М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер. Кіріспе


«Абай жолы» роман-эпопеясындағы қайтыс болған адамға қатысыты жасалатын салт-дәстүрлер, рәсімдер. Қаралы көш



бет12/14
Дата03.01.2022
өлшемі54.13 Kb.
#451224
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
М. Әуезовтің «Абай жолы» романындағы әдет – ғұрыптар мен салт – дәстүрлер.

2.4. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қайтыс болған адамға қатысыты жасалатын салт-дәстүрлер, рәсімдер. Қаралы көш

«Өмір бар жерде, өлім бар» дейді. Бұл - өмірдің бұлжымас қағидасы. «Адамның өмірге деп басқан алғашқы қадамы - өлімге деп басқан алғашқы қадамы» - дейді ұлы Фердоуси. Ал сол өмірден өткен адамның  қазасын естірту, жаназасын шығару, артынан құран бағыштап, ас беру романда қалай суреттеледі? Адам, оның ішінде өңірге белгілі, беделді адам қайтыс болған соң, сол адамның қайтыс болғаны жөнінде жан-жаққа хабар айтылады, хабар айтушы шапқыншыны «хабаршы» деп атайды. Хабар көршілерден бастап, жан-жаққа «хабаршы» арқылы таратылады. Хабаршы арқылы қаза хабарын алған ағайындар, ауылға жақындағанда, ауылға «ой бауырымдап», екі жаққа кезек ауытқып, ат қоя шабады. Қаралы ауылға жақындағанда ат қоя шабу үлкен адам қайтыс болғанда жасалынатын жол-жора. Ал жас бала қайтыс болғанда ауылға ат қоя шабу жақсы ырым емес. Қаралы үйге келген соң көңіл айта келген адам есік алдындағылармен көрісіп, іште жоқтау айтып жатқан әйелдерге «құлыным, құлыншағым» деп үн сала, жылап кіретін болған. Ал халқымыздың бұл дәстүрін М.Әуезов қалай суреттейді?

«Абай Тәкежан үйіне ат қойып келген жоқ. Жас балаға ат қою жақсы ырым емес. Және жанкүйерлер саналатын қаза бұл емес, Мақұлбай үшін Абай да әрі аға, әрі әке шендес. Тыста тұрған Тәкежан мен Абай құшақтасып көрісті де, үйде дауыс айта бастаған Қаражанға, басқа әйелдерге дағды бойынша «құлыным, құлыншағым» деп үн салып, жылап кірді.» 

Ал, Бөжей үлкен кісі. Оған ат қоя шабу орынды. Қаралы ауылға жақындағанда ат қоя шапқан кісілер, аттарынан түсіп, қаралы үй алдында тұрған, ағайындармен көрісіп, үйге кіреді. Үйде қаралы әйелдермен сол үйдің бой жеткен қыздары, қаза болған адамның өмірдегі жетістіктері мен ерекше қасиеттерін айтып жоқтайды. Жоқтау аяқталар, аяқталмастан, егер, қайтыс болған адамның жаназасы оқылған жағдайда, көрісе келгендер қаза болған адамға құран бағыштайды. Құран оқылып жатқанда ешкім жылауға тиіс емес. Құран оқылып жатқанда жылау құранмен таласқандық болады. Бұл салт-жора «Абай жолында» былай суреттеледі: «Құран оқу басталысымен, Құнанбай басын төмен салып, мүлгіп, жалғыз көзін жұма түсті. Әлі жылауын тоқтатып болмаған келіні жаққа сол қолымен ишарат жасап, «тоқтат» дегендей етті. Қаражаннан жоғары отырған Айғыз, Қалиқалар Құнанбайдың қимылын көре сала, келінге: - Тоқта, құранмен таласпа!–десті» (1) -деп суреттейді жазушы. Әуезов.     



Романда Бөжейдің қазасын естіртіп, Құнанбайға ғана «хабаршы» жібермейді. «...Кеудесіне  араздықтың   қаны   қатқан   ағайын,  енді  міне, өлім екеш өлімімен де оқ атып кеткендей! Аталас жатқан Олжай іші былай тұрсын, тіпті қалың Тобықты ішінде, алыс аталардың арасында да дәл мынадай алалау, кеудеге түрту болған емес» - деп суреттейді автор. Кеудедегі беріш болып қатқан ызалы кек, кейде тіпті салт-дәстүрді де аяққа басады екен. Кейіннен Құнанбайлар Бөжей ауылына бата оқырға келгенде, Бөжейдің өлімін жоқтап отырған қыздары:   

Жау боп шықты Ырғызбай,

Айыпқа бердің бір қызды –ай 

Оның аты Құнанбай,

Жүйріктігі құлындай,

Шұбарлығы жыландай... – деп салады. Дәл осы өлеңде Құнанбайдың бүкіл болмысы мен образы ашылып тұрғандай. «Төрде төмен қарап, тымағын көзіне киіп, тұнжырап отырған Құнанбайды мына екі қыздыің қатал дауысы басқа соққандай болды. Бірақ бұл – дауыс. Намаз сияқты бұзылмайтын жол жора. Айтар сөз, тыяр тиым, істер шара жоқ» – деп суреттейді жазушы М. Әуезов. «Қарадан шығып хан болған» дейтін қатал, һәм қаһарлы Құнанбайдың өзі жүздеген жылдар бұрын қалыптасқан халқымыздың әдет-ғұрпының алдында тым әлсіз. Бұдан әрі оқиға қалай өрбиді. Жазушы Мұхтар Әуезовты тыңдайық: «Сөйткенше, төрде отырған біреудің қатты тамсанған үнін есітті. Қараса – Сары апаң екен. Ол ашулы түспен түйіліп, қара шапанды басына жамыла беріп, жүрелей отырып ап, айқайлай жөнелді. Сөзінің басы Бөжейді мақтау мен сол жақсыны жоқтау еді. Соның аяғын шұбыртып кеп:                     

Мына да қарлар не дейді?                        

Жақсыдан жаман көбейді.                        

Ескінің асыл көзі еді,                      

Ұрлап та көмдің Бөжейді, - деп қатты айқайлап қалт тоқтады. Екі жақ та: «Айтамыз, жеткіземіз» деген орайлы сөздерін осы әйелдердің ауыздарымен айтысты. Осыдан әрі қайталанған да, өршіген де сөз болған жоқ.» (Абай жолы, 205 б.) Міне, ер азамат тосылған жерде, жол табатын осындай аналарымыз болған. Жалпы халқымызда «торқалы той, топырақты өлім» дегенде араздық, дау уақытша болса да ұмытылған. Ал Бөжей өлімі Тобықты ішінде оқшау жағдай туғызды. «Кісісі өлсе қаралы ол» - демекші, өлім әрине, трагедия, бірақ өлім, оның артын күту, оның  шығарып  салуға  байланысты   әр   халықтың   өзінің салт-дәстүрінен туған рәсімі болады. Адам қайтыс болған соң оған арнап бөлек үй тігеді. Үй тігіліп болған соң оған бөтен жасау-жабдықтар кіргізілмей, сүйек төсек қойып, оны қара кілеммен тегістеп жауып, мәйітті осы сүйек төсекке әкеп салғызады. Жаназасын шығарғанша адам сүйегі осында болады. Бұл үйді «Қаралы үй» деп атап, оң жақ босағасына ұзын найзаның басына ту іледі. Оны қара деп атайды. Егер қайтыс болған адам кәрі болса ақ ту, жас болса қызыл ту тігіледі. Қайтыс болған адам орта жаста болса бір жағы ақ, бір жағы қызыл болады.

Осы күннің ертесіне суық сыбыс анық болды. Бөжей қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. Бұл уақытта Құнанбай, Ұлжан, Зере, Абай, Оспан, Тәкежан таңертенгі шайын ішіп отырған еді. Бұны Құнанбайға ешкімде арнайы хабаршы жіберіп естіртпеді. Бұған ол қатты қапа болды. Зере көз жасын бір төгіп алды. Абай болса жүрегі аузына тығылғандай күй кешті.

Байдалы сүйекті орналастырып болысымен,сол өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеліп қара тіктіЖаназасын шығарғанға шейін өлік осында болмақ.

Байдалы ескіге жүйрік Сүйіндікпен ақылдасады.

Сүйіндік жас кісі өлсетуы қызыл болатынын,кәрі өлсе туы ақ болатынын айтып келеді де, «Бөжейдей орта жасты кісіге - бір жағы қызыл, бір жағы ақ болуы керек» дегенді айтқан

Қара тіккен Байдалы халық атынан Бөжейдей арысына ас берем деген ырымын жасады (Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 37 б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет