Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық



бет6/9
Дата17.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

14. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру





  1. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:

  1. «Бітіруші» АЖО-сы ҰБТӨП-те орнатылады және ҰБТӨП спецификасы бойынша іске асырылады;

  2. мектеп әкімшілігі мектептің техникалық хатшысын тағайындайды. Техникалық хатшылардың тізімі жергілікті білім беру ұйымымен бекітіледі және «Бітіруші» АЖО-сына енгізіледі;

  3. ҰБТӨП жетекшісі жергілікті білім басқармасымен бірлесе отырып, техникалық хатшыны ҰБТ технологиясы мен Ереже бойынша дайындайды;

  4. ҰБТӨП жетекшісі техникалық хатшыға нормативтік құқықтық актілерді, ақпараттық анықтамалықтарды және бітірушілердің санына қарай өтініш бланкілері мен өтініштерді тіркеу журналын, жадынамаларды береді;

  5. мектепте өтініш бланкілерін толтыру және бітірушілерді тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі;

  6. техникалық хатшы толтырылған өтініш бланкілерін және бітірушілерді тіркеу журналын ҰБТӨП-ке жеткізеді;

  7. ҰБТӨП-те бітірушілер туралы деректерді «Бітіруші» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері арнайы сканер арқылы (бұдан әрі - сканер) өткізіледі. Өтініш бланкілері техникалық хатшының қатысуымен мектептер бойынша сканерден өткізіледі;

  8. белгілі бір мектептің өтініш бланкілерін сканерден өткізу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға өтініш бланкілерін сканерден өткізу есебі және бітірушілерді тіркеу туралы анықтама мен анықтамаларды тарату тізілімі беріледі. Бітірушілерге анықтама мектепте беріледі;

  9. Ережеде белгіленген мерзімде ҰБТӨП-те техникалық хатшымен бірге ДБ-ны және тіркеу журналын жабу жүргізіледі;

  10. ДБ жабылғаннан кейін бітірушілердің саны жөнінде мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі;

  11. ҰТО-да аудиториялық қорға талданып, бітірушілерді бөлу үшін аудиториялар ашылады;

  12. ҰБТӨП-ке аудиторияны ашуға арналған файл жіберіледі. Осы жіберілген файлдың көмегімен ҰБТӨП-те бітірушілерді аудиторияларға бөлу автоматты түрде жүргізіледі;

  13. бітірушілерді аудиторияларға бөлу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға рұқсаттамалар және рұқсаттама түбіртектері беріледі. Мектепте рұқсаттама мен түбіртектерге фотосуреттер желімдеу және мектеп мөрін басу жұмысы жүргізіледі;

  14. лек бойынша аудиторияларға бөлінген бітірушілердің жалпы саны туралы мәліметтер ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберіледі;

  15. бітірушілерге рұқсаттамалар мектептерде таратылады, ал ресімделген түбіртектер ҰБТӨП жетекшісіне беріледі.



15. Өтініштерді қабылдау және тіркеу





  1. Бітірушілердің тестілеуге қатысу туралы өтініштері осы нұсқаулықтың 3 қосымшасына сәйкес тіркеу журналына тіркеледі. Өтініштерді тіркеу журналы бітірушілер санына сәйкес басылып шығарылады. Өтініштерді тіркеу журналы тігіледі және мектептің мөрі қойылады. Тіркеу журналының толтырылуына техникалық хатшы жауап береді.

  2. Тіркеу журналы 9 негізгі бағаннан тұрады. «Тестіленушінің жеке коды» (бұдан әрі - ТЖК) бағаны автоматты түрде арнайы бағдарламаның көмегімен толтырылады. «Аты-жөні» деп аталатын бағанға бітірушінің аты-жөні енгізілгенде оған автоматты түрде тиісті ТЖК беріледі. «ТЖК»-дан басқа бағандар қолмен толтырылады. Тіркеу журналының барлық бағандары толтырылғаннан кейін бітірушіге өтініш бланкісі беріледі. Өтініш бланкісі техникалық хатшының бақылауымен қарындашпен толтырылады. Техникалық хатшы мен бітірушінің өтініш бланкісіндегі қолдары қаламмен қойылады.

  3. Бітіруші техникалық хатшыға 2 дана 3х4 мөлшерлі фотосуреті мен жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін өткізеді.

  4. Өтініш бланкісінің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 секторларының мәліметтерін техникалық хатшы өз қолымен толтырады. Қалған секторларды бітіруші өз қолымен техникалық хатшының бақылауымен толтырады.



16. Өтініш бланкісін толтыру





  1. Өтініш бланкісі мынадай тәртіппен толтырылады:

  1. 1-сектордағы жоғарғы бос торкөздерге көлденең бағытта бітірушінің тегі баспа әріптерімен жазылады. Бітірушінің тегіндегі әрбір әріптің астындағы тор көздегі көрсетілген әріптерге сәйкес дөңгелекшелер боялады. 2, 3 секторлар да осы тәртіппен толтырылады. Егер, тестіленушінің деректерінде «ё» әрпі немесе «ъ» белгісі қолданылса, тиісінше «ё» әріпінің орнына - «е» әрібі, ал «ъ» белгісінің орнына - «ь» белгісі боялады. Базада түзету енгізу үшін бітірушінің аты-жөні осы нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес өзгерістер журналына енгізіледі.

  2. 4-секторда өтініштерді тіркеу журналына сәйкес ТЖК толтырылады;

  1. 5-секторда жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес ЖСН толтырылады. ЖСН болмаған жағдайды алдыңғы 6 позицияда туған жылы, айы, күні толтырылады;

  2. 6-секторда бітірушінің азаматтығына сәйкес ақпараттық анықтамалықтан алынған дөңгелекшедегі сандар боялады;

  3. 7-секторда бітірушінің ұлтына сәйкес ақпараттық анықтамалықтан алынған дөңгелекшедегі сандар боялады;

  4. 8-секторда бітіруші аяқтаған оқу орнына сәйкес үш дөңгелекшенің бірі боялады;

  5. 9-секторда ақпараттық анықтамалықтан алынған бітіруші аяқтаған оқу орны орналасқан облысты көрсететін екі орынды санға сәйкес дөңгелекшелер боялады;

  6. 10-секторда ақпараттық анықтамалықтан алынған бітіруші аяқтаған оқу орны орналасқан ауданды көрсететін екі орынды сан боялады;

  7. 11-секторда ақпараттық анықтамалықтан алынған бітіруші аяқтаған оқу орнының коды көрсетіледі;

  8. 12-секторда бітірушінің оқу орнын аяқтаған жылының соңғы екі саны боялады;

  9. 13-секторда бітірушінің жынысына сәйкес дөңгелекше боялады;

  10. 14-секторда бітіруші емтихан тапсыратын тілді – қазақ немесе орыс тіліне сәйкес дөңгелекшені бояйды. Тест тапсыру тілі мектептегі оқыту тіліне сәйкес болады. Өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері тестілеуді ерікті түрде қазақ немесе орыс тілінде тапсырады;

  11. 15, 16, 19-секторларды техникалық хатшы бітірушінің мәліметтерін өзгерту немесе өтініш бланкісін жою кезінде ғана толтырады;

  12. 17-секторда техникалық хатшының қолы қойылады;

  13. 18-секторда бітірушінің қолы қойылады.

  1. Бітірушінің «Бітіруші» ДБ-ға енгізілген барлық деректері ҰБТ тапсырғандығы туралы сертификатында, білім грантын тағайындау туралы куәлігінде көрсетіледі, сондықтан аты-жөні қатаң түрде жеке куәлік, паспорт немесе жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылады. 16 жасқа толмаған жеке куәлігі жоқ бітірушіге мектеп директоры бітірушінің фотосуреті жапсырылып, мектептің мөрі басылған, Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысанда анықтама жазып береді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет