Құжаттардың iстер тiзiмдемесiн жасау тәртiбi
271. Құжаттардың iстер тiзiмдемесi (сақтау бiрлiгiнiң/есепке алу бiрлiгiнiң құрамы мен мазмұнын ашуға, қор iшiнде жүйелеудi және есепке алуды нығайтуға арналған мұрағаттық анықтамалық); сақтау бiрлiгiнiң/есепке алу бiрлiгiнiң тiзiмдеменi сипаттауынан, қорытынды жазбадан, куәландырма парағынан және тiзiмдемеге анықтамалық аппараттан тұрады.
272. Тiзiмдеменiң тiзiмдеменi сипаттауы:
1) сақтау бiрлiгiнiң, есепке алу бiрлiгiнiң реттiк нөмiрiн;
2) iс жүргiзудiң индексiнен немесе мүлiктiк (өндiрiстiк) нөмiрiн;
3) сақтау бiрлiгiнiң, есепке алу бiрлiгiнiң тақырыбын;
4) құжаттардың аралық уақытын;
5) сақтау бiрлiгiндегi парақтар санын;
6) құжаттардың көшiрмелiгiне нұсқауды;
7) құжаттарды жаңғыртудың (көшiрме түсiрудiң) тәсiлдерiн қамтиды.
Тiзiмдеменiң сипаттауы сақтау бiрлiгiнiң, есепке алу бiрлiгiнiң жекеленген құжаттарының (құжаттар тобының) аңдатпасымен толықтырылуы мүмкiн.
273. Iстер (құжаттар) тiзiмдемесiнiң анықтамалық аппаратына:
1) титулдық парағы; Құжаттар, iстер тiзiмдемесiнiң титулдық парағында мынадай деректер орналасады:
мұрағаттық қордың атауы хронологиялық ретпен мұрағаттық тiзiмдемеге енгiзiлген құжаттар жасалған кезеңге қатысты, ұйымның-қор жасаушының ресми атауы ретiнде, оның барлық өзгертiлген атаулары, өзгерген бағыныстылығы және қысқартылған атауы (кiшкене жақшада) жазылады;
мұрағаттық қордың нөмiрi;
мұрағаттық тiзiмдеме нөмiрi;
мұрағаттық тiзiмдемеге енгiзiлген құжаттардың ең алдыңғы және ең соңғы күнi. Егер мұрағаттық тiзiмдемеге бiрнеше жылдың iстерi үзiлiспен енгiзiлген болса, онда титулдық параққа бар құжаттардың жылы қойылады;
2) мазмұн (мазмұны). Iстердiң мұрағаттық тiзiмдемесiнiң және оған анықтамалық аппаратының мазмұнындағы (мазмұндағы) бөлiмдерiне: алғысөз, қысқартылған сөздер тiзiмi, мұрағаттық тiзiмдемеге енгiзiлген барлық бөлiмдердiң, iшкi бөлiмдердiң және iстердiң өте ұсақ топтарының атаулары, бар болса көрсеткiштер тiзбеленедi;
3) алғысөз. Алғысөз құжаттар, iстер тiзiмдемесiнiң әрқайсысына немесе мұрағаттық қордың барлық тiзiмдемесiне ортақ жасалады. Алғысөзде заңнамалық деректерге және қор құжаттарына мiндеттi түрде сiлтеме жасай отырып қор жасаушының тарихын қысқаша баяндайды.
Бiрiктiрiлген мұрағаттық қордың мұрағаттық тiзiмдемесiне, егерде оған енгiзiлген мұрағаттық қорлар бiр мұрағаттық тiзiмдемеге енгiзiлген болса, онда ортақ алғысөз жасалады. Сонымен қатар бiрiктiрiлген мұрағаттық қорға енгiзiлген жекеленген мұрағаттық қорлардың мұрағаттық тiзiмдемесiне алғысөз жасалады. Бұндай жағдайда бiрiктiрiлген мұрағаттық қорға және оның жекеленген мұрағаттық қоры мен олардың мұрағаттық тiзiмдемелерiне қатысты барлық жалпы мәлiметтерi ортақ алғысөзге енгiзiледi. Жекеленген мұрағаттық қорлардың мұрағаттық тiзiмдемелерiне алғысөзде, осы мұрағаттық қорларға қатысты мәлiметтер ғана баяндалады, және сiлтеме жалпы алғысөзге жасалады.
Ұйым-қор жасаушы тарихына арналған алғысөздiң бiрiншi бөлiмiнде қысқаша:
нормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме жасай отырып ұйымның-қор жасаушының құрылған уақыты, сондай-ақ бұрынғы ұйымның атауы, ұйымның-қор жасаушының бағыныстылығы;
ұйымның-қор жасаушының құзыретi, құрылымы мен функциясы;
негiзгi себептерiн көрсете отырып, ұйымның-қор жасаушының атауларының, құрылымдарының және ведомстволық бағыныстылығының өзгеруi;
нормативтiк құқықтық актiлерге сiлтеме жасай отырып ұйымның-қор жасаушының таратылған (қайта ұйымдастырылған) күнi, сондай-ақ оның функциясын алған ұйымның атауы баяндалады.
Мұрағаттық қордың тарихы мен оның жай-күйiне сипаттамада:
мұрағаттық тiзiмдемедегi құжаттардың толықтығы;
мұрағаттық қордың хронологиялық шегiнен шығатын құжаттардың бар-жоғы көрсетiледi.
Сондай-ақ оның алдындағы ұйымның немесе құқықтық мұрагерiнiң және осы ұйымның (таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кездегi) жекеленген функцияларын атқарған ұйымның көрсетiлген iстерi бар мұрағаттық қордың атауы мен нөмiрi келтiрiледi.
Мұрағаттық тiзiмдемедегi iстердiң құрамы мен мазмұнына қысқаша сипаттамада құжаттардың әртүрлiлiгi мен олардың түрлерi бойынша және мазмұны бойынша тұрпатты iстердiң топтары белгiленедi.
Алғысөзде iстердi қалыптастырудың негiзгi принциптерi, құжаттар мазмұнын ашудың әдiстерi, iстердi сипаттаудың және ресiмдеудiң ерекшелiктерi көрсетiледi. Сонымен қоса жүйелеу сұлбасын қолданбай мұрағаттық тiзiмдеменi құрастырудың принциптерiн, бiрнеше жылдың құжаты бар iстердi жүйелеудiң ерекшелiктерiн көрсетедi.
Алғысөздiң қорытынды бөлiмi мұрағаттық тiзiмдемеге жасалған анықтамалық аппараттың сипаттамасынан, оны құрастырудың негiзгi принциптерiнен және оларды пайдаланудың тәртiбi туралы нұсқаудан тұрады.
Алғысөздi құрастырушы уақытын көрсете отырып қолын қояды.
4) қысқартылған сөздер тiзiмi. Қысқартылған сөздер – iстердiң мұрағаттық тiзiмдемесiндегi және оған жасалған анықтамалық аппараттағы сипаттаудың әдiстерiн бiрыңғайлауға, оның көлемiн азайтуға арналған. Егер сипаттау кезiнде қысқартылған сөздер пайдаланылса, қысқартылған сөздер тiзiмi жасалады. Қысқартылған сөздер әлiпбилiк ретте орналастырылады, сол жақта қысқартылған сөздер, сызықша қойылып толық мағынасы берiледi. Тiзiмге жалпы қабылданған қысқартылған сөздер енгiзiлмейдi. Өз еркiмен қысқарту жасауға рұқсат етiлмейдi.;
5) көрсеткiштер. Ұйым мұрағатының қарауы бойынша мұрағаттық тiзiмдеменiң ақпараттығын арттыру мақсатында көрсеткiш жасалуы мүмкiн.
Тарихи анықтаманы құрастыру тәртiбi
274. Ұйым мұрағатында қор жасаушы және мұрағаттық қор тарихы бойынша мәлiметi, оның құжаттар құрамы мен мазмұнына және ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесiне қысқаша сипаттамасы бар құжаты болып табылатын мұрағаттық қорға тарихи анықтама құрастырылады.
Тарихи анықтама: қор жасаушының тарихы, қор тарихы, мұрағаттық қор құжаттарының сипаттамасы деген бөлiмдерден тұрады.
275. Бiрiншi бөлiм - қор жасаушының тарихы - ұйымның пайда болуының тарихи шарттары сипаттамасын, оның алдындағы ұйымның атауын, хронологиялық ретпен барлық қайта ұйымдастыруларды, соның iшiнде мынадай мәлiметтердi:
1) нормативтiк құқықтық актiлерге немесе өкiмдiк құжаттарға сiлтеме жасай отырып ұйымның пайда болған, қайта құрылған және таратылған уақыттарын;
2) ұйымның-құқықтық мұрагерiнiң атауын;
3) ұйымның мiндеттерi мен функцияларын және олардың өзгерiстерiн;
4) ұйымның қызмет көлемiн, аумақтық органдар жүйесiнiң құрамын және/немесе ведомстволық бағынысты ұйымдарын;
5) ұйымның мемлекеттiк аппарат жүйесiндегi, экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени және басқа саладағы орнын;
6) ұйымның ресми атауындағы және бағыныстылығындағы өзгерiстерiн;
7) ұйымның құрылымы және оның өзгерiстерiн қамтиды.
Бiрiктiрiлген мұрағаттық қор үшiн қор жасаушының ортақ тарихы құрастырылады.
276. Екiншi бөлiм – мұрағаттық қор тарихы – мынадай мәлiметтердi:
1) ұйымның мұрағатына мұрағаттық қор құжаттарының алғаш рет келiп түскен уақытын;
2) алғашқы рет келiп түскен құжаттардың көлемi мен ең алдыңғы және ең соңғы күнiн;
3) мұрағаттық қор құрамындағы және мазмұнындағы өзгерiстерiн және олардың себептерiн (құндылығына сараптау жүргiзу, жоғалту, құжаттау жүргiзiлмеген кезең);
4) құжаттардың сақталу деңгейiн;
5) құжаттарды қалыптастырудың, сипаттаудың және жүйелеудiң ерекшелiктерiн;
6) мұрағаттық қордың хронологиялық шегiнен шығатын құжаттардың бар-жоғы туралы мәлiметтерiн;
7) мұрағаттық қорға жасалған ғылыми-анықтамалық аппарат құрамын қамтиды.
277. Мұрағаттық қор тарихы бойынша бөлiмде жазбалау, аннотация, библиография, құжаттарға қол жеткiзу мен пайдаланудың шарттары туралы ақпарат сияқты элементтерi болады.
Аннотация қор жасаушы қызметiнiң бағытын айқындайтын тақырыптар хронологиясын көрсетiп және олардың географиялық (әкiмшiлiк-аумақтық) шектерiн белгiлей отырып, мұрағаттық қор құрылымы бойынша және құжаттардың түрлерi бойынша құжаттар құрамына және тақырыптар, мәселелер бойынша құжаттар мазмұнына қысқаша қорытынды сипаттаманы қамтиды.
Библиография мұрағаттық қор бойынша жарияланған және жарияланбаған анықтамалықтар мен оның (мұрағаттық қор) негiзiнде орындалған құжатты жарияланымдар тiзiмiн қамтиды.
278. Үшiншi бөлiм құжаттарды тұтастай алғанда және құжаттардың жекеленген топтарының құрамы мен мазмұны бойынша мұрағаттық қордың қорытындыланған сипаттамасын; қордың хронологиялық шегiнен шығатын құжаттардың бар-жоғы туралы, мұрағаттық қорға ғылыми-анықтамалық аппарат туралы, ақпарат тасығыштардың түрлерi туралы мәлiметтердi қамтиды.
279. Анықтамаға орындаушы және ұйым мұрағатының басшысы қол қояды.
Тарихи анықтама төрт данада басылады: үш данасы мұрағаттық қор құжаттары бiрiншi тапсырылған кезде мемлекеттiк мұрағатқа берiледi; бiреуi ұйым мұрағатындағы қор iсiнде сақталады.
280. Тарихи анықтама мұрағаттық қор толықтырылған кезде немесе ұйым қайта ұйымдастырылған жағдайда қосымша толтырылып отырады. Тарихи анықтама (оның бөлiгi) әрбiр аяқталған iстер (құжаттар) тiзiмдемесiмен бiрге мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылып отырады.
Каталогтар мен картотекаларды жасау тәртiбi
281. Каталог, құжаттар мазмұны туралы ақпараттар пәнi (тақырыптар, салалар) бойынша топтастырылған, осы каталог үшiн қабылданған құжатты ақпаратты жiктеу сұлбасымен сәйкес орналастырылған қор аралық мұрағаттық анықтамалық болады.
Әртүрлi каталогтар жиынтығы каталогтар жүйесiн құрайды.
282. Каталогтарды дайындау, жасау және жүргiзу бойынша жұмыс құжаттарды каталогтау деп аталады.
Каталогтау жұмыстың жеке түрi ретiнде (тақырыптық әзiрлеме), сондай-ақ құжаттарды жазбалау және iздеп табумен байланысты жұмыстың басқа түрлерi процесiнде ( қосымша (жолай) каталогтау) жүргiзуге болады.
Каталогтау кезiнде саралап жiктеу әдiсi қолданылады, ол:
1) мұрағаттық қорды, олардың құрылымдық бөлiктерiн таңдау ретiн анықтауда;
2) iстер мен құжаттарды және олардан ақпаратты iрiктеуде;
3) құжатты ақпаратты жазбалаудың тиiстi әдiстерiн қолдануда.
283. Каталогтау мынадай жұмыстардың түрiн:
1) жiктеу сұлбасын құрастыруды;
2) құжаттарды iздеп табу және iрiктеудi;
3) каталогтiк карточкада жазбалауды;
4) карточкаларды жүйелеудi;
5) каталогтарды жүргiзудi қамтиды.
284. Жiктеу схемасын таңдау ұйым мұрағатының құжаттар құрамымен және оларды пайдалану мiндеттерiмен айқындалады.
Құжатты ақпараттың жiктеу схемасы, белгiленген ретпен орналасқан каталогтардың бөлiнген жiктелу тiзбесi бар жазба немесе кескiндемелiк құжат болып табылады және көрсетiлген бөлiктер бойынша құжаттардан мәлiметтердi бөлу үшiн арналған.
285. Каталогтар құрылған схемасына қарай жүйелiк, тақырыптық, пәндiк және олардың әр түрлiлiгi (атаулы, географиялық, объектiлiк) болып бөлiнедi.
286. Құжатты ақпарат жүйелiк каталогта бiлiм саласы мен ұйымның тәжiрибелiк қызметi бойынша жiктеледi және қисынды жүйелiлiкпен орналасады.
Құжатты ақпарат атаулы каталогте құжаттарда аталатын немесе олардың авторы болып табылатын тұлға тегiнiң әлiпбиi бойынша жiктеледi. Бұдан әрi жүйелеу хронологиялық немесе қисынды жүйелiлiкте жүргiзiледi.
287. Каталогтiң тiзiмдеменi сипаттау құрамына:
1) ұйым мұрағатының атауы;
2) индексi;
3) айдар, айдарша;
4) оқиға уақыты, оқиға орны;
5) мазмұны;
6) мұрағаттық қордың нөмiрi, мұрағаттық қордың атауы;
7) iстер (құжаттар) тiзiмдемесiнiң, сақтау бiрлiгiнiң, парақтар нөмiрi;
8) құжат тiлi;
9) құжатты жаңғыртудың әдiсi кiредi.
Каталогтар бөлiмдерi немесе каталогтар бөлiмдерiмен басқа мұрағаттық анықтамалықтар арасындағы өзара байланыстар үшiн сiлтеме жасау жүйесi қолданылады.
288. Каталогты жүргiзу, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн жұмыстар кешенi, оған:
1) жұмысты ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету;
2) карточкiлерге әрiп сан қою;
3) әрiп сан және айдар бойынша карточкаларды жүйелеу;
4) каталогке сiлтеме аппаратын құрастыру;
5) каталогтi жетiлдiру кiредi.
Ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету жекеленген мұрағаттық қорларды (немесе олардың топтарын) каталогтау бойынша әдiстемелiк құралдар, каталогтердi жiктеудiң жұмыс сұлбасын әзiрлеудi, оларды нақтылау және толықтыруды қамтиды.
Әрiпсан қою жiктеудiң сұлбасы бойынша әрiпсанды таңдау немесе құрастыру және оны каталогтiк карточканың тиiстi ақпаратына жатқызу болып табылады. Атаулы каталогте карточкiлерге әрiпсан қойылмайды, әлiпби бойынша орналасады.
Каталогтi жетiлдiру өзiне жiктеу сұлбасын жетiлдiрудi, каталогтiң мазмұнын және ресiмделуiн тексерудi, жазбалауды тексерудi (саралау, бiр мұрағаттық қор немесе iстер (құжаттар) тiзiмдемесi бойынша бiртектес ақпаратымен сипаттамаларды бiрiктiрудi, олардың жүйелеуiн нақтылауды) қамтиды.
289. Каталогтер жүйесiн толықтырудың бiрден-бiр дереккөзi мұрағаттық қордың ең ақпаратты және жиi пайдаланылатын құжаттарына жасалған тақырыптық және пәндiк-тақырыптық картотекалар, жеке құрам бойынша картотекалар болып табылады.
290. Басқару құжаттамасын сақтайтын ұйым мұрағаты атаулы картотека жасайды.
Атаулы картотека (жеке құрам бойынша картотека) еңбек өтiлi, еңбек ақысы және басқа да әлеуметтiк-құқықтық деректер туралы мәлiметтердi iздестiру үшiн жасалады. Карточкаларда мұрағаттық қордың нөмiрiне, iстердiң жиынтық тiзiмдемесiнiң жылдық бөлiмiне, ол туралы мәлiмет бар iстер, парақтар нөмiрiне сiлтемемен қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң есiмi жазылады. Карточкалар тегiнiң әлiпбилiк ретiмен, ал тегi шегiнде есiмi мен әкесiнiң аты бойынша әлiпбиiмен жүйеленедi.
291. Дыбыстық-бейнелiк құжаттама сақтайтын ұйым мұрағаты:
1) киноқұжаттың авторлары (режиссерi, сценарисi және операторы) туралы мәлiметi бар атаулы картотека, киноқұжаттың шығарылған уақыты туралы мәлiметi бар хронологиялық картотека, киноқұжаттардың атаулары туралы, әлiпбилiк ретпен орналасқан, мәлiметi бар әлiпбилiк картотека;
2) тұлғалар туралы мәлiметi, фотоқұжаттардағылар туралы ақпараты бар атаулы картотека, объектiлерi, оқиғалар туралы мәлiметi, фотоқұжаттағылар туралы ақпараты бар объектiлiк картотека;
3) үнқұжатқа жазылған көркемсуреттi, музыкалық немесе құжатты шығарманың авторы және орындаушылары туралы мәлiметi бар атаулы картотека, үнқұжатқа жазылған көркемсуреттi, музыкалық немесе құжатты шығармалар туралы мәлiметi бар жанрлық картотека;
4) әлiпбилiк реттегi бейнеқұжаттардың атаулары туралы мәлiметi бар әлiпбилiк картотека, бейнеқұжаттың шығарылған күнi туралы мәлiметi хронологиялық картотека жасайды.
292. Ғылыми-техникалық құжаттама сақтайтын ұйым мұрағаты:
1) күрделi құрылыс нысаналарына және нысаналарды құрастыруға жасалатын объектiлiк каталогы;
2) жобалардың, әзiрлемелердiң, бұйымдардың, зерттеу тақырыптарының авторлар тегi бойынша құрастырылған атаулы каталогi;
3) орналасқан орны бойынша нысаналарды жобалауға құрастырылған географиялық каталогi;
4) ғылыми-техникалық әзiрлемелер атауының әлiпбилiк ретiмен жасалған әлiпбилiк каталог құрады.
Кино бейнеқұжаттың көрсеткiштерiн, шолуларын, жинақтама парақтарын жасау тәртiбi
293. Мұрағаттық құжаттарда аталатын, iздестiру деректерi көрсетiлген әлiпбилiк, жүйелеу немесе басқа белгiлерiмен құрастырылған пән (заттар) атауларының тiзбесi тұрғысындағы мұрағаттық анықтамалық көрсеткiш болып табылады.
Ұйым мұрағатындағы көрсеткiш жiктеледi:
1) көлемi бойынша – қор аралық және қор iшiнде;
2) пiшiнi бойынша – электрондық, парақтық немесе карточкалық
3) айдар құрылымы бойынша – саңылаусыз (пәндiк ұғым және олардың iздестiру деректерi) және мазмұндалған (пәндiк ұғымы түсiндiрмелермен қоса жүретiн);
4) көрсеткiштер iшiндегi ұғымдар топтастық бойынша - әлiпбилiк, жүйелiк, хронологиялық.
Көрсеткiштер сақтау бiрлiгiнiң тақырыптарына (оларды қарамастан) немесе құжаттарға (сақтау бiрлiктерiн қарай отырып) құрастырылады.
Көрсеткiштердiң негiзгi түрлерi: пәндiк (оның әртүрлiлiгi – тақырыптық, атаулы, географиялық), хронологиялық болып табылады. Көрсеткiш iшiнде топтастық ұғымы бойынша әлiпбилiк, жүйелiлiк және хронологиялық көрсеткiш болып бөлiнедi.
294. Құжаттар көрсеткiшi iстер тiзiмдемесiнiң бiр құжатына, бiрнеше iстер тiзiмдемесiнiң құжаттарына, мұрағаттық қордың құжаттарына, бiр мұрағаттық қордың немесе бiрнеше мұрағаттық қордың iстер тiзiмдемесiне құрастырылуы мүмкiн.
295. Кез келген көрсеткiштiң тiзiмдеменi сипаттауы пәндiк ұғымнан (айдардан) және iздестiру деректерiнен тұрады. Көрсеткiштiң орнына қарай айдар қарапайым, (айдаршасыз) және күрделi (айдаршасы немесе ұғымның анықтауы бар) болады.
Бiр iстер, құжаттар тiзiмдемесiнiң сақтау бiрлiгiне көрсеткiштiң iздестiру деректерi сақтау бiрлiгiнiң реттiк нөмiрiн қамтиды. Бiр ұйым мұрағатының көрсетiлген деректерi бiрнеше мұрағаттық қордың сақтау бiрлiгiне көрсеткiштiң iздестiру деректерi мұрағаттық қордың iстер, құжаттар тiзiмдемесiнiң нөмiрлерiмен толықтырылады.
296. Тақырыптық көрсеткiш өзiндiк тарихи фактiлер мен құбылыс болатын ұғымды қамтиды. Мұндағы айдар мен айдаршалар атау септiгiнде жазылады.
297. Пәндiк көрсеткiш әлiпбилiк ретпен орналасқан ұғымды қамтиды.
Жалпы пәндiк көрсеткiш әртүрлi ұғымды қамтиды және айдар құрылымы бойынша тек қана қатаң болуы мүмкiн.
Арнайы пәндiк көрсеткiш бiркелкi ұғымды (құжаттар түрiн, авторлар тегiн, ұйым атауларын, олардың құрылымдық бөлiмшелерiн, салалардың атауларын және сол сияқтыларды) қамтиды және қатаң немесе мазмұндалған болуы мүмкiн.
Атаулы көрсеткiш әлiпбилiк белгiсi бойынша құрастырылады және тегiн, есiмiн, әкесiнiң атын (әркелкi оқылуы, бүркеншiк есiм, лақап аты, жалған аты) және өмiрбаяндық анықтаманы қамтиды.
Географиялық көрсеткiш мемлекеттiң, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң, теңiздiң, өзеннiң және өзге де географиялық нысаналардың атауларын қамтиды.
Көрсеткiште жинақталған ұғымдар немесе әкiмшiлiк-аумақтық атаулар түсiндiрмесiз енгiзiледi.
298. Хронологиялық көрсеткiш тарихи оқиғаларды, құбылыстарды және фактiлердi немесе құжаттың уақыты енгiзiлген, хронологиялық тәртiппен орналасқан айдарлардан тұрады.
299. Мұрағаттық анықтамалықтарға көрсеткiш сол түрлерi және сол құрылымдар болуы мүмкiн, бiрақ iздестiру деректерiндегi сiлтемелер анықтамалықтардың беттерiне немесе бөлiмдерiне (каталог үшiн) берiледi.
300. Шолу жекеленген құжаттар кешенiнiң құрамы мен мазмұны туралы жүйеленген мәлiметi қамтылған мұрағаттық анықтамалық болып табылады.
Ұйым мұрағатындағы шолудың түрлерi мұрағаттық қордың шолуы және тақырыптық шолу болып табылады.
Мұрағаттық қордың шолуы үшiн сипаттаудың нысанасы бiр мұрағаттық қордың құжаты (құжаттар тобы, құжат бөлiгi), сақтау бiрлiгi, есепке алу бiрлiгi болып табылады.
Ұйым мұрағатының құжаты бойынша тақырыптық шолу үшiн сипаттау нысанасы нақты тақырып бойынша бiр мұрағаттық қор (мұрағаттық қор бөлiгi, мұрағаттық қорлар топтары) құжат (құжаттар тобы, құжат бөлiгi), сақтау бiрлiгi, есепке алу бiрлiгi болып табылады.
301. Мұрағаттық қорды шолу жеке алынған мұрағаттық қор құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы жүйеленген мәлiметтi қамтиды.
302. Тақырыптық шолу белгiленген тақырып бойынша мұрағаттық қордың бiр немесе топ құжаттары бөлiгiнiң құрамы мен мазмұны туралы жүйеленген мәлiметтi қамтиды.
303. Шолуды құрастырған кезде мұрағаттық қорды және/немесе тақырыптарды таңдауда, шолудың негiзгi бөлiмiнде ақпаратты топтастыру принципiнде, құжаттар туралы (жеке немесе топтасқан аңдатпа) ақпарат ұсынғанда әртүрлi әдiстеменi, жекеленген құжаттар түрiн жазбалаудың әртүрлi әдiстемесiн қолдануда, шолуға анықтамалық аппарат құрамының және толықтыру деңгейiн мақсатты iздестiруде саралап жiктеу әдiсi қолданылады.
304. Шолу сақтау бiрлiгiнiң, есепке алу бiрлiгiнiң, құжаттардың және анықтамалық аппараттың жекеленген топтарының аннотация жиынтығынан тұрады.
Аннотацияда сақтау бiрлiгi, есепке алу бiрлiгi, құжаттар тобының мазмұны баяндалады, құжаттардың әртүрлiлiгi, олардың авторлары, хронологиялық шектерi, түпнұсқалығы, iздестiру деректерi көрсетiледi. Шолуда мұрағаттық қордың iздестiру деректерi iстер (құжаттар) тiзiмдемесiнiң, сақтау бiрлiгiнiң, есепке алу бiрлiгiнiң, сақтау бiрлiгiнiң парақтар нөмiрлерiнен тұрады. Қор аралық тақырыптық шолуда iздестiру деректер қоры нөмiрiмен толықтырылады. Шолудың ғылыми-анықтамалық аппаратына титулдық парағы, мазмұны (мазмұн), алғысөз, қысқартылған сөздер тiзiмi, көрсеткiштер кiредi. Тақырыптық шолуға мұрағаттық қорлардың тiзiмi, шолудағы бар ақпарат және тақырып бойынша библиография құрастырылады.
Шолуға алғысөзде қор жасаушының тарихы және мұрағаттық қор тарихы, шолудың құрылымы, ғылыми-анықтамалық аппараттың құрамы бойынша мәлiмет баяндалады.
305. Шолулар құрылымы, саласы (функционалдық), пәндiк-тақырыптық, географиялық, хронологиялық және басқа да белгiлерi бойынша жасалады.
306. Кинобейнеқұжаттың жинақ парағы – жекеленген планның (жинақтау кадрдың) мазмұнын ашатын және жүйелеудi бекiтетiн мұрағаттық анықтамалық.
Кинобейнеқұжат жинақ парағы – аяқталған кинотуындының (фильмнiң, арнаулы шығарылымның, киножурналдың, телесюжеттiң) кадрлық сипаттауы. Жинақ парағы кинотуындыны жасау процесiнде түзiледi және киноқұжатқа немесе кинобейнехатқа тақырыптық iлеспе құжаттама құрамында мұрағатқа түседi.
Кинобейне құжатының жинақ парағы болмаған жағдайда мұрағатта жасалады және мынадай элементтерден: басқы жазбадан, тiзiмдеменi сипаттаудан және қорытынды жазбадан тұрады.
307. Басқы жазбада:
1) мұрағаттық атауы;
2) «жинақ парақтың №...» және сипаттамасын (дыбыстауды, түсiн, бөлiмдер санын) көрсете отырып киноқұжаттың атауын;
3) студия атауы, киноқұжат өндiрiсiнiң күнi, фильмнiң авторы (режиссерi, операторы, сценарийдiң авторы) көрсетiледi.
308. Жинақ парағын құрастыру онымен бiр уақытта жоспарлы сипаттау жөнiндегi дыбысжинақтау столында қарау кезiнде киноқұжат позитивi бойынша жасалады. Дыбысжинақтау столында қарау кезiнде жинақ парағында мынадай ретпен деректер белгiленедi:
1) ретi бойынша планның (жинақ кадрдың) нөмiрi (кадрдың шетi шыққан кезде экранда бастау сәтiнiң нөмiрлерi көрiнедi), егер позитивтiң бастау сәтi болмаса, онда киноқұжаттың негативiмен жұмыс кезiнде оны жазу үшiн, план нөмiрiне орын қалдыру қажет;
2) жинақтау кадр нөмiрiнен кейiн жинақтау кадрге (жалпы, орташа немесе iрi) анықтама берiледi;
3) жобаның (жинақтау кадрдың) метражы метроөлшем немесе сызғыш көмегiмен анықталады. Метроөлшеммен планды өлшеген кезде оның ұзындығын онның бiрiндей кадрге дейiнгi дәлдiкпен, ал сызғышпен өлшегенде бiр кадрге дейiнгi дәлдiкпен (киноүлдiрдiң бiр метрiнде 52,4 кадр бар) көрсету керек;
4) киноқұжат планының бейнелеу мазмұны қысқаша сипатталады.
Оқиға дәл көрсетiледi, түсiрiлген нысана толығымен аталады, мүмкiндiгiнше тұлғалар аталады (егер адамдар бiрнешеу болса, оларды солдан оңға қарай тiзбелеу керек, аты-жөнi тегiнiң алдында қойылады), егер адам немесе тұлғалар тобы арқасымен түсiрiлген болса, оны жинақ парақта белгiлеу қажет. Кадрде жекеленген ұрандар, безендiрмелер бар болса, олар жинақ парағында белгiленуi қажет.
Осы бағанада кинотүсiрiлiмнiң барлық арнаулы әдiстерi (панорама, қараңғылануы, қозғалыс, жазба және сол сияқтылар) белгiленедi, жинақ парақта бұл әдiстер қысқартылып белгiленедi (ПНР, ҚРҢ, ҚЗС, ЖЗБ). Түсiрiлiмнiң барлық ерекшелiктерi: қозғалыспен, жүру, жоғарыдан, ұшақтан, түнде және басқалар жинақ парақтың тiзiмдеменi сипаттауында айқындалады және план бейнесiн жазбалағаннан кейiн кiшкен жақшаның iшiнде көрсетiледi. «Бейненiң мазмұны» бағанында киножурналға құрастырылған жинақ парақта әрбiр сюжеттiң атауы, түсiрiлiмнiң орны және сюжеттi түсiрген кино операторлардың тектерi көрсетiледi.
«Фонограмма мәтiнi бағанында диктордың сөзiне қатысты техникалық жоспардың сипаттауына қарсы фонограмманың iлеспе мәтiнi келтiрiледi.
Дыбысжинақтау столында позитивпен жұмысты аяқтағаннан кейiн позитивтi негативпен және аралық позитивпен киноқұжаттың барлық элементтерiнiң толық жинағымен бiр-бiрiне сәйкестiк пәнiне салыстырма тексерiстi жүзеге асыру қажет.
Киноқұжаттың жинақ парағына қорытынды жазбада жеке-жеке толық жинақтың элементтерiнiң әрқайсысы бойынша киноқұжаттың жалпы метражы, жинақ парақтың құрастырушысының лауазымы мен тегi, жасаған уақыты көрсетiледi.
Жинақ парақты құрастыру бойынша жұмыстың қорытындысында оны екi данада қайта басуды жүзеге асырады (бiреуi зерттеушiлер мен қызметкерлер жұмыста қолданады, екiншiсi түптеледi және сақтандырудың көшiрмесi ретiнде болады).
Жоба (немесе жинақтау кадры) – жекелеген оқиға немесе құбылысты бейнелеудi үздiксiз түсiрудi бiлдiретiн бейнеүнхаттың құрамдас бөлiгi.
Көрсетiлетiн бейнелеудiң шамасына қарай жинақтау кадры жалпы, орташа немесе iрi болуы мүмкiн. Жекеленген жағдайда план өзара жарық өтуiне қарай бөлiнедi.
309. Бейнеқұжатқа жинақ парақ мұрағатта жасалады. Арнаулы шығарылымның, киножурналдардың немесе жылнама материалдарының жинақ парағы шығарылған жылын, өндiрiс студиясын; түр-түсiн, дыбысталуын, секундiн, секундi бойынша хронометражын (жазбаның басталуы мен аяқталуын) көрсетуден басталады.
Егер бейнеқұжатқа бiрнеше өзiндiк фильмдер, журналдар және сол сияқтылар жазылған жағдайда, онда олардың әрқайсысының жазбасы оның атауын, шығарылған жылын, өндiрiс студиясын, фильм (арнаулы шығарылым, киножурнал немесе жылнама материалы) басталатын секундын және бейнежазба аяқталатын секундiн, сондай-ақ жазба уақытының секундпен өлшегендегi жалпы санын көрсете отырып басталады.
Титулдық парақты жазбалаған соң бейнеүнхатты жоспар бойынша жазбалау жүзеге асырылады. Бейнеүнхатты жоспар бойынша жазбалау мынадай ретпен өтедi:
1) рет санымен планның (жинақтау кадрының) нөмiрi;
2) планды анықтау (жалпы, орташа немесе iрi);
3) планды бейнелеу жазбасы басталатын секундтың реттiк нөмiрi;
4) бейнеүнхаттың ақ-қара түстi бейнеленуiнде түрлi-түстi немесе түрлi-түстiдегi ақ-қара план болса, ол «тс.» немесе «а/қ» деп көрсетiледi.
Егерде қандай да болмасын план мультипликациялық бейнелеу (МЛТП), сурет немесе картинасы болса, онда ол жинақ парағында белгiленедi. Егерде осы план ойындық болып табылса, онда жинақ парағында жазба («көркем фильмнен кадр») жасалады. Егерде планда сахналау болса, бұны жинақ парақта белгiлеу қажет. Планның әрбiр өзгерiсiн мұқият қарап отыру керек, себебi бейнеүнхаттың киноқұжаттан айырмашылығы оның басталу сәтi болмайды, соны ескеру керек.
Егерде бейнеүнхат дыбысты болса, онда диктор сөзiне қатысты мәтiндi техникалық план бейнелеуiн жазбалаған соң реттейдi. Үнхаттың мәтiнi басқы әрiптермен басылады.
Жинақ парақта iлеспе планның бары белгiленедi – бұл қандай да бiр тұлғаның сөйлеген сөзi, немесе берген сұхбаты, орындаған өлең немесе би үзiгi, спектакльден қойылым және сол сияқтылар болуы мүмкiн. Планды жазбалағаннан кейiн жинақ парақта «iлеспе» деген белгi қойылады. Жекеленген сөздер, диктор мәтiнiнiң орнын ауыстырғандағы сөз орамы, қол шапалақтау, дауыстар iлеспе болып есептелмейдi. Егерде жұмыс үстiнде, демалыс уақытында және сол сияқтыларда үлдiрге адам түсiрiлсе, кадрдың аржағында ол адамның бiрнәрсе туралы айтып тұрған даусы шығып тұрса, егерде қандай да оқиғаға кадрдың аржағында түсiнiк берiлген дауыс шықса, онда бұндай жағдайда «кадрдың аржағында дауыс (кiм екенi белгiлi болса, оны көрсету қажет)»
Жинақ парақтың соңында жинақ парақтың құрастырушысының лауазымы, тегi және құрастырылған күнi көрсетiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |