М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық мәселелердің тәрбиелік мәнін игерту әдістемесі/Әдістемелік қҰрал



бет4/10
Дата06.06.2024
өлшемі276 Kb.
#502383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
АГЫСБАЕВА А ПСИХОЛОГ АКТОБЕ

І тарау бойынша тұжырым
Қазақстандағы ұлттық психология ғылымының негізін салушылардың еңбектері бүгінгі таңда терең зерттеуді қажет етеді. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы экономикалық-әлеуметтік жағдайлар үнемі көшіп-қонып жүрген қыр халқының қоғамдық санасына, оның рухани өміріне де елеулі әсер еткені жайлы аз жазылып жүрген жоқ. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласына келген осындай жаңалықтар жаңа тұрпаттағы мектеп құру ісіне, халық ағарту ісін жаңа бетбұрысқа түсіруге тәлім-тәрбие, педагогикалық, психологиялық ой-пікірлердің дамуына айтарлықтай ықпал етті.
Тұжырымдай келгенде, туған халқы мен алпыс жылдан кейін қайта көрісіп, табысқан біртуар қазақ зиялыларының ішінде тәлім-тәрбие, оқу-ағарту мәселелері саласында сындарлы, терең мағыналы ғылыми еңбектерді өндіре жазған адамның бірі – Мағжан Жұмабаев.
Мағжан өз еңбегінде педагогика мен психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды.
Мағжан шығармалары көркемдігі жан-дүние, сезім, жігер, қайрат, ерік, күш-қуат тағы сол сияқты құбылыстарды зерттеудің нәтижесінде биікке қол жеткізген. Осының ішінде адамгершілік, ар-намыс, көркемдік сөздері оның өлеңдерінде асқан шеберлікпен берілгендіктен адамдардың жүрек қылдарын дөп басып, дәл әсер береді.
ІІ М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» АТТЫ ЕҢБЕГІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


М.Жұмабаев мұрасындағы жалпы психологияның мәселелері

М.Жұмабаев «психология – адамдардың жанының жайын, жан тұрмысын, жан көріністерін, жан күштерін, ақыл-қайрат, көңілдің жайын баяндайтын пән» деп анықтама береді /7/.


М.Жұмабаев психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында да терең білімдарлық танытады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен қазақ қаламгерлерінің туындыларын, ұлттық психологияның болу нақышын нәзік шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық.
Мағжан Жұмабаев «психология» деген сөзді «жан тілі» деп аударып, психология «жан туралы пән» дей отырып, «баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді» -деп белгілейді. Мұнда психология пәні нені зерттейді, не үшін керек деген сұрақтарға тоқтала отырып, мынадай мәселелерді анықтайды. Жан көріністерінің дене көріністерінің айырмашылы ғы: жан көріністері мен дене көріністерінің арасындағы байлам; жан көріністері үйрену жолдары өзін бақылау; жан тұрмысының түзу болу шарттары; нерв жүйесін өсіру және бейімдеу, нерв жүйесінің қызметі; оның белсенділігін сақтау; мидың қажуы және оны тынықтыру.
Жан көріністерінен – ақыл және ішкі сезім деп бөледі, жан тұрмысының бірлігін дәріптейді. Ақыл көрінісі: әсерлену ұғымының пайда болуы, мұнда әсерлену көрінісінің пайда болу шарттары әсерленудің іші, күші, тоны, сын-сипатына т.б тоқталған. Бұл мәселенің барлығы ұлттық психология тұрғысынан қарастыруға ұмтылған. Адамның бойындағы психологиялық көріністерді сипаттауда іскерлік, суреттеу, тұқымдық ассоциация, ес, зейін, қиял, ойлау, ой шығару, тіл т.б. кеңінен тоқталып, оларға жатық, қарапайым, қолайлы түсіндірмелер береді/10/.
Енді М.Жұмабаевтың жалпы психология мәселелеріне кеңінен тоқталып, қарастырайық. Психология – ескі пән. Бұл пәнді пән етіп дүниеге шығарушы Иса пайғамбардан бұрын болған, грек ұлтынан шыққан Александр Македонский, Еркендір Зұлқарнайын патшаның тәрбиешісі Аристотель данышпан. Басында айтқанымыздай, «психология – жан туралы пән» деген М.Жұмабаев. Жанды ешкім көрмесе де жанның барлығына дау жоқ. Бірақ сол жан деген не нәрсе? Жанның не нәрсе екендігі туралы үш пікір бар. Үшеуі үш түрлі философия пікіріне негізделген. Бірінішісі – жан деген бөлек, өз алдына бір нәрсе дейді. Бұл баяғыдан келе жатқан пікір. Қазақтың шыбын шыбын сияқты зат, өлгенде ауыздан шығып кетеді, ұйықтағанда мұрнынан шығып серуендеп жүреді-міс дейтін ертегісі осы пікірдің бір сәулесі.
Бұл жан денеден тіпті бөлек, өз алдына қандай да болса бір зат деген пікір «спиритуализм», яки «идеализм» деп аталады. Екінші пікір – жан дене іскерлігінің бір түрі дейді. Яғни жан деген жеке зат жоқ, жан деген дененің бір бөлігі деген сөз. Бұл пікір материализм деп аталады.
Үшінші пікір жан деген жан көрінісінің жиынтығы дейді. Яғни, жан деген ойлау, сезу және басқа барлық көріністердің жалпы аты дейді. Бұл пікір «феноменализм» яғни «эмпиризм» деп аталады. Қайткенде, адамзат бұл күнге шейін жанның не зат екенін біле алған жоқ. Жанның не зат екенін білінбеуінен жанның бар екендігіне күмән келтіруге болмайды. Жан бар. Барлығы сол, оның істері, көріністері бар. Ақша қар қосылып жатқан айқын ізге түссең, алдында аңның барлығына күмән келтіресің бе? Бұл да сол сықылды. Жалғыз айырмашылық мынау ізге түсе отырып, адамзат аңды баяғыдан бері соғып келсе де, жанға жете алған жоқ. Яғни, істері, көріністері бойынша жанның не зат екенін қанша білгіш болса да, әлі күнге дейін біле алған жоқ. Бірақ, бұдан бала тәрбиесі ақсамайды. Баланың жанын жақсы тәрбиелеу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді.
Ал, енді М. Жұмабаев жан көрінісі мен дене көрінісінің арасында қаншалықты айырма бар екеніне тоқталып өтеді: «Жан көріністері мен дене көріністернің арасында көп айырма бар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет