Төркіндеу дәстүрі
Мұның негізі "төркін" деген сөзден шыққан. Ұзатылған қыздың өз жұртына арнаулы баруы "төркіндеу" деп аталады. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туысы оны қонаққа шақырып, құрмет көрсетіп, қалаған затын әперіп риза қылып аттандыруы тиіс. Төркіндеу – әр қыздың парызы және оның бір-ақ рет төркіндеп баруға хақысы бар. Төркіндеудің халықтық, дәстүрлік маңызы зор және ол әйел затына ғана тән ғұрып. Дәстүрімізде қыз – төркіндеп, күйеу қайындап, жиен нағашылап барады.
Ақсарбас атау дәстүрі
Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.
Бата беру дәстүрі
Адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Дастарқанға берілетін батаны айтып өт:
-Дастарқандарыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін.
Астарыңа адалдық берсін.
Бастарыңа амандық берсін.
2 кезең тапсырмасы. Салт-дәстүрлер туралы сөзжұмбақ шешу.
Күн сайын сөзжұмбақ немесе соған ұқсас түрлі бас қатырғыштарды шешумен айналысу мидың саулығын жақсартып, зейінге, логикалық ойлауға және жады мықтылығы жұмысын белсенді етеді екен. Әрине, сөзжұмбақ салт- дәстүр сөзінен құралған он сөзден тұрады.
3 кезеңде Абай, Әл-Фараби, Ясауи сынды ғұламалар айтып кеткен «Толық адам» сипатын ашамыз, ұяшықты таңдай отырып екі сұраққа жауап береміз.
1. Толық адам тұлғасы (бір жәшікке екі сұрақтан)
1. Абай Құнанбаев «Толық адам» ілімін не деп сипаттайды?
2. Абай Құнанбаевтың «Толық адам» тақырыбында жазған өлеңдерін ата?
1. Абай Құнанбаев ілімі бойынша, әуелі «Жарым адамнан» «Адам» сатысына көтеріліп, сонан кейін ғана «Толық адам» сатысына жетуге болады. Бұл саты – көпшілік қауым көтеріле алмайтын, ерекше адамгершілік қасиеті бар адамдар ғана көтерілетін, өте жоғары деңгей. Олар сырт көзге қатардағы адам тәрiздi, бiрақ шын мәнiнде барлық құмарлық, ниет, ашу-ыза, өсек-аяңнан толық арылған перiштедей адамдар деп сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |