А. К. Ершина, А. Шақарбекқызы, Н. Байтұрсын



бет1/25
Дата21.09.2023
өлшемі0.95 Mb.
#478127
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Mehanika paninen zerthanalik zhumistar 2016 Ershina 2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
А.К.Ершина, А.Шақарбекқызы, Н.Байтұрсын, С.Е.Маханбетова

МЕХАНИКА ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР




(Оқу құралы)


«Қыздар университеті» баспасы Алматы, 2016



УДК 531 (075.8)
ББК 22.2 я 73
М 49
Баспаға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Редакциялық баспа кеңесі ұсынған


Пікір жазғандар: Р.Қ.Манатбаев – т.ғ.к., доцент; А.Ө.Даулетқұлова п.ғ.к., аға оқытушы.
М 49 Механика пәнінен зертханалық жұмыстар: Оқу құралы.
Мамандық бойынша: 5В011000 – Физика. / А.К.Ершина, А.Шақарбекқызы, Н.Байтұрсын, С.Е.Маханбетова. – Алматы:
«Қыздар университеті», 2016. – 98 б.


ISBN 978-601-224-697-1

«Механика пәнінен зертханалық жұмыстар» оқу жоспарына сәйкес оптика пәні бойынша 1 семестрде орындалады. Студенттердің басым көпшілігі қазақ тобында оқитындықтан оқу құралының қазақ тілінде шығуының пайдасы зор. Оқу құралы педагогикалық университеттердің физика мамандығының студенттеріне арналған.


УДК 531 (075.8)


ББК 22.2 я 73



ISBN 978-601-224-697-1

© Ершина А.К., Шақарбекқызы А., Байтұрсын Н., Маханбетова С.Е.


© «Қыздар университеті», 2016

КІРІСПЕ

Физика – табиғаттану ғылымдарының негізгі салаларының бірі. Физика – эксперименттік ғылым, ал тәжірибе зерттеудің негізгі түрі. Мақсатына қарай тәжірибелер негізгі үш топқа бөлінеді: а) теориялық қорытындыны, не гипотезаны тексеру жүргізуге арналған тәжірибелер; б) жаңа құбылыстарды, физикалық шамалардың байланыстарын тағайындауға немесе тағайындалған физикалық заңның қолданылу облысын кеңейтуге арналған тәжірибелер; в) теориялық есептеулер арқылы тікелей тағайындауға болмайтын физикалық тұрақтылардың немесе физикалық шамалардың сан мәндерін анықтауға арналған тәжірибелер.


Педагогикалық жоғары оқу орындарында физиканы оқыту процесіндегі тәжірибелердің мақсаты: а) кейбір лекциялық демонстрацияларды көрсетуге келмейтін, не көрсетуі қиын физикалық құбылыстармен таныстыру; б) физикалық заңдардың әсері, олардың объективті сипаттамасы туралы студенттердің ұғымын қалыптастыру; в) тәжірибе жүргізгенде өлшеулер дәлдігі қойылған мақсатқа сәйкес келетіндей етіп жоспарлау; г) систематикалық қатенің болуын ескеріп, оларды жою үшін шаралар қолдану; е) негізгі өлшеуіш құралдармен және олардың жұмыс принциптерімен таныстыру.
Физикалық шамалардың өлшеулер мен есептеулер нәтижесі өңделеді, яғни қатесі есептеледі. Өлшенетін шамалар үшін сенімділік интервалы мен сенімділік ықтималдығы көрсетілуі керек. Зерттелген шамалардың өлшеу дәлдігі көрсетілмеген жағдайда жұмыстың құны жоғалады.
Студент жұмысты орындауға дайындалу үстінде жұмыстың теориясын оқып, көрсетілген әдебиеттермен танысып, қысқаша конспект жасайды; эксперимент жүргізуге, өлшенетін және есептелетін шамаларды ажыратып, өлшенген шамаларды кестеге түсіріп, алынған нәтижелерді математикалық өңдеулер жүргізуге дағды алуға тиіс.
Ұсынылып отырған физикалық практикумда физикалық эксперименттерді орындауды болашақ педагог кадрларды даярлауға қойылып отырған осы күнгі талаптар дәрежесіне көтеру мақсаты көзделіп отыр.
1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС ӨЛШЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет