Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық


Апелляциялық комиссия төрағасының функциялары



бет5/9
Дата17.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

11. Апелляциялық комиссия төрағасының функциялары





  1. Апелляцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша ҰТО-да дайындықтан өту.

  2. Апелляцияны өткізу процесі жөнінде апелляциялық комиссия мүшелеріне нұсқаулық өткізу.

  3. Бітірушілерден апелляцияға өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру.

  4. Апелляцияға берген өтініштерді ДБ-ға енгізу үшін Министрлік өкіліне тапсыру.

  5. Апелляцияға өтініш берген бітірушілердің емтихан материалдарын осы нұсқаулықтың 29 қосымшасына сәйкес акт бойынша Министрлік өкілінен алу.

  6. Апелляция процесін бақылау және басқару.

  7. Апелляция бойынша шешім қабылдау:

  1. Республикалық комиссияға өтініштерді тапсыру;

  2. Республикалық комиссия шешімдерін ДБ-ға енгізуін қадағалау.

  1. Апелляция нәтижелерін ДБ-ға енгізуді ұйымдастыру.

  2. Апелляция аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын Министрлік өкіліне беру.

  3. Апелляцияның өту барысы бойынша есеп дайындау.



12. Аудитория бойынша кезекшінің функциялары





  1. Тестілеу басталардың алдында аудиторияның нөмірленуін, аудиториядағы орындардың дұрыс нөмірленгендігін, олардың осы аудиторияның отырғызу тізіміндегі бітірушілер санына сәйкестігін және қабырға сағаты, тақта мен бордың болуын тексеру. Кемшіліктер байқалған жағдайда оларды жою үшін Министрлік өкілдері тобының жетекшісі мен мемлекеттік комиссия төрағасын хабардар етеді.

  2. Министрлік өкілінен емтихан материалдарын алады.

  3. Бітірушілерді Ереженің 27,28-тарауларына, осы нұсқаулықтың 22 таруына сәйкес аудиторияға кіргізеді және оларды отырғызу парағына сәйкес отырғызады.

  4. Бітірушілерге Ережені 33, 36-тармақтарымен бекітілген аудиторияда тәртіп сақтау ережесін түсіндіреді.

  5. Осы нұсқаулықтың 23-тарауына сәйкес емтихан материалдары салынған қорапты ашуды ұйымдастырады.

  6. Осы нұсқаулықтың 24-тарауларына сәйкес емтихан материалдарын тарату және толтыру ережелерін түсіндіру.

  7. Аудиторияда тәртіп сақтау ережесінің сақталуын бақылау.

  8. Осы нұсқаулықтың 33 қосымшасына сәйкес аудиториядағы ұялы телефон желісін сөндіру қондырғыларының жұмысқа қабілеттілігін бақылау. Қондырғының жұмысында ақаулық байқалған жағдайда кезекші Министрлік өкілдері тобының жетекшісін хабардар етеді.

  9. Осы нұсқаулықтың 25-тарауы бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдарын қабылдау және тапсыру.

  10. Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде бітіруші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда кезекші Министрлік өкілдері тобының жетекшісін хабардар етеді.



13. ҰБТӨП базасын құру





  1. ҰБТӨП базасын қалыптастыру мынадай тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

  1. ҰТО-дан «ҰБТӨП базасы» АЖО-сы электрондық тасымалдағышта ҰБТӨП-ке жіберіледі;

  2. ҰБТӨП-те «ҰБТӨП базасы» АЖО-сы құрылу және қажетті ақпараттарды енгізу (аудиториялық қор, оқу орындары, тестілеу кестесі, оқушылар саны, лектер бойынша бөлу) қамтамасыз етіледі;

  3. соңғы мәліметтер ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберіледі.

  1. ҰБТӨП жетекшісі ағымдағы жылғы бітірушілер санына байланысты аудиториялық қорды жоспарлайды және оны ҰБТӨП орналасқан жоғары оқу орнының басшысымен немесе жергілікті білім беру ұйымымен, сонымен қатар БСБД-мен келіседі. Жоспарлау кезінде мынадай талаптарды ескереді:

  1. аудиториялар бір ғимараттың ішінде болуы;

  2. қазақ тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін және орыс тілінде емтихан тапсыратын бітірушілер үшін аудиториялар тіл мәртебесі бойынша бөлінеді;

  3. әрбір лектегі аудиторияның тіл мәртебесі әр түрлі болуы мүмкін;

  4. аудиториядағы орындардың саны 10-ға еселі және 30-дан кем, 120-дан артық емес;

  5. бір лектегі аудитория саны 12-ден және қосалқы аудиториялар саны 2 аудиториядан көп емес;

  6. отырғызатын орын саны бір партаға 2 адам есебі бойынша анықталуы;

  7. спортзалдар мен үлкен холдарды бірнеше аудиторияларға бөлуге болмайды.

  1. Әрбір аудитория үшін аудиториядағы желдету жүйесі, ұялы телефон желісін сөндіру құралдары мен бейне бақылау камералары көрсетіледі.

  2. Аудиториялық қор туралы мәлімет «ҰБТӨП базасы» АЖО-сындағы «Аудиториялық қор» бөліміне енгізіледі.

  3. «ҰБТӨП базасы» АЖО-сындағы «Оқу орны» бөлімі бастауыш, негізгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы мәліметті қамтиды.

  4. Әрбір білім беру ұйымына келесі ақпараттар көрсетіледі: оқу орнының атауы, мекен жайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, 1-11(12) сыныптардағы оқушылар саны, оқытылатын шет тілдері, қосымша мәліметтер (оқыту тілі, «қала/ауыл» статусы, меншіктік түрі, мектептің типі мен түрі, оқушыларды ҰБТ-ға тасымалдайтын көлік түрі), бітірушілерді тестілеуге жеткізу жолы мен мектептен ҰБТӨП-ке дейінгі қашықтық.

  5. Оқу орны туралы мәліметтер қалыптастырылып болғаннан кейін мектептердің, колледждердің және кәсіптік лицейлердің анықтамалығы дайындалады. Анықтамалықты ҰБТӨП жетекшісі мен жергілікті білім беру ұйымы тексереді. Анықтамалықтың түпнұсқасы ҰТО-ға жіберіледі.

  6. «ҰБТӨП туралы мәлімет» бөлімі келесі: орналасу және тамақтандыру орындарының саны, әжетхананың орналасу орны, металліздегіштердің түрі мен саны, ұялы телефон желісін сөндіру қондырғыларының және бейнекамералардың саны сияқты ақпараттан тұрады.

  7. ДБ-сын қалыптастыру аяқталғаннан кейін «ҰБТӨП базасы» деректер базасының қалыптастырылуы туралы есеп осы нұсқаулықтың 34 қосымшасына сәйкес басылып шығарылады. Есептің түпнұсқасы ҰТО-ға жіберіледі, көшірмесі ҰБТӨП-те сақталады.

  8. «ҰБТӨП базасы» ДБ-сына енгізілген мәліметтердің мазмұнына ҰБТӨП жетекшісі тікелей жауапкершілікте болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет