ӘОЖ 373(092)
РУХАНИ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МАҢҒЫСТАУ МЕШІТ-
МЕДРЕСЕЛЕРІНІҢ ОРНЫ
Сапарбайқызы Ш.
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг
университеті, Ақтау қ., Қазақстан
Мақала ҚР БҒМ грантымен қаржыландырылатын «AP08856996 Маңғыстау
аймағындағы сакралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі (жыраулық мәтіндер,
эпитафиялық жазба мәтіндері, петроглифтер)» ғылыми жобасы аясында жазылды
Аңдатпа. Мақалада Ресей патшалығының өз ықпалдарын қүшейтіп, шовинистік
саясаттарын жүргізу мақсатында қазақ даласын діни-рухани тұрғыда отарлап, ел
тұтастығын ыдырату мәселелері қарастырылады. Ең бастысы Маңғыстау өңіріндегі мешіт,
медреселерде ұстаздықпен айналысқан Бұхара, Хиуа діни оқу орындарынан білім алған
молда, ахун, ишандарға тыйым салынып қудалау, үстерінен іс қозғау, тергеу жүргізу т.б.
озбырлықтары туралы мәліметтер назар аудартады.
Түйін сөздер: мұсылманша оқу, ағартушылық, мектеп, мешіт, медіресе, Маңғыстау
медреселері, оқыту жүйесі т.б.
115
Ресей империясының қазақ даласын отарлау саясатын ертерек қарастырғаны
тарихтан белгілі. Олар өз саясаттарын жүргізу үшін ең бірінші - қазақ қоғамының рухани
тұтастығын ыдырату керектігін жақсы білді. Осы мақсатта бірнеше экспедициялар
ұйымдастырып, сан түрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, ұзақ уақыт қазақтардың (дінін, ділін,
салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, рухани-мәдени болмысын) зеттеп зерделеді. I-Петр патшаның
тапсырмасымен князь Бекович-Черкасскийдің 1715 жылғы жасаған экспедициясынан
бастап 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін тек Каспий жағалауына 20-ға жуық зерттеу
экспедицияларын ұйымдастырылғаны белгілі [1.221б]. Нәтижесінде «1789 жылы II
Екатеринаның жарлығы бойынша Уфа қаласында мұсылман діни басқармасы ашылып, ол
діни басқарма Орынбор мүфтилігі деп аталады».
Ресей империясының қазақ даласын діни-рухани тұрғыда отарлау саясатының
алғашқы жоспарлары жасалады [2.104б]. Осылайша отаршылдар қазақтардың дін істерін
Орынбор діни басқармасына қаратып, ислам дініне ешқандай қарсы келмейтіндерін
білдіріп мешіт, медреселер салдыруға қолдау көрсетеді. Сөйтіп, патша өкіметі мұсылман
дінін қазақ даласындағы өз ықпалдарын қүшейту және шовинистік саясаттарының түпкі
мақсатын (қазақтар арасында діни кітаптар тару, «заказной молдалар» даярлау т.б.)
бүркемелейтін құрал ретінде пайдалануды көздейді. Бұл кезең Ресей патшалығының
халықты қанап, озбырлығы күшейген, әлеуметтік-саяси жағынан алғанда қазақ
даласындағы отарлау саясатының өрістеуімен ерекшеленді. Қабылдаған әкімшілік
реформаларында «қазақ даласына миссионерлерді жіберу арқылы сауаттандырамыз, білім
береміз» деген ұрандарымен оқыту жүйесін орыстандырып, ислам дінін ығыстырып,
шоқындыруды басты мақсат еттеді. Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын жоғарыда айтып
кеткеніміздей Орынбор мұсылман діни басқармасына қаратып, қазақ рухани әлемін екіге
бөлді. Оны орыс ағартушылығы мен жәдидшілдік және кадимшілдік мектептерінің
арасындағы жіктен де көруге болады.
Мешіт-медреселерде - араб жазуын орыс әліпбиімен алмастыру арқылы біртіндеп
орыс-түзем мектептерін ашу, қазақ даласының шеткері аймақтарын орыстандыру
жоспарларын жан-жақты қолға ала бастайды. Бұл жоспарларды оқу-ағарту жүйесі арқылы
ойдағыдай атқару үшін дайындалған (Программа «Школа для крещенных инородцев»
Н.И.Ильминский 1870-1871г.г.) бағдар-ламасында негізгі мақсаттары ашық көрсетіледі.
Сөйтіп, Орта Азия мен Қазақ-станға жіберілген миссионерлерге арнайы дін сабағын енгізу
арқылы христиан дінін уағыздауды міндеттейді.
1870 жылы 16 наурызда Ресей Халық ағарту министрлігі бұратана халықтарға білім
беру шаралары туралы арнаулы заңын қабылдап, соның негізінде ұзақ жылдарға созылған
«миссионерлік педагогика» жүйесі нығая бастайды. Қазақ діни танымына жат бұндай
әрекеттерді сезген ұлт зиялылары қарсы әрекет етіп, халықтың рухани тәуелсіздігін сақтап
қалуға күш салды және олар дін істерін Ресеймен емес, Бұхарамен байланыстыруды жөн
санайды. ХVIII ғасырдың соңына қарай ХIХ ғасырдың басынан бастап діни ілім алуға
ұмтылғандар Бұхараға бет бұрады. Сондай ақ, жергілікті медреселерден сауат ашып, діни
ілімін жалғастыруға ниет еткендерде Бұхара медреселеріне баруды көздейді. Қазақ
даласындағы діни тұлғалардың Орталық Азия хандық-тарындағы діни білім алу
орындарымен байланыстары осы тұста дами түсті деп ойлаймыз. Бұхара, Хиуа
медреселерінде білім алып, елге оралған тұлғалар сол кезеңдегі қазақ халқының рухани
өсуінің кезекті бір баспалдағы болды десек артық емес.
Ресей тарапынан дайындалған «заказной молдаларға» қарағанда Бұхара
медреселерінде білім алған молда, ахун, ишандардың білім дәрежелері де, ел арасындағы
абырой-беделдері де жоғары болды.
Тарихы тағдырлас Орталық Азиядағы және Қазақстандағы мұсылман дініндегі
халықтардың өзара байланысының күшеюі патша өкіметінің исламға деген саясатын күрт
өзгертеді. 1867 жылы қазақ жерін түгел өзіне қаратқан Ресей патшалығы ислам дінінің түркі
халықтарының арасындағы ықпалын барынша әлсіретуге тырысты. 1868 жылы қазақтарды
Орынбор діни басқармасының құрамынан шығарып тастап, мұсылман іліміне талаптарын
116
күшейтіп, құқықтарын шектеп, тосқауыл қоя бастайды. Мешіт салу үшін уездік
правлениеден рұхсат алу, молдаларға бала оқыту үшін орыс тілін білу міндеттеледі (1870
жылғы 26 наурызда бекітілген ереже негізінде).
Орыстандыруға қарсы тұрған көзі ашық, әсіресе Бұхара медреселерінде оқыған
діндар молдалардың бала оқытуына тыйым салынып, өздерін тергеуге алып, қудалай
бастайды. Бұл туралы шығыстанушы ғалым Ә.Дербісәлі «Қазақ-станның мешіттері мен
медреселері (ІХ-ХХ ғғ.)» еңбегінде: «...өздері құптап,
тексеруден өткізіп, тағайындаған діни қызметкерлері
болмаса, басқа, әсіресе, Орта Азиядан келген бейресми
молдалардың қызметіне рұхсат етпеді. Тіпті 1848 жылы
қазақ даласына орта азиялық қана емес, сондай-ақ Бұхара
мен Хиуа және Мәуереннаhрдың өзге шаhарларында діни
білім алған қазақтардың ел арасында қызмет етуіне
тыйым салған арнайы указ (жарлық) шығарды» деп
деректер келтіреді [3.16б.]. Осындай орыстандыру
саясатын анық көздеген: «... на сранице 1-ой по поводу
мечетей и туземных школ. Надо поменьше мечетей, а в
школах ввести преподавание русского языка. Правитель
канцелярии, полковник» деп қол қойылған тарихи
құжаттарды архив деректерінен кездестіруге болады
[1.136
б.].
Сондай
ақ,
Маңғыстау
уезіндегі
ағартушылықпен
айналысып,
мектеп-медресе
ұйымдастырған молда, ишандарды қудалап, тексеріп,
сұрақ-жауап алып, қысым көрсету фактілерінің
тіркемелерінен 1900 жылдың өзінде бақылау органына 8
ишанның үстінен іс қозғау, тергеу жүргізілгені туралы
мәліметтерде біраз тарихтын бетін ашады. Маңғыстау
өлкесіне қатысты мұрағат деректерінде (Обзорь
Закаспiйской области. За 1912-1913-1914 г.г. Изданіе
Закаспiйскаго областного статистическаго Комитета.
Асхабадь) деп дайындалған құжаттың СвЬдЬенія о
мектебахь (медресахь) Мангишлаксаго уЬезда (Показанiя
муллы Форть Александровского) қосымшасында ауыл
молдасын жан-жақты тергеу жұмыстары көрсетілген.
Жиырма төрт (24) түрлі сұрақ қойылып, оған жауап
беріледі. Қойылған сұрақ-жауаптардың кейбіреуіне
тоқталып өтсек:
- мектептерің неше жылдан бері жұмыс жасайды?
кім ашқан? халық па, бай, мырзалар ма?
- он екі жыл болды ашылғанына. Жарлы болсамда өзім аштым.
- мектебің қайда орналасқан? Жертөледе ме, киіз үйде ме, өз уйіңде ме? неше молда,
мұғалім бар?
- жоқ, мектеп мешіттің ішінде. Бір молда.
- мектептерің неше бөлмеден тұрады?
- төрт бөлмеден (төрт хұжыра) тұрады деп жауап берген.
Осы жерде айта кететін нәрсе (Маңғыстау өлкесінің елсіз тау-тастарының арасында
таудан қашап салынған, сырт көзге білінбейтін бір, екі, бірнеше бөлмелерден тұратын
далалық «мешіттер» жиі кездеседі. Теолог мамандар оны мешіт емес, хұжыра деп
аталатынын алдыға тартады.
Сұрақ одан әрмен «білім алушылардың ұл, қызы бірге оқиды ма, олар жылдың қай
мезгілдерінде оқып, неше ай демалады, күніне неше сағат оқиды, күзде мектепке неше
оқушы қабылданады?» - деген сұрақтармен жалғасады. Жауап (молда): ұлдар, қыздар бөлек
117
бөлмелерде оқиды, олар 8 ай оқып, жаз айларында, мамыр, сәуір айларында дем алады,
күнделікті сабақ жобамен 8 сағатқа созылады. Елдің көшіп қонуына байланысты күзде 20-
30 бала оқыса, қыста 40 шақты болады деп жауап береді.
Келесі сұраққа ерекше мән берген дұрыс. - Сіздің мектептен биыл медресеге неше
бала түсті? Молданың жауабы: - бізде Маңғыстау уезінде мектеп-медресе негізі бір оқу
орны болып саналады. Айырмашылығы жоқ. Егер мектеп ғимараты тастан немесе ағаштан
салынса, онда оны «медресе» дейді. Ал нашарлау жерге кіріктіріліп тұрса, жертөледе,
қараша үйде орналасса оны «медресе» емес «мектеп» деп атайды. Сұрақ: қандай кітаптар
оқытасыңыздар? Жауап: Әліппе. Шариғатул иман. Рунақул ислам. Суфы Аллаяр.
Бақырғани. Ғұмарбадан. Шарутуссалауат. Фихhу қайдани. Мұхтасар. Масала. Ғилму наhу.
Ғилму сарф hәм ғимру ғулумлар. Сұрақ: Сіз білетін молдалар ілімді қайдан алады? Бұхара,
Хивадан ба? Жауап: Молдалар білім алу үшін Бұхара, Хиуаға бармайды, негізінен білімді
Маңғыстаудың жергілікті медреселерінде алады - деген жауабы біраз ойды аңғартады.
Сұрақ: Мектептің оқу ақысы жарлылар мен байларға бірдей ма? Қабілетті баланың ары
қарай медресеге түсіп оқуы үшін неше жыл керек? Жауап: Арнайы оқу ақысы жоқ. Не берсе
соны аламыз. Біреулер аптасына үш тиын, біреулер бес тиын береді, сонымен күн көреміз.
Қабілетті балаға үш жыл жетеді. Сұрақ: Сіздің мектепке Бұхара, Хиуа медреселерінде
оқуын жалғастыру үшін түсетіндер бар ма? Жауап: Бұндай жағдайларды білмеймін. Біздің
халық білім алуға көп ұмтылмайды – деп жауап беруі де ауыл молдасының тергеу
саясатының түп мақсатында қудалау, жазалау жатқанын жақсы білді деп ойлаймыз.
Қорыта айтатын болсақ: Өз дәуірінде Маңғыстау халқына қызмет еткен мешіт-
медреселер мен онда ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеген ағартушылардың қазақ руханиятын
көтеруде орны жоғары болды. Діни идеологияның ерекше мәні - шариғат ережелерінің
орындалуын талап етіп, жеке адамды тәрбиелеудің үлгісін жасады. Обал-сауап, дұрыс пен
бұрысты, адал мен харамды үйретті. Имандылыққа, руханилыққа тәрбиеледі.
Мемлекетіміздің қалыптасуына, ел іргесінің бекуіне, ұлттық дүниетанымның жетілуіне
ықпал етті. Діни-ағартушылық ой-сананың қалыптасуына, әдеби мұралардың сақталуына,
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың дамуына үлес қосып, үлкен рухани мектеп болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Зияда Изжанов. Ащы сабақтар – Алматы: Өлке. 2016.-240бет.
2. Жолсейітова М. Рүстемов С. ХVІII ғасыр соңы мен ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында татар дінбасыларының қазақтар арасындағы қызметі қақында. / Түркістан
№3,2005.).
3. Ә.Дербісәлі. Қазақстанның мешіттері мен медреселері. (ІХ-ХХ ғғ.) - Алматы:
«Аруна», 2009.- 496 б.
4. Жаңа өмір газеті.23.02.2011. 4 бет.
5. Бейнеу – Алматы: Информ – А, 2001-136 бет.
6.Ғ.Есім. Сыр еліндегі діни-ағартушылық ой-сана. Марал ишанның 230 жылдық
мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы -2010 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |