Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық



бет2/9
Дата17.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. ҰТО функциясы





  1. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:

1) ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде ҰБТӨП жетекшісі мен инженерлерін оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

2) «ҰБТӨП базасы» ДБ-сын қалыптастыру үшін ҰБТӨП жетекшісі мен инженерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;



  1. «ҰБТӨП базасы» АЖО-сын бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;

4) телекоммуникациялық желі арқылы «ҰБТӨП базасы» деректерін жинау.

  1. «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру кезеңінде:

1) «Бітіруші» ДБ қалыптастыру үшін ҰБТӨП-терді келесі құжаттармен қамтамасыз ету:

өтініш бланкілері;

орта мектептер, кәсіптік мектептер (лицейлер) және колледждер, ұлттар, азаматтық, облыстар мен аудандар анықтамалықтары (бұдан әрі – ақпараттық анықтамалық);

емтихан материалдарымен жұмыс істеу, апелляцияға өтініштер беру және қарау барысы туралы бітіруші мен ата-аналарға арналған жадынамаларды (бұдан әрі - жадынамалар);



  1. «Бітіруші» АЖО-сын әзірлеу, оны орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;

  2. ҰБТӨП-те өтініштер бланкілерін сканерлеу процесін бақылау;

  3. ҰБТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы күнделікті статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру;

  4. «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастыру;

  5. бітірушілерді аудитория бойынша бөлуді ұйымдастыру;

  6. ҰБТ-ға қатысатын бітірушілердің саны туралы қорытынды статистикалық деректерді жинау және қалыптастыру.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңінде:

    1. Министрлік өкілдері мен программистерінің, апелляциялық комиссия төрағаларының ДБ жасау;

    2. Министрлікпен бірлесе отырып, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссия төрағаларын оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

    3. емтихан материалдарын дайындап, ҰБТӨП-ке жіберу;

    4. Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссияның төрағаларын нормативтік құқықтық актілермен, сертификаттармен және «Министрлік программисі», «Сканерді тексеру», «Сертификат» АЖО-ларының бағдарламаларымен қамтамасыз ету;

    5. Министрлік өкілдері мен программистерін, апелляциялық комиссияның төрағаларын ҰБТӨП-ке жіберу.

  1. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

  1. ҰБТ-ның өтуін бақылау;

  2. нұсқалар файлы мен дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жіберу;

  3. дұрыс жауаптар кодын ашуға арналған парольдарды беру;

  1. телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алмағандағы статистикалық деректерді жинау.

  1. Апелляция өткізу кезеңінде:

  1. Республикалық апелляциялық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) жұмысы үшін жағдай жасау;

  2. телекоммуникациялық желі арқылы апелляциялық комиссиялардан республикалық комиссияға өтініштерді қабылдау;

  3. телекоммуникациялық желі арқылы республикалық комиссияның шешімдерін ҰБТӨП-ке жіберу;

  4. телекоммуникациялық желі арқылы апелляцияны есепке алғандағы статистикалық деректерді жинау.

  1. Сертификаттарды басып шығару және беру кезеңінде:

1) «Сертификат» АЖО-сы бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

2) телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-тен қорытынды файлды алу.



  1. ҰБТ қорытындысы бойынша Министрлік өкілдерінің есептерін жинап, талдау жасау.



4. Мемлекеттік комиссияның функциялары





  1. Мемлекеттік комиссия жұмысын Ереженің 10 тармағына сәйкес ұйымдастырады.

  2. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

    1. санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, аудиторияларды тестілеу өткізуге дайындау және дұрыс нөмірлеу мен отырғызу орындарының сәйкестігі, әрбір аудитория қабырға сағаттары, тақта, бормен қамтамасыз етіледі;

    2. тестілеу кезеңінде ата-аналар үшін күтуге арналған орындар дайындау;

    3. бітірушілерді тестілеуге кіргізуді ұйымдастыру;

    4. тестілеуге кіргізу кезінде металліздегіштерді пайдалануды ұйымдастыру.

  1. Тестілеу өткізу кезеңінде:

  1. Министрлік өкілдері емтихан материалдары салынған қаптарды ашқан кезде қатысу;

  2. тестілеуге кіргізу кезеңінде бітірушілерді аудиторияларға дейін жеткізуді ұйымдастыру;

  3. тестілеу нәтижелерін өңдеуге қатысу.

  1. Апелляция өткізу кезеңі бітірушілер мен ата-аналар үшін апелляция өткізу кезеңіне жағдай жасауды қамтамасыз етуді қарастырады.


5. ҰБТӨП жетекшісінің функциялары





  1. ҰБТӨП базасын қалыптастыру кезеңінде:

    1. ҰБТӨП-тің техникалық жабдықтарының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

    2. ҰБТӨП базасын құру жөніндегі жұмыстарға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;

    3. ҰБТӨП базасын қалыптастыру жөніндегі ақпараттарды енгізуді бақылау;

    4. жергілікті білім басқармасының ұйымдарымен немесе базасында ҰБТӨП орналасқан жоғары оқу орнының басшысымен, БСБК және ҰТО-мен аудиториялық қорды, тестілеуді өткізу кестесін жоспарлау және келісу;

    5. «ҰБТӨП базасы» деректерін ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.

  1. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру кезеңінде:

  1. «Бітіруші» базасын қалыптастыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;

  2. жергілікті білім беру органынан техникалық хатшылардың бекітілген тізімін алу;

  3. техникалық хатшыларды оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

  4. техникалық хатшыларды нормативтік құқықтық актілермен, ақпараттық анықтамалықтармен, өтініш бланкілерімен және тіркеу журналдарымен, жадынамалармен қамтамасыз ету;

  5. ақпараттық тақталарды дайындау;

  6. өтініш бланкілерін сканерлеуді және бітірушілердің мәліметтерінде қате табылған жағдайда базаға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;

  7. техникалық хатшыға тіркеу туралы анықтамаларды және рұқсаттамаларды беруді ұйымдастыру;

  8. «Бітіруші» ДБ жабуды ұйымдастыру;

  9. бітірушілерді аудитория бойынша бөлуді ұйымдастыру.

  1. Тестілеуді өткізуге дайындық кезеңінде:

  1. әрбір лекке сәйкес аудиториялар бойынша папкалар дайындау. Папкалар бітірушілерді аудиториялар бойынша кіргізуді ұйымдастыруда қолданылады. Папкада: осы аудиторияға бөлінген бітірушілердің осы нұсқаулықтың 2,7 қосымшаларына сәйкес рұқсаттама түбіртектері мен аудиториялық тізімі болады;

  2. Мемлекеттік комиссиямен бірлесе отырып, аудиторияларды тестілеуге дайындау. Әрбір аудитория аудиториялық қор бойынша осы нұсқаулықтың 8 қосымшасына сәйкес нөмірленеді (01,02,03, …..). Дәліздерде аудиторияға бағыттау белгілері қойылады. Аудиториядағы отырғызу орындары аудиториялық қорда көрсетілген схема бойынша осы нұсқаулықтың 9 қосымшасына сәйкес нөмірленеді;

  3. осы нұсқаулықтың 10 қосымшасына сәйкес мектеп бітірушілердің деректеріне өзгерістер енгізу журналын Министрлік программисіне беру.

  1. Тестілеуді өткізу кезеңінде:

  1. бітірушілерді жинап және аудиторияларға бөліп кіргізуге арналған сыртқы есіктің алдындағы тәртіпті қадағалау және бақылау;

  2. бітірушілерді аудиторияларға кіргізуді ұйымдастыру;

  3. статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.

  1. Сертификатты басып шығару және беру кезеңінде:

1) сертификаттарды басуды ұйымдастыру;

2) сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізілімін Министрлік өкілінен Ереженің 6 қосымшасына, осы нұсқаулықтың 11 қосымшасына сәйкес акт бойынша қабылдау;

3) сертификаттарды және сертификаттарды тарату тізілімін осы нұсқаулықтың 12 қосымшасына сәйкес техникалық хатшыларға беру;

4) мектептің техникалық хатшысынан бітірушілердің қолдары қойылған сертификаттарды тарату тізілімін қабылдау.



  1. Тестілеуді өткізу туралы есеп беру кезеңінде:

1) Министрлік өкілімен бірге акт жасай отырып ҰБТ кезінде пайдаланылған сұрақ-кітапшаларды жоюды ұйымдастыру. Акттың түпнұсқасын ҰТО-ға Министрлік өкілінен беріп жібереді;

2) ҰБТ-ны ұйымдастыру мен өткізу жөнінде атқарылған жұмыстары бойынша телекоммуникациялық желі арқылы және қағаздағы нұсқасымен ҰТО-ға есеп беру.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет