Бүгінгі сынып сағатының тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық қасиет»
«Ой қозғау»
Толықтырыңдар.
Қай ғалымның сөзі?
....... - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.
........., жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады.
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттығымыздың алдаспаны. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Білім - асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні. Білім ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие! Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты,адам мен адамды теңестіретін -білім» деген.
Еңбекқорлық-адамды шыңға жетелеп, бар мақсатына уақытында жеткізетін қасиет. Еңбек - жауапкершілікке жетелейді. Жетістікке жетудің сыры – қажырлы еңбек. «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады»,- деген мақалдар да еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екендігін көрсетеді.
Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген.
Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер?
Отаншылдық - келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасын, туған өлкесін, отанын сүюге, ар-намысын қорғауға, және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Оның басты қағидасы Отанға, өзінің халқына, Атамекеніне деген сүйіспеншілік болып табылады. Күнделікті тіршілікте ол азаматтардың өндірістегі, ғылымдағы, өнердегі, спорттағы, жасампаз еңбегінен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |