінің заңи тұлға құқығындағы Қазынашылық комитеті де орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады. Бюджеттік тәртіптің негізгі міндеттерінің орындалуы және оны нығайту мақсаттарында министрліктерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде Үкіметтің қаржылық ресурстарын есепке алумен, аударумен және пайдаланумен байланысты ақшалай құжаттарды тексерулерді жүргізуге Қазынашылық органдардың құқығы бар.
Қаржы министрлігінің Салық комитеті, оның аумақтық органдары есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстарын бақылауды Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен облыстардағы, қалаларағы, аудандардағы жергілікті салық комитеттері жүзеге асырады. Салық органдарының экономикалық санкцияларды – бағалар тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар қолдануға құқығы бар. Айыппұлдар көп дүркіндік болып өседі және рыноктық бағаларды реттеу механизмі негіздерінің бірі бола бастайды. Бұзушылықтарда алынған табыстар, меншік нысанына қарамастан, даусыз тәртіппен бюджетке есептеледі. Заңмен шарттастасылған мөлшерде бұзушыдан айыппұл өндіріп алынады. Кәнігі (қасақана) бұзушылықтар жағдайында материалдар тергеу органдарына беріледі.
Экономика мен қаржылық қызмет сферасында қаржылық тәртіпті сақтауға Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмыстылықпен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) де қатысады. Ол заңмен белгіленген өкілеттіктер шегінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржылық қызмет сферасында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады.
Агенттік (қаржы полициясы) органдарының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету;
салықтарды төлеуден жалтарынуға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;
экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
агенттік (қаржы полициясы) органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Агенттіктің (қаржы полициясының) аумақтық және мамандандырылған органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржылық қызмет сферасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкілетті орган болып табылады.
Өздерінің өкілеттігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды, олар негізінен бюджеттерді, олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту үдерісінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Ішкі бақылау службасы орталық мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады және ұйымдық және функциялық жағынан мемлкеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелеріне тәуелді емес.
Ішкі бақылау службасы – орталық мемлекеттік органның бөлімшесі, ол өзінің құзыры шегінде мемлекеттік органның, оның республикалық және жергілікті бюджеттер аумақтық бөлімшелері мен ведомствоға бағынышты ұйымдарының атқаруын, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен, олардың қарамағында қалатын ақшаларды пайдалануды бақылауды жүзеге асырады.
Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау службалары Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Жергілікті деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау службалары Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Ішкі бақылау службасы: мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныштағы ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізеді, мемлекеттік органның бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсыныстар береді; мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады; мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерді бағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік органның есепке алу мен есептемені жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік органның басшысы анықтайтын өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ішкі бақылауды ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және ішкі бақылау службалары – Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті жүзеге асырады. Оған мемлекеттің қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөнінде кең өкілеттіктер берілген. Комитет Басқармасы министрліктерге, ведомостволарға, басқарудың басқа органдарына, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс кәсіпорындары мен ұйымдарына, өнеркәсіптің мемлекеттік кәсіпорындарына, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, дайындаушы ұйымдарға, білім беру жүйесіне, ғылымға, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға, мәдениетке, бұқаралық ақпарат құралдарына тексерістер жүргізеді.
Облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында мемлекеттік бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануға, қарыз алушылардың үкіметтік қарыздар мен Үкімет кепілдендірген қарыздарды, бюджеттік кредиттерді мақсатты пайдалануына және қайтаруына бақылау жасау жөнінде бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын облыс және қала бойынша Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Басқармалары жұмыс істейді. Олар бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер шығыстарын қаржыландырудың дара жоспарларын жасау мен бекітудің, мемлекеттік тапсырыстың орындалуына жұмсалатын қаражаттардың дұрыстығын, тиісті бюджеттерге мемлекеттік кәсіпорындардың табыс үлесі аударымдарының толықтығы мен деркездігін бақылайды.
Салық және қаржы органдары өзінің негізгі жұмысын орындаумен, мемлекеттің (өңірдің) кірістері мен шығыстарын басқарумен қатар бақылауды жүзеге асырады. Сондықтан қаржы басқармалары (бөлімдері, инспекциялары) үшін бақылау ілеспе міндет болып табылады, яғни ол атқарушы-өкімгерлік қызметпен қатар жүргізіледі. Қаржы министірлігі мен оның жер-жерлердегі органдарына республиканың және биліктің жергілікті органдарының бюджеттік құқықтары туралы заңын сақтауға, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қаржылық тәртіпті сақтауға, олардың бюджеттік және меншікті қаражаттарды дұрыс және заңды жұмсалуына бақылау жасау жүктелінген. Бұл органдар бюджеттік мекемелердің қаржылық қызметіне және белгіленген тәртіпте шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылықтық қызметіне тексерістер мен тексерулер жүргізеді.
Қаржы органдары жүргізетін бақылау барлық нысанда жүзеге асырылады және алдын ала және ағымдағы бақылау оның айрықша нысаны болып табылады. Бақылаудың негізгі әдістері тексерулер және есептемені шоттық тексеру. Салалық басқармалардың (бөлімдердің) мамандары тексерістік бригадалар құрамында тартылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет