М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық мәселелердің тәрбиелік мәнін игерту әдістемесі/Әдістемелік қҰрал



бет9/10
Дата06.06.2024
өлшемі276 Kb.
#502383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
АГЫСБАЕВА А ПСИХОЛОГ АКТОБЕ

М.Жұмабаев қолданған атаулар

Қазіргі кездегі атаулары

Орыс тіліндегі атауы

абстракция
абай
ассоциация
арман
аналогия
әдет
әрекет
белсенділік
дедукция
жасанды
жеткіншек
жан қуаттары
жігіттік
зеректік
зейін
индукция
иллюзия
көпшілдік
категория
келістілік
қайрат
қылық
құлық
құмарлық
қорытынды
қызмет
локализация
мүдде
мінез
меланхолик
мимика
ойлау
өркендеу
перцепция
рефлекс
сезім
сангвиник
силлогизм
темперамент
тітіркендіргіш
ұғым
флегматик
холерик
қиял
хүкім
ынта
үмітшіл
істей білу

абстракция
зейін
ассоциация
------------------
аналогия
әдет
әрекет
белсенділік
дедукция
жасанды
жасөспірім
психол. процесстер
жастық
қабілеттілік
зейін
индукция
иллюзия (алдану)
альтруизм
категория
сәйкестік
ерік
мінез-құлық
мораль
-----------------
ой қорытындысы
іс-әрекет
локализация
қызығу
мінез
меланхолик
мимика
ойлау
даму
перцепция
рефлекс
сезім
сангвиник
силлогизм
темперамент
тітіркендіргіш
ұғым
флегматик
холерик
қиял
пікір
қызығу
оптимист
икемділік

абстракция
внимание
ассоциация
----------------
аналогия
привычка
действие
активность
дедукция
искусственный
отрок
психол. процессы
юношество
способность
внимание
индукция
иллюзия
альтруизм
категория
гармония
воля
поведение
мораль
страсть
умозаключение
деятельность
локализация
интерес
характер
меланхолик
мимика
мышление
развитие
перцепция
рефлекс
чувста
сангвиник
силлогизм
темперамент
возбудимость
понятие
флегматик
холерик
воображание
мнение
интерес
оптимист
умения



ІІ бойынша тұжырым

М.Жұмабаев психология пәніне өте кең орын беріп, барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында да терең білімдарлық танытады. Оның жан қуаттары жайлы пікірлерінде дала өмірі мен қазақ қаламгерлерінің туындыларын, ұлттық психологияның болу нақышын нәзік шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық.


Мағжан Жұмабаев «психология» деген сөзді «жан тілі» деп аударып, психология «жан туралы пән» дей отырып, «баланың жанын жақсы тәрбие қылу үшін жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді» -деп белгілейді. Мұнда психология пәні нені зерттейді, не үшін керек деген сұрақтарға тоқтала отырып, мынадай мәселелерді анықтайды.
М. Жұмабаевтың психология мәселесі жөнінде айтқан түйін-тұжырымдарына қатысты маңызды мәселенің бірі – ғылымның төл атауларын жасау, осы орайда ғұлама ғалымның алатын орны жөніндегі мәселе. Халқымыз қай заманда болсын сөз қасиетінің құдыретін кәусар бұлаққа балап, оны сарқылмас рухани байлық ретінде пайдалана біліп, оның кейбір асылдарын халық ұғымында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Ел намысын оятатын да, елді ұйытатын да сөз құдыреті. Қазақ сөз өнерінің осыншалық құдыреті – оның асқан пәрменділігінде, қысқа болса да нұсқалығында, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйе білуде.
Мағжан қазақ арасына бұрыннан терең тағылымды аңыздар, даналық нақылдар түрінде кең мағлұм болған ежелгі грек данышпандары (Платон, Сократ, Аристотель т.б) жоғарыда айтылған қайта өрлеу дәуірінің алыптарын, орыстың төңкеріске дейінгі және кейінгі өзі жақтайтын және жақтамайтын педагог, психолог оқымыстыларын зерделеп оқығанын, сондықтан да жұрт алды-артына қарамай «екпіндеп бара жатқан» алмағайып заманда дұрыс бағытта болғанын пайымдау қиын емес.
М. Жұмабаев кезінде қолданған психологиялық ғылыми терминдердің басым көпшілігі қазіргі қазақ психологиясынан орнықты орын алып отыр. ғұлама ғалымның термин жасау тәжірибиесін қазіргі жағдайда бірден-бір үлгі ретінде ұсынсақ ұтылмаймыз.
Қорытынды

Мағжанның «Педагогика» атты еңбегіне қысқаша талдауымызды аяқтай келіп, қазақтың кемеңгер ұлы ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбандыққа шалғандардың бірі, қынаптағы семсердей, халқының игілігіне не істеуге жұмсаса да даяр болған. Оның еңбектерінен біз бірқатар маңызды, құнды психологиялық қағиданы байқаймыз.


«Адам – жаңашыл: жаңа үстіне жаңа тілейді, жаңадан жаңаға құмар келеді: адам - әсемшіл: әсемнен әсем, сұлудан сұлу таңдайды» дейді екен М.Жұмабаев.
Адамзат көшінің бір орынды сарыжұрт қылма үнемі ілгерілеуге, өзгеруге ұмтылған қасиетін қандай дөп басқан. Бұл орайда өзінің жазған психология саласындағы еңбектері осы күнде әлі де өзіндік мәнін жоймай келеді.
Психологияға тұрақталған түсініктер мен терминдер енгізіп, халықтың өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін алғаш рет ажырата қарастырады.
Мағжан өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды. Осының барысында оның бірқатар қорытындылары үлкен ой салды. Автор шамасы келгенше қазақ қанын қабыстыруға ұмтылды. Автор өзі көрсеткендей Рубинштейн, Скворцов, Смирнов т.б. ғалымдардың еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқынының тұрмысына жақындастырып, ұлттық ерекшіктерімен лайықтастырған.
Мағжан өзінің еңбегінің бір бөлігін психологияға арнауы тектен-тек емес, психологияны міндетті түрде меңгеруді, былайша айтқанда бала психологиясын жан-жақты білуді, бақылауды ғылыми тұрғыдан білімділікпен жүргізуді ұсынады.
Даналарды ұғатын данышпандар болар деген түсінік тегін айтылмаған. Мағжан еңбегінде Абайға сүйеніп, Міржақып, Шәңгерей жырларын пайдаланады. Халқымыздың бай тәрбие мәдениеті болғандығын дәлелдейді.
Көшпелілер әулетінде ұлылар көп болған. Соның ішінде қазақ қауымының ішінде дара дана – Мағжан десек қателеспейміз. Бұған арнайы түсініктеме жасамай-ақ, осы мәселеде көтерілген ғалым түйінінің терең психологиялық астары барына оқырман қауымның көзқарасын аудартып, бұл тақырыптың алдағы жерде де әрмен қарай зерттей түсу қажет.
Қорыта келгенде, біз өз әдістемелік зерттеу жұмысымыздың түйіні ретінде бірнеше ұсыныстарды бейнелеуге болады.

  1. М.Жұмабаев еңбектеріндегі психологиялық көзқарастар мен ой-пікірлерін халқымызға және өзге ұлт өкілдеріне кеңінен насихаттау.

  2. М.Жұмабаев еңбектеріндегі психологиялық ой-пікірлерін шет ел тілдеріне аударып жариялау ісін қолға алу.

  3. М.Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы және ұлттық психология мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу жұмыстарын жүргізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет