1.топ Ұлттық мүдде
2. топ Талап
3. топ Ар ұят топ мүшелері орындарына жайғассын (әр топта үш білім алушыдан)
Бағалау балдық жүйеде 10 балл және бағаламау немесе жартылай бағалауға сарапшылардың құқығына ерік беріледі.
Сарапшылар:
1. ДОӨЖО А.Қ.Сейтжанова
2. Әдіскер А.О.Нургелдиева
3. Пед психолог М.Б.Қаламбаева
Круиз ережесінде:
1. Салт-дәстүрлер туралы білесің бе?
2. Дәстүрлер туралы сөзжұмбақ шешу
3. Толық адам тұлғасын ашу
4. Жаңылтпаш айтыс
5. Сергіту сәті караоке «Мен қазақпын» Қуандық әні көрерменмен жұмыс
6. Ар-ұят ілімі - ырым тиым сөздер
7. Күйшіні және күйдің атауын табу
Құрметті білім алушылар, «Ұлттық мүдде, Талап, Ар-ұят» құндылықтары сөз болған жерде әрбір адам бойында болуға тиісті ұлттық мүддеге қызмет ететін талапшылдық, ар-ұяттылық қасиеттер туралы біршама тұлғалар тілге тиек еткен.
Сонымен қатар, тақырыпқа сай кітап көрмесінде кітаптармен бірге замандасымыз, пәлсапашы, «Отбасы хрестоматиясы» сериялы кітаптарының авторы Санжар Керімбайдың кітаптары да колледж кітапханасында бар, оқып танысыңыздар. Ендеше, Санжар Керімбайдың сұқбатын тамашалайық.( видео)
Ендеше, алғашқы круиздың атауы
Кезең. Салт-дәстүрлер Круиз тапсырмасы.
Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы, қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері, ұлттық құндылықтар: салт –дәстүр, әдет- ғұрыптары бар.
Бұл кезеңде әр топ ұяшықты таңдау арқылы берілген салт-дәстүр туралы әңгімелейді.
Ендеше, ұяшықтан тақырыпты таңдаймыз. Ат тергеу дәстүрі
Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Дәстүрлі неке-отбасылық қатынастарда қалыптасқан әйелдердің сөйлеу мәдениетінде орын алған табудың (тыйымның) баламасы, тұспал атауы. Жасы мен жолы үлкен, көзі тірі, тіптен дүниеден өтіп кеткен ата-апаларының аттарын атамай тұспалдап айтқан. Жанама немесе телінген есімі жоқ адам туралы сөз сөйлеу, баяндау, қажет болған жағдайда әйел әдебі бойынша оның атын атамай «аты теріс» (аттеріс) деп тергейтін болған.
Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайнаға, қайынсіңлісінің атын атамай, өзіне лайықты ат қойып «мырза қайнаға», «бай атам», «би атам», «жалқы бала», «тентегім», «төре бала», «еркем», әйел болса «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөзім», «ерке қыз» «аппақ қыз», «кенжеқыз» деп атайды. Жеңгелер жағы небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы: тапалды «сұңғағым», жайбасарды «жүйрігім» дейді. Мұның бәрі шын мәнінде сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі болып табылады. Ер адамдар да ақсақалдар мен өзінен үлкендерді «ата», «әке», Ереке, Аха, Жәке, Сәке деп құрметтеген. Бұл да осы ғұрыптың бір түрі. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Өзінен үлкен адамның атын тура атау анайылық болып табылады. Халық аузында мынадай қызықты әңгіме бар: Бір келіншек «сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр! Білемені жанымаға жанып-жанып тез келіңдер!», - депті. Сөйтсе ол Өзенбай, Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай деген қайны, қайнағаларының атын атай алмай тұр екен!
Достарыңызбен бөлісу: |