«Ұлттық құндылықтар – Ұлттық мүдде, Талап, Ар-ұят» құндылықтар круизы


Залдағы көрермен білім алушылармен жұмыс



бет9/9
Дата29.03.2024
өлшемі1.07 Mb.
#496964
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Амирханова И. ұлттық мүдде круиз

Залдағы көрермен білім алушылармен жұмыс.
Жерошақты аттама.
Ымыртта күл төкпе.
Күн батқанда сыпырындыны далаға шығарма.
Қараңғыда киіз қақпа.
Итаяқты теппе.
Есікті қатты жаппа.
Құдыққа түкірме.
Отқа түкірме.
Үйге қарай жүгірме.
Табалдырықты басып тұрма.
Адамға қарап керілме.
Кісінің үстінен аттама.
Аттың жүгенінен аттама.
Балтаны аттама.
Көсеуді аттама.
Бас киімді баспа.
Үйге тырнақ алма.
Қараңғыда тырнақ алма.
Бейітті саусағыңмен шошайтып көрсетпе.
Киімді теріс айналдырып тастама.
Малды теппе.
Есікті керме.
Итке ожаумен ас құйма.
Үлкен алдын кеспе.
Босағаға тұрма.
Дастарқанды қағазбен сүртпе.
Сыпырғышпен баланы ұрма.
Бос бесікті тербетпе.
Дастарқаннан аттама.
Бетіңді баспа.
Қазақ халқы осындай ырымдар мен тыйым сөздер арқылы ұл-қыздарын ұят болады, обал болады, жаман болады деген үш ауыз сөзбен тәрбелеген. Ата-бабамыздың айтып кеткен ескертпелерін әр кезде есімізде сақтап жүрейік.


7-кезең Күйші мен күйдің атауын тап (күй ойналады)
Ұ лттық құндылықтың бірі Күй өнері— музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, жетіген, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Күйшілер кең байтақ қазақ даласындағы шапқан аттың дүбірін, тауқымет пен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімін терең толғаныспен орындаған. Атадан балаға жалғасқан Дәулескер күйшілеріміздің өнері бес саусақты ойнатып, күйдің құдіретін сездірген. Осы кезеңде қазір естілетін күй туындысы мен автор орындаушыны табу керек

  1. Құрманғазы « Адай»

  2. Нұрғиса « Әлхисса»

  3. Маханбет « Жұмыр қылыш»



Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары.
Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны. Сондықтан, ошағының басында тілі мен ділі, діні мен дәстүрі дәріптелмеген ұрпақтың ұлт туралы ойы да шолақ болмақ.
Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – Ұлттық мүдде, Талап, Ар-ұят» құндылықтар тақырыбындағы круиз өз межесіне жетті.
Сарапшылар алқасы ақылдасып алғанша сахна төріне жезтаңдай әнші Самандарды шақырамын. Самандармен бірге «Шілдехана, бесік той» әні караокеде бәріміз бірге айтайық.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіремін.
Сарапшыларға сөз кезегі беріледі.

Қорытынды сөз.


Қазіргі ХХІ ғасырдағы ұрпақтың міндеті экономикамызды дамыта отырып, ұлттық құндылықтарды қорғап, дамытып, сақтай отырып, әлемдік қауымдастыққа кірігу. Ұлттық құндылықтарды сақтай алмасақ жахандануға жұтылым кетеміз.
Заман қалай өзгерсе де өзгермейтін ұрпақ тәрбиесінде ұстанымдар, құндылықтар қалады. Ананы асқақтату, үлкендерді құрметтеу, татулық пен бірлік, әділдік пен адалдық қасиеттері, ана тілін сүю, Өнеге салтымызды сақтау, елдігіміз бен тәуелсіздігімізді қастерлеу, ата -бабадан қалған мирасты қадірлеу -қуатты қоғамға күш беріп, ұлттың сапасын қалыптастыруда тұғыр болмақ.
Сондықтан ұлттық құндылықтар ұрпаққа аманат.


Ұлттық мүддеміз биік, Талабымыз күшті, Ар-ұятты намысты болайық!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет