Контент-анализдік зерттеудiң мақсаты, мiндеттерi
Зерттеудiң мақсаты - М.Жұмабаевтың «Педагогика» кiтабындағы психологиялық атаулар мен терминдердi жүйелеудегi негiзгi ұстанымдары мен ұлттық педагогикалық-психологияның ғылыми терминдерiне берген сапалық анықтамаларының бүгiнгi психологиядағы ғылыми терминдермен сәйкестігі тұрғысынан талдауға ұмтылу.
Зерттеу объектiсi - М.Жұмабаевтың «Педагогика» кiтабы.
Зерттеу әдiстемесi: Контент-анализ әдiсi.
Зерттеу мiндеттерi:
М.Жұмабаев мұралары туралы жазылған ғылыми еңбектерге шолу.
М.Жұмабаев еңбегіндегі психологиялық мәселелерді қарастыру.
М.Жұмабаев «Педагогика» кiтабындағы ғылыми атаулар мен терминдердi контент-анализ әдiсi арқылы талдау.
Зерттеу нәтижелерiн өңдеу, талдау, қорытындылау
Контент-анализ әдісі түрлi әлеуметтiк зерттеулерде соның iшiнде әлеуметтiк психологияда қолданылатын қүжаттарды талдау әдiсiнiң бiрi болып табылады.
Контент анализдiң қүжаттардың мазмүнын зерттейтiн басқа әдiстердiң спецификасы бүл процедурада зерттелiнетiн текстердiң мағыналық бiрлiгiнiң кездесi жиiлiгi есептелiнедi.
Контент-анализдiң мақсаты-қүжат текстiн талдау негiзiнде реалды адамдар мен қүбылыстар туралы қорытынды жасау.
Контент-анализ процесiндегi негiзгi қиындық зерттелiнетiн қүбылыстардың немесе сипаттың текстегi сәйкес индикаторларын табуға көмектесетiн процедураларды анықтау, оларды өлшеу және адекватты тұрде интерпретация жасау. Осы мiндеттi шешуде контент-анализ бiрнеше процедураларды қолданады.
Контент-анализдегi стандартты бiрлiк ретiнде мыналарды аламыз.
а) сөз, символ, термин;
ә) пiкiрлер мен ой қорытындылары;
б) жалпы әңгiме тақырыбы
в) персонаждар;
г) автор
д) жалпы түтас хабарламалар
Контент-анализдiң категориясы деп- алынатын зерттеудiң кiлттiк концептуалды ұғымдарын қалыптастыру. Талданатын құжаттардың жеке элементтерiн де осы категориялардың кездесу жиiлiгiн сенiмдi және жұйелi түрде тiркеп отыру керек. Осылай алынған сандық мәлiметтер статистикалық өңдеуге жiберiлiп, зерттеу мақсатына сай талданады.
Контент-анализдiң көмегiмен ашып сұрақтар жауабын өңдеуде, интервью материалдарын өңдеуде, тұрлi әлеуметтiк құбылыстарды, топтық белсендiлiк процесiн, құндылық бағдар ларын зерттеуде қолданылады.
Контент анализдiң бiрлiктерiн екi топқа бөлемiз: сапалық және сандық бiрлiктер. Контент анализдегi сапалық бiрлiктер текстен ненi санау керек деген сұраққа жауап бередi. Ал сандық бiрлiктер қалай санау керек-деген сұраққа жауап бередi.
Сапалық бiрлiктерге категорияларды жатқызуға болады.
Контент-анализдiң категориясы ретiнде зерттеудiң концептуалды схемасын құратын кiлттi ұғымдарды қарастырамыз. Категориялар неғұрлым ұсақ, сапалық бiрлiктерге, яғни подкатегорияларға бөлiнуi мұмкiн. Категориялардың индикатор лары бұл сәйкес категориялармен подкатегориялардың сапалық белгiсi ретiнде көрiнетiн мазмұн бiрлiктерi.
Контент-анализдiң категориясы ретiнде алынатын зерттеудiң кiлттiк концептуалды ұғымдары: психологиялық термин сөздер
А-сыртқы безендiру; В-iшкi мазмұны.
А1-Термин атаулары
А2-анықтамалардың болуы
В1-сапалы анықтамалардың болуы
В2-ақпараттың толық болуы.
1-кесте. М.Жұмабаев еңбегiндегi психологиялық терминдер
Категориялар
|
К е з д е с у ж и i л i г i
|
|
зейін
|
ой
|
сезiм
|
назар
|
ерiк
|
қиял
|
қабiлет
|
түйсiк
|
А1-термин атаулары
|
412
|
260
|
376
|
141
|
382
|
238
|
280
|
245
|
А2-анықтамалар дың болуы
|
5
|
3
|
3
|
3
|
2
|
2
|
3
|
4
|
В1-сапалы анықтамалар болуы
|
3
|
1
|
1
|
2
|
2
|
1
|
2
|
2
|
В2-ақпараттың толық болуы
|
5
|
2
|
2
|
3
|
2
|
2
|
3
|
3
|
Контент-анализдiк зертеуден шыққан қорытындылар мынадай: М.Жұмабаев кiтабында психикалық процестердiң iшiнде зейін (абай) процесiнiң кездесу жиiлiгi-412, ал оған берiлген анықтамалар 5-рет кездестi. Осы атауға байланысты сапалы психологиялық анықтамалар 3-рет кездестi. Келесi ең көп жиiлiкте кездескен термин - ерiк (қайрат) /376/, сапалы анықтамалар 1-рет, ақпараттың толық берiлуi 2-рет кездестi. Келесi жиi кездескен қабiлет терминi /280/, сапалы анықтамалар 3-рет, ақпараттың толық қамтылуы 3-рет кездестi. Бұдан кейiнгi кездесу жиiлiгi жоғары ойлау процесi /260/, анықтаманың берiлуi 3 рет, сапалы анықтаманың кездесуi-1, ақпараттың толық болуы 2-рет кездестi. Келесi жиi кездескен тұйсiк процесi /245/, анықтамалар 4-рет, сапалы анықтамалар-2 рет, ақпараттың толық қамтылуы 3-рет кездестi. БҰл арада автордың тұйсiктi сезiм саңылауы деп атағанын ескерткенiмiз жөн. Бұдан кейiнгi кездесу жиiлiгi жоғары қиял процесi /238/, анықтаманың берiлуi 2-рет, сапалы анықтаманың кездесуi-1, ақпараттың толық болуы 2-рет кездестi. Кездесу жиiлiгi деңгейi бойынша келесi ретте назар (iлтипат) немесе қазiргi зейiн процесi /141/, анықтаманың берiлуi-3 рет, сапалы анықтама-2, ақпараттың толық берiлуi-3 реттiк жиiлiкте кездестi.
М.Жұмабаев бұл аталған процестердiң мен қасиеттердiң барлығын да адамның саналы iс-ёрекетiнiң жемiсi деп тұсiндiредi жёне ёрқайсысына ғылыми тұрғыда сапалық психологиялық анықтама бередi.
Зерттеу жұмысының келесi бағыты М.Жұмабаев құрастырған психологиялық-педагогикалық терминдердiң қазақша-орысша сөздiгiн белгiлi бiр жүйеде кестеге түсiруге арналды.
М. Жұмабаев құрастырған психологиялық терминдердің қысқаша қазақша-орысша сөздігі
Достарыңызбен бөлісу: |