ҚЎлпыбаев с



бет68/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Қаржылық бақылаудың объективті қажеттігі неде?
2. Қаржылық бақылауды жүзеге асырудың қағидаттарын және негізгі міндеттерін атап шығыңдар.
3. Қазіргі кездегі қаржылық бақылаудың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Аудиторлық қаржылық бақылау (қаржылық аудит) дегеніміз не және оның мемлекеттік қаржылық бақылаудан қандай айырмашылықтары бар?
5. Қаржылық бақылау қандай әдістермен жүзеге асырылады?
6. Қазақстан Республикасында қаржылық бақылау қалай ұйымдастырылған?



П БӨЛІМ. ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ



7-тарау. Шаруашылық жүргізуші субъектілер
қаржысының жұмыс істеу негіздері


7.1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер
қаржысының мазмұны


Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды.
«Шаруашылық жүргізуші субъектілер» жиынтық ұғымы соңғы кезде шаруашылықтық қызметке заңи тұлғаларды ғана емес, сонымен бірге шағын бизнесті, отбасылық кәсіпкерлікті дамытумен айналысатын жеке тұлғаларды да (заңи тұлға құрмай) тарумен байланысты қолданылады.
«Шаруашылық жүргізуші субъектілер» термині*3 бұдан басқа меншіктің бар­лық ұйымдық-құқықтық нысандары мен қызмет түрлеріне таралады. Қаржылық қатынастар мен қаржы жүйесінің жұмыс істеуі тұрғысынан қарағанда ұғым ішінара ресурстардың едәуір бөлігін иеленушілер ретіндегі және өндірістің негізгі факторларының – жұмыс күшінің бірі ретіндегі «үй шаруашылықтарының» (халықтың) қаржысын кіріктіреді. Қорыта айтқанда шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл – экономикалық агенттер, экономикалық бірлестіктер (ұлттық шоттар жүйесінде – институционалдық бірліктер), олар өзінің атынан актив­терге қожалық ете алады, міндеттемелер қабылдай алады, талаптар қояды, басқа бірліктермен экономикалық қызмет пен операцияларды жүзеге асырады. Алайда ұйымдық-құқықтық көзқарас тұрғысынан алғанда басты орынды жүйелі ұйымдастырылған субъектілер – кәсіпорындар мен ұйымдар: фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылықтары, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары алады. Бұрын таралған «зауыт», «фәбрик», «кәсіпорын» (салалар бойынша) атаулары сиректеу қолданылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің едәуір бөлігі – қоғам тіршілігін қамтамасыз ету көзі – материалдық қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында айналысатындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің аса ­маңызды буыны ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргі­зуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материалдық, еңбек және қаржы­лық ресурстардың көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз етеді. Өзінің материалдық тұлғалануыңда – бұл әрбір нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде жасалатын және өндірісті дамыту мен оның жұмыскерлерінің әлеуметтік мұқтаждарына пайдаланылатын әр түрлі арналымның оқшауланған ақшалай қорлары. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысы өндірістің барлық стадияларымен және өндірілген өнімді өткізумен етене байланысты, бұл олардың өндіріс тиімділігін қамтамасыз ете отырып, осы үдерістерге шынайы әсер етуіне жағдайлар жасайды. Экономиканың дағдарысты жағдайлары мұндай мүмкіндіктерді қатаң шектейді немесе оларды пайдалануды қиындатады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, тұтас алғанда мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақшалай қатынастардың өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты. Тауар-ақшалай қатынастар еңбектің қоғамдық бөлінісімен, меншіктің түрлі нысандарымен алдын ала анықталған. Жекелеген тауар өндірушілер мен қызмет өндірушілер өз еңбегінің нәтижелерін, өнімдерін, қызметтерін тауардың құнын бейнелеп көрсететін бағалар бойынша ақшаға сатып алу-сату жолымен айырбастайды. Жиынтығында бұл қатынастар тауар-ақшалай қатынастар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет