М. Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегіндегі психологиялық мәселелердің тәрбиелік мәнін игерту әдістемесі/Әдістемелік қҰрал



бет5/10
Дата06.06.2024
өлшемі276 Kb.
#502383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
АГЫСБАЕВА А ПСИХОЛОГ АКТОБЕ

Бірінші: сыртқы дүние заттардың бәрі; мысалы, қазан, дөңбек, құрық белгілі бір орын алып тұрады, қандай зат болса, орын алатыны бізге белгілі. Егерде бір заттың алып тұрған орнын өлшеген болсақ, пәлендей орын алып тұр дейміз. Өлшемеген болсақ, пәлен зат ұлкен, не болмаса кіші, яғни пәлен зат пәлен заттың не оң, не сол жағында тұр дейміз. Сыртқы дүниедегі заттың өзі түгел, ол заттың өзі де белгілі бір орын алады. Жан көріністері жалғыз уақытпен ғана өлшенеді. Біз жан көріністері туралы, мысалы ой жайлы, пәлен уақытта болады, яки осы кезде болады деп айта аламыз.
Екінші. Сыртқы дене заттарының көріністері сезім мүшесі арқылы көрінеді. Ал енді, жан көріністерін сырт сезіммен сезуге болмайды.
Үшінші. Сыртқы денеде бірнеше заттар, яки көріністер бір уақытта бола береді. Ал енді, жан көріністері бір уақытта болмайды. Олар бірінің артынан бір өтеді.
Жан көріністері мен дене көріністері арасында қанша айырма болғанымен, аралығында тіпті жақындық та жоқ емес, қайта мықты байлам бар», дейді М. Жұмабаев. «Дене жанға, жан денеге байлаулы, біреуінің біреусіз күні жоқ.
Өзіңізге мәлім – дене сау болса, жанымыздың ісі де сау. Яғни ақылымыз түзу, мінезіміз дұрыс, қайратымыз берік болады. Басқа ауру, мидың ауруы жан ісіне жаман әсер етеді.
Жан тұрмысын жарыққа шығаратын жан мен дене арасында тіл хатшы болады. Құрал, жан мен денені бір-біріне байлайтын жүйке жүйесі деп аталады» дейді М. Жұмабаев. Осылай жүйке жүйесін екі бөлімге бөледі: орда бөлімі (ми жұлыны) және бұтақ бөлімі, яки, «перифериясы». Жүйке жүйесінің бірінің түрі бастығы – ми. Мидан он сегіз егіз жүйке шығады.
«Жүйке жүйесінің ағасы, биі – ми. Ми – жанның құралы. Жан ми арқылы сыртқы дүниеде не өз денесінде болып жатқанын біледі. Миды жұмсап, жан денені қозғайды. Егер ми зақымдалса, онда адамның қол-аяғы қозғалмай қалады. Яғни, «паралич» болады.
Жүйке жүйесінің сау болуы керектілігі секілді, оның жақсы өсуі берік болуы да керек. Ол үшін баланы бастапқы кезден сыртқы сезімдерін ұлғайтатын, дене мүшелерін көп қозғалтатын жұмыстер істеу керек»/9/.
Бұл айтылғандардың өзіндік мән-мағынасы бар. Сол кездің өзінде Мағжан жан-жақтылығымен көрініп, мәнді пікірлер қалдырып кеткенін көреміз
М. Жұмабаев жан көріністерін қанша түрлі болғанымен, оларды түп мінездері бойынша үш топқа бөлуге болады дейді. «Білу, яғни, ақыл көріністері, ішкі сезім, яғни, көңіл көрінестері мен қайрат көріністері. Бір заттың яғни көріністерінің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды яки айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемейтін боламыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл қайрат ісі» деп көрсетеді де әрі қарай осы үшеуін қарапайым мысалмен көрсетеді.
Сонымен қатар жасөспірім бойына сіңіру, тәрбиелеу жолдарын білдіреді. Кітаптың осы бөлімінде әсерлену сезім туралы ойын таратуда көркемдік, тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. Мұнда ол сұлулыққа тәрбиелеудегі табиғат пен өнердің мәнін, жарқын орта – үй іші, зат, дүние, адамның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, іс-әрекет көркемдігін ашып көрсетеді. Сондай-ақ ересек адамдар әрқашан жақсы үлгі көрсету керек екендігін баса белгілейді.
Мағжан әсерленуді былайша түсіндіреді «әсерлену көрінісінің болуы былайша сыртқы дүниедегі бір заттың денемізге яғни жүйке ұшына әсер қылады. Мысалы, дауыс, құлақ, жүйкеге әсер қылады. Ми осы келген әсермен әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы нерв системасының алып келген әсері жанның аңдауы, әсірлену деп аталады», деп қарапайым анықтама береді.
«Әсерелену – орындастыру, яки локализация. Әсерлену орда жүйесінде, мида, жұлында ғана болса да, денеміздің қай жеріне әсер болса, біз әсерленуді сол жерге алып барамыз. Әсер денеміздің қай жерінде болса, сол жерде әсерленуді орналастыру яғни локализация деп аталады.
Перцепция, яғни, локализация әсерленуді туғызатын себепті, затты табу перцепция деп аталады.
Апперцепция. Әсерленуді бұрынғы болған тәжірбиелермен толықтыру апперцепция деп аталады.
Перцепция мен апперцепция арасындағы байлам мынандай: перцепция неғұрлым күшті болса, апперцепция соғұрлым әлсіз болады. Керісінше апперцепция неғұрлым күшті болса, перцепция соғұрлым әлсіз болады. Ал енді, перцепция апперцепцияны тіпті жеңіп кететін болсам ол уақытта адамда иллюзия, ағни, сезім алдауы пайда болады».
М. Жұмабаевтың бұл айтқандары қарапайым тілмен термин сөздердің мағынасын ашып, түсінікті мысалдармен толықтырып отырған. Оқушылар оқығанда тілі жатық, тез түсінуге көмектеседі.
Автор әсерленуді екіге бөледі: жалпы сезім және сыртқы сезім әсерленуі. Осы екеуінің Мағжан сыртқы сезім әсерленуіне көбірек тоқталады. Ол сыртқы сезімді алтау деп қарастырады. Олар: көру, есту, иіскеу, тату, сипау ет сезімдері. Яғни, олардың түсі, түрі, дәмі, иісі және басқа сындары мен адам жанына түрлі білімді осы алты сезім береді.
Автор осы сыртқы сезімдерді дұрыс күту керектігін айта отырып, әрқайсына жеке-жеке тоқталады. «Көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу ләзім. Сол тәрбиелеу арқылы абай (зейін) қалыптасады. Зейін дегеніміз (М.Жұмабаев зейінді абай деп алған. Бізге түсініктіболу үшін зейін деп жазып кеттім). Сыртқы дүниедегі бір затқа, яғни ішіміздегі жан көрінісімізге – ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі».
Оның зейінді тәрбиелеу жөніндегі айтқандары қысқа болса да, нұсқа. Зейінді бірнеше түрге бөліп қарастырады:
1. Әсер берген заттың, яғни көріністің мінезіне қарап екіге бөлінеді. Ерікті және еріксіз зейін. Біз тілемеген уақытта, яки тілімізге қарсы бірнәрсе біздің зейінімізді еріксіз тарса, міне осындай уақытта болатын зейін еріксіз зейін деп аталады. Ал енді, егер біз өзіміз тілеп,бір нәрсеге зейінімізді өзіміз аударсақ, міне, осындай уақытта болатын зейін ерікті зейін деп аталады.
2. Зейіннің табандылығына қарай екіге бөлеміз. Табанды және табансыз зейін. Бір затқа қажымай қадалған зейін табанды деп аталады. Ал енді бір затқа тұрақтай алмай, бірінен-біріне секіретін зейін табансыз деп аталады.
3. Зейін тарататын заттың тұқымына қарап, екіге бөлінеді. Ішкі зейін және тысқы зейін. Сыртқы дүние затына жұмсаған зейін – сыртқы зейін деп аталады. Өзіміздің ішкі жан көрінісімізге жұмсалған зейін – ішкі зейін деп аталады.
Баланың зейіні ересек адамдарға қарағанда төмен, нашар екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдану беру керек екендігін түсіндіреді.
«Зейін – жан тұрмысының негізі. Сондықтан түсіндіретін нәрсе көрнекті шын ынтамен көріп тыңдамайды. Жаңа өмірмен байланысты назар аударатындай болса» дейді автор.
«Суреттеу ассоциациясы» (ұғымдық байланыстар) туралы ғылыми түсініктер беріп, ғалым балаға не түсіндірсең де көрсетіп түсіндіру керектігі, бір уақытта бірнеше ұғымдардың бірін-бірі тудыратыны, ұғымдар жалғастығы, осы ассоциациялық заңдылықтарға байланысты, сондықтан ол заңдылықтарды оқу-тәрбие ісінде тиімді пайдаланып отыру керек екендігін дәлелдеп келтіреді.
«Галлюцинация: бізге ешбір әсер бермеген бір затты яки көріністі суреттеу деген сөз. Бұл адамның миы, жаны сау болмағандығынан болады». Бұл айтқан пікірі, яғни түсіндірмесі де қарапайым жалпақ тілмен айтылған. Осы кездегі галлюцинация жайлы айтылған түсіндірмелерден мағынасы алыстап кетпейді. Мысалдарын да қазақ өміріне қауыштырып түсіндірген.
Адам өмірінде естің алатын орнын көрсете келіп, оны есту, көру, қозғалу исі деп жеке-жеке қарастырады.
«Енді «ес» процесіне толығырақ талдау жасасақ: ес және еске түсіру. Суреттеулерді жанның жоғалтпай сақтау бәлуі ес деп аталады. Ал, енді сақтаулы тұрған суреттеулерді бұрынғы түрі, бұрынғы ретімен жанның тірілтіп алып келе білуі еске түсіру деп аталады».
«Әр адамның есі әртүрлі», дейді автор. «Кейбіреулер тез жаттап алып, тез ұмытады. Кейбіреулер шабан алады. Бірақ тез ұмытпайды. Ал кейбіреулер тез алады, сонда да ұмытпайды. Адамның білімді болуына осы төртінші онан соң үшіншісі пайдалы» деп көрсетеді.
Естің адам өмірінде қаншалықты маңызды орын алатынын былай сипаттайды. «Ес өмір үшін аса керек. Ес болмаса, бүгінгі жаттағаныңды бүгін ұмытып тұрсаң өмірде адамның білімі артпас еді. Адам адамды білмес еді. Ес болса ғана адам білімді болады. Ес болса ғана адам дұрыс ойлай алады. Ес неғұрлым мол, бай болса ойда терең болады. Балада ес болмаса, оған ешнәрсе үйрету мүмкін емес».
Естің адам жасына байланысты өзгерісі де өзекті мәселе екендігін айта келіп, баланың есін дамытуға тоқталады. Ес туралы психикалық тұжырымдарды талдай келе, автор, оқытудың жүйелілік мақсатын, пысықтау (қайталау) әдістерін уағыздайды.
«Естің күшті болатыны жеті мен он бес аралығы. Бұл жасында баланың міндеті ой жүгіртіп, білімді іске асыру ғана емес, білімді молайта білу, даярлай еру, бар нәрсені еске ала беру» дейді ол.
Естің өркендеуі үшін төмендегі шарттар орындалу керек дейді:

  • Әсер күшті болуы қажет

  • Сыртқы сезімнің көбінің қатынауы

  • Жаңа білімді бұрынғы біліммен байлау, пысықтау.

Мағжанның ендігі бір ерекше сипаттаған бөлмі қиял ойының, өмірдің алға басу үшін маңызы зор екендігі белгілі. Мағжан қиялға былай анықтама береді: «жанның өзіне бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай алу – қиял» деп аталады.
«Бірақ, дейді автор, адам, жанында тіпті болмаған суреттеулерден сурет жасай алмайды. Мысалы, тума соқыр адамның заттардың түстері туралы қиял жүргізіп, түстерді ешбір уақыт біле алмақ емес. Ал енді, жанымызда бар суреттелген жаңа суреттеуді қайрат жұмсап өзіміз тілеп жасау ерікті қиял, яғни фантазия деп аталады» дейді. «Фантазия – өмірдің гүлі, көрікті болуының түпкі діңгегі. Фантазиясыз адам – тұсаулы есек. Фантазия ақылды кеңейтеді», дейді.
Мағжан қиялдың пайда болу жолдарына, оның бала өміріне қажеттілігіне, бала фантазиясын тәрбиелеу, оқушы өміріндегі ертегінің, ойынның, ойыншықтың маңызыны үлкен ілтипатпен жазады. «Баланың қиялын, фантазиясын тәрбие қылу жолдары» деген бөлімінде ұлттық тәрбиеге аса құрметпен қарайды да, қазақ баласының қиялына қанат бітіретін ұлттық тәрбие екендігін пайымдайды. Әлі де болса балаға ұлттық тұрғыдан оның қиялының дамуына төмен жағдай жасап отырғанын айтады.
«Қазақ қиялы тәрбие көрген жоқ, әлі таза, әлі бала, біз жылдар, күндер өткен соң қазақ қиялы тәрбие алып, тереңдеп, адамзат дүниесінің бір жарық жұлдызы болады дегенге иманымыз кәміл», дейді М. Жұмабаев. Қарап отырсаңыз Мағжанның арманы әлі күнге дейін толық орындала қойған жоқ десек артық айтқандық емес. Ертегі туралы жазғанда да ғалым баланың өмірі үшін ертегінің маңызы ерекше екенін айтады. «Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды. Ертегіге шын көңілімен нанады. Бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп әкелсең ұғады. Мысалға, балаға өтірік айтпа деген құрғақ сөз желмен ұшып кеткенмен бірдей. Егер сен балаға өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегіде өтірікшінің өтірігі үшін қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең міне, бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады», дейді М. Жұмабаев.
М. Жұмабаев жан көріністерін қанша түрлі болғанымен, оларды түп мінездері бойынша үш топқа бөлуге болады дейді. «Білу, яғни, ақыл көріністері, ішкі сезім, яғни, көңіл көрінестері мен қайрат көріністері. Бір заттың яғни көріністерінің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды яки айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемейтін боламыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл қайрат ісі» деп көрсетеді де әрі қарай осы үшеуін қарапайым мысалмен көрсетеді.
Сонымен қатар жасөспірім бойына сіңіру, тәрбиелеу жолдарын білдіреді. Кітаптың осы бөлімінде әсерлену сезім туралы ойын таратуда көркемдік, тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. Мұнда ол сұлулыққа тәрбиелеудегі табиғат пен өнердің мәнін, жарқын орта – үй іші, зат, дүние, адамның жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, іс-әрекет көркемдігін ашып көрсетеді. Сондай-ақ ересек адамдар әрқашан жақсы үлгі көрсету керек екендігін баса белгілейді.
Мағжан әсерленуді былайша түсіндіреді «әсерлену көрінісінің болуы былайша сыртқы дүниедегі бір заттың денемізге яғни жүйке ұшына әсер қылады. Мысалы, дауыс, құлақ, жүйкеге әсер қылады. Ми осы келген әсермен әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Міне, осы нерв системасының алып келген әсері жанның аңдауы, әсірлену деп аталады», деп қарапайым анықтама береді.
«Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы біз затты түгелімен білеміз, яғни оның бөлімдерін, мүшелерін білеміз» дей келе Мағжан Жұмабаев ойлауға тоқталады.
Автор әсерленуді екіге бөледі: жалпы сезім және сыртқы сезім әсерленуі. Осы екеуінің Мағжан сыртқы сезім әсерленуіне көбірек тоқталады. Ол сыртқы сезімді алтау деп қарастырады. Олар: көру, есту, иіскеу, тату, сипау ет сезімдері. Яғни, олардың түсі, түрі, дәмі, иісі және басқа сындары мен адам жанына түрлі білімді осы алты сезім береді.
Автор осы сыртқы сезімдерді дұрыс күту керектігін айта отырып, әрқайсына жеке-жеке тоқталады. «Көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа, талғампаздыққа тәрбиелеу ләзім. Сол тәрбиелеу арқылы абай (зейін) қалыптасады. Зейін дегеніміз (М.Жұмабаев зейінді абай деп алған). Сыртқы дүниедегі бір затқа, яғни ішіміздегі жан көрінісімізге – ойға, ішкі сезімге, қайратқа жанның тұнуы, нүктеленуі.
Баланың ой-қиялы оның ұғымына байланысты, сондықтан жалпы, дербес, ұғым, зат, заттың сыны, саны, іс-әрекет туралы ұғымдарды түсіндіру ұғымдар байланыстырған (хүкім), ой қорыту, ой саралау (индукция, дедукция), ой салыстыру (силлогизм) арқылы ақиқатқа жету туралы ғылыми талдау жасап, ұстаз ойлауды, өркендету жолдарын жүйелеп үйрету, ой байламдары мен себептерін түсіндіру, ақыл-есті бірте-бірте басқыштап өркендету деп көрсетеді.
Осы ойлаудың күнделікті тұрмыста керектігі және оны дамыту жолдарына тоқталып өтеді. Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады дей келе, ойлау болмаса, адам басқа жануарлар секілді заттарды, көріністерді жадына, есіне ғана алып, жат көрініс ұшырасса, оны шеше алмайтын, оған түсінігі жете алмайтын жан иесі болар еді. Қысқасы, ойлай білетін адам шын мағынасымен адам деп өміріндегі ойлаудың орнын анықтап береді автор. Ойлау осындай қымбат болса, оны дамыту керек екендігі жайлы да естен шығармайды. Әсіресе, тәрбиеші баланы дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Ұстаз тәрбиеші баланың ойын жетектемесе,бала ұғымды теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл бала болып шығады.
Осы бөлімде ойлау, ұғым, ой шығару т.б мәселелер таратыла талданды да олардың өзін іштей әлденеше тармаққа бөліп қарастырды. Ой шығаруға осы ретпен келіп, «дедукция», «индукция», «аналогия» ұғымдарының мәндеріне зейін қояды.
Ұлт жанды ұлағатты ұстаз «жан көріністерінің ең қымбаты – ой. Ой тілі – сөз. Тіл әрбір адамға қымбат болса, әрине ұлт үшін де қымбат... Тілінен айрылған ұлт ұлт болып жасай алмақ емес. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілін білу. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанының көрінісі. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың даласы кең, тілі де бай» дей келе баланың тілін жетілдіруге толығымен тоқтала кетеді /7,8,9,10/.
Ұғым оның жасалуы. «Бір-біріне ұқсас бірнеше заттарды суреттесек, біз сол заттарды бір-бірімен салыстырамыз» дейді автор, ұғымның жасалу жолын түсіндіре келіп, мысалдармен ойын толықтырып отырады.
Енді автор, ұғым мен сурттеу расындағы айырмашылықты көрсетіп береді. «Суреттеу қашан да болса жалқы болады, яғни бір затты суреттеу деген сөз сол затты белгілі бір орында белгілеу, бір уақыттағы түрімен барлық сындарымен тірілітіп алып келді деген сөз. Ал енді, ұғым жалпылықты тілейді. Жалпыламасаң, яғни топ заттың әрқайсысының дербес сындарын алып тастамасаң, ұғым болмайды. Ұғым болу үшін заттардан алып жалпы зат жасау керек. Ұғым ойдың ғана ісі. Ұғымды оймен ғана жасауға болады», дей келе автор ұғым жайлы қорытындылайды.
Ал енді, ойлау мен қиял арасындағы айырманы қалай түсіндіреді, соған тоқталатын болсақ.
«Қиял суреттеуден жасалады. Ал ойлау болса, ұғымдардан жасалады. Қиял-суретті, жанды көрініс; ойлау-белгілі бір тірі суретсіз жалаңаш көрініс. Қиял мен ойлаудың арасындағы айырма осылай деп», өте қарапайым түрде түсіндіріп береді.
Ой шығару, яғни ұйғарым. М.Жұмабаев, ой шығару қалай жасалды, деген сұрақты қоя отырып, былай жауап береді. «Біз бір ұғымды екінші ұғымға байлап қойып, яғни хүкім жасап қанағаттанбаймыз. Осы хүкімді басқа хүкімдермен салыстырып отырып осы хүкімді аяқтаймыз. Бірнеше хүкімдерден жаңа бір хүкім туғызу ой шығару деп аталады».
Осы ойдың пайда болуын зерттей келе, Мағжан «ой шығару үшін үш түрлі жолмен болады дейді:
1) дедукция
2) индукция
3) аналогия
Дедукция. Ойдың бір жалпы заңынан дербес бір көрініске көшу. Екінші түрмен айтқанда, жалпы ойдан жалқы ой шығару дедукция деп аталады.
Силлогизм. Дедукцияның көп қолданатын түрі – силлогизм, яғни екі хүкіммен жаңа бір хүкім жасау. Жаңа шығарылған хүкім нәтиже деп аталады.
Индукция. Ойдың дербес көріністерден жалпы көріністерге көшуі, екінші түрмен айтқанда жалқы ойдан жалпы ой шығару индукция деп аталады».
Аналогия. М.Жұмабаев аналогия жайлы айтқандары да көңілге қонымды. Аналогияға мынадай анықтама береді: «екі заттың бірнеше ұқсас сындары бар екендігін тауып, сол екі заттың басқа сындарының да ұқсас екендігін ойлап шығару, екінші түрлі айтқанда, ойдың дербес көрініске көшуі аналогия деп аталады».
Аналогия жәй тұрмыста да пәнмен бір нәрсені тексергенде де көп қолданылады. Әсіресе, бала көбінесе осы аналогиямен ойлайды. Аналогия да индукция сықылды, кейде қате болуы да мүмкін. Қате болуы екі зат яғни екі көріністе бір-біріне болмашы бір сында бір- біріне ұқсауынан барлық сында ұқсайды деп ой шығаруынан болады. Баланың саналы азамат болуы үшін, М.Жұмабаев осылардың қажеттілігін дәлелдейді.
«Кейбір көріністердің арасындағы байламды мүмкін бақылауға болмайды. Ол уақытта біз бұл көріністер туралы жалпы заңды жорып, болжам ғана шығарамыз. Жалпы заңды болжаумен шығару гипотеза деп аталады» - дейді автор, бұл түсіндіру қазірдің өзінде де мағынасын жойған жоқ.
Ал енді баланың ойлануына тоқталсақ. Бұл жайды Мағжан шеберлікпен бала ойлау жайлы құнды пікірлер айта білді. «Бала айналасындағы заттарды, көріністерді біліп қана қоймайды. Соларды ұққысы келеді. Яғни солар туралы ұғым жасауға, ой шығаруға ұмтылады дей келе автор үш жастан бастап бала дамылыссыз: «мынау не? Бұл неге жарайды? Мынаны не үшін былай істеді?» деген сықылды сұраулар береді. Міне, осыдан балада ойлау болатынын білеміз. Бала ойлауы терең ойлау емес. Баланың жанындағы суреттеулер аз, ұғым жасай алмайды. Сондықтан баланың зат туралы ұғымы сол заттың суреті болады».
Осы айтылғандарға қарап, Мағжан қазақ баласының ойлауының қаншалықты дәрежеде жетілгенін жас мөлшеріне қарап талдау жасағанын көреміз. Бұл пікірден Мағжанның қазақ балаларына зерттеу жүргізіп, бақылағанын аңғаруға болады.
Осы ойлаудың күнделікті тұрмыста керектігі және оны дамыту жолдарына тоқталып өтеді. Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады дей келе, ойлау болмаса, адам басқа жануарлар секілді заттарды, көріністерді жадына, есіне ғана алып, жат көрініс ұшырасса, оны шеше алмайтын, оған түсінігі жете алмайтын жан иесі болар еді. Қысқасы, ойлай білетін адам шын мағынасымен адам деп өміріндегі ойлаудың орнын анықтап береді автор. Ойлау осындай қымбат болса, оны дамыту керек екендігі жайлы да естен шығармайды. Әсіресе, тәрбиеші баланы дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Ұстаз тәрбиеші баланың ойын жетектемесе,бала ұғымды теріс жасауға, қате ой шығаруға үйреніп кетеді. Мұндай бала тар ойлы, соқыр сенгіш, ырымшыл бала болып шығады.
Осы бөлімде ойлау, ұғым, ой шығару т.б мәселелер таратыла талданды да олардың өзін іштей әлденеше тармаққа бөліп қарастырды. Ой шығаруға осы ретпен келіп, «дедукция», «индукция», «аналогия» ұғымдарының мәндеріне зейін қояды.
Ұлт жанды ұлағатты ұстаз «жан көріністерінің ең қымбаты – ой. Ой тілі – сөз. Тіл әрбір адамға қымбат болса, әрине ұлт үшін де қымбат... Тілінен айрылған ұлт ұлт болып жасай алмақ емес. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілін білу. Ұлттың тілінің кеми бастауы ұлттың құри бастағанының көрінісі. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры, тарихи тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың даласы кең, тілі де бай» дей келе баланың тілін жетілдіруге толығымен тоқтала кетеді /7,8,9,10/.
Қорыта келгенде, Мағжанның тіл жайында айтқан пікірлеріне қосып алатынымыз жоқ. «Осы күні түрік тілінің ішінде қазақ тілінен бай тіл жоқ. Түркі тілінде сөйлемеймін деген түрік балалары күндерде бір күн айналып қазақ тіліне келмекші, қазақ тілін қолданбақшы. Осы жерде қазақ тілінің түркі тілдері ішіндегі ерекшеліктерін айтып, баланың ойын тәрбиелеу тіл тәрбиесімен тығыз байланыста екенін дәлелдеп, баланың ана тілін ардақтауға үйрете білу әрбір ұстаздың ұлттық борышы екендігін мойындатады. Ұлттық тілдің көмегімен ұлттық ойды, сезімді, мінез-құлық, көңіл-күйді білдіріп, эмоциялық халді жеткізе алатындығымызды толық түсіндіреді», дейді М.Жұмабаев.
М.Жұмабаев жан тәрбиесіне тоқталғанда, жан көріністерін үшке бөліп қарастырған «ақыл көріністері, ішкі сезім және көңіл көріністері, қайрат көріністері» деп. Ақыл көріністері қандай түрге бөлінгенін және оларды қалай тәрбие қылу керек екендігін айтып өттік. Ал енді ішкі сезімге тоқталсақ.
М.Жұмабаев адамның ішкі сезімдерін толығымен ашып, түрлі адамдардың типтеріне тоқталып, талдау жасап түсіндіреді. Осы ішкі сезімдердің адам өмірінде қандай орын алатынына Мағжан тоқталып, «баланың өмірінде ішкі сезімнің алатын орны зор» дейді. «Біз бір жұмыс істегенде, осы ішкі сезімдер бастама болады да біз жағымды нәрселер істейміз, жағымсызды істемейміз.
Адамның бақытты немесе бақытсыз болуы осы ішкі сезімдерге байланысты. Жәй нәрседен жағымсыз ішкі сезім алмайтын адам бақытты, тым семімпаз адам бақытсыз, сондықтан ішкі сезімге дұрыс тәрбие жасау керек» деп, қарапайым, жалпақ тілмен түсіндіріп өтеді. Енді осы ішкі сезімдерді қалай тәрбиелеуге болады? Осыған «баланың ішкі сезімдерін тәрбие қылғанда тәрбиеші алдымен үйрету керек» деп М.Жұмабаев, бұл мақсатқа жеткізетін жолдарын көрсетеді.
1) Дұрыс ішкі сезімдердің көп болуына, нашарлардың болмауына жәрдем көрсету керек. Яғни баланы ұнамсыз ішкі сезімдерді оятатын себептерден сақтау керек.
2) Баланың маңындағы адамдар балаға жақсы мысал. Баланың еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе ата-анасының мінезіне салып алады. Баланың айналасындағы адамдардың мінезі дұрыс болуы керек.
Өзімшілдік ішкі сезімнің біреуі – ашу. Екінші кісі тарапынан бізге әдейі көлденең тартылған бір бөгетке кедергіге ұшырасақ, біздің жанымызда ашу сезімі пайда болады. Ашу сезімі адамда екінші бір адамға қарсы оянады.
М.Жұмабаев «баланың қайраты әлсіз, бала өзінің күшін шамалай алмайды және маңайындағы нәрсенің бәрін жанды деп біледі. Бала жылдам ашуланады» деп, баланың бойындағы осы қасиетті қалай тәрбиелеп түзетуге, психикасына әсер ететін нәрселерден аулақ болуына, ескертеді.
Қорқу сезімі – адам жанында бір бақытсыздықты күткенде пайда болады. Мағжан «қиялы бұзылған адамдар қорқақ болады, қатты қорыққанынан адамдар сөйлей алмай, қозғала алмай қалады» дейді.
Жас баланы кішкене кезінен жасық етпей өсіруге автор көп көңіл бөледі. Қазақ психологиясы, бала тәрбиесіне өзінше ерекшеліктерімен қарайды, бұның пайдалы жақтары, зиянды жақтары да бар. Осы орайда Мағжанның айтқан пікірлдерімен санасуға болады.
Ұялу сезімі. Егер біз өзіміз қымбат көретін адамдардың мінегендей бір мін істесек, бізде ұялу сезімі пайда болады. Ұялмайтын адам жоқ. Бірақ біліміне, тәрбиесі, мінезіне қарай әр адамның ұялуы әртүрлі. Мінезі жұмсақ болса, ондай адам ұялшақ келеді.
Ұялу сезіміне қарсы – өзіне-өзі разы болу сезімі. Адамда бұл сезім басқалар өзін жақсылағанда, мақтағанда пайда болады. Өзіне өзі ылғи разы болып жүретін тәккаппарлық сезімі пайда болады. Тәкаппарлық сезімі, яғни адамдардың өзін ірі санауы шектен шығып кетпесе, әрине дұрыс сезім, дұрыс мінезі. Бірақ шектен шығып кетпесін» деп, адам сезімінің бұл түріне де жақсы түсініктер мен толықтырып, адам психологиясының әр түрлілігінің бір қырын көрсетіп береді. Баланы жас кезінен өзін-өзі дұрыс тәрбиелеуге шақырады.
М.Жұмабаевты сонымен бірге үлкен әдіскер деуге болады. Мысалы, «ішкі сезімнің біреуі – іш пысу мен зерігу» деген бөлімінде былай дейді. «Мұғалім бір сөзді ұзыннан-ұзақ соза берсе, шәкірттің ісі пысады, мұғалім үстіне-үсті төпеп, түрлі білімді, түрлі сөзді айта берсе, бала мезі болып іші, пысады. Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің барлығын балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде.
Сабақ оқытуда мұғалім сөзі жинақы, жігерлі, қызықты болуға тиісті. Сонда ғана ол баланың зейінін өзіне қарата алады. Сабақ үстінде балалардың ойнауы, тыныш болмауы, бір-бірімен сөйлесуі мұғалімнің жинақы, жігерлі бола білгендігінен», деген пікірі оның үлкен әдіскерлігінің дәлелі болса керек. Дәл бізге, біздің «бала оқымайды» деп кінәлауға дайын тұратын мұғалімдерге арналған. Мағжаннан үйрену әлі кеш емес.
Ендігі Мағжанның кеңірек тоқталғаны «сұлулық сезімі». Оның айтуынша «жаратылыстың сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады.
Осы сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне көп көмек көрсетеді. Сондықтан балалының сұлулық сезімін дұрыс тәрбилеу керек. Әр адамның сұлулық сезімдері әртүрлі нәрселерден оянады. Біреулердікі музыкадан, біреудікі сұлу суреттен. Біреулердікі поэзиядан».
Мағжан тәрбиелеуші адам, балада қандай түрі басым екенін анықтап, сол сұлулық сезімдерді өркендетуге көмектесетін жолдарды көрсетеді:
Балаға жаратылыс сұлулығынан ләззат алғызу. Осы сұлулықтарды бала сезе білу және зейінін аудара алуымыз керек.
Баланың маңайындағыларының бәрі жинақы, ретті, таза болсын. Баланың айналасындағыларының бәрі дұрыс жүрулері керек. Айналысындағыларының сөздері де мағыналы болуы шарт.
Бала сұлулықпен терең танысуы керек. Бала неше түрлі үндерді естіп, түрлі нәрселерді көрсін, сұлу өлеңдер жаттасын. Бұлар баланың танымдық процестерін дамытады.
Енді автор жан көріністерінің бірі «қайратқа» тоқталады. Қайратты (ерік) түсіндіре келіп былай дейді: «біз ақыл көріністері арқылы сыртқы заттар туралы, яғни олардың өзі, ісі және күші туралы ілім аламыз. Ішкі сезімдер арқылы жанымызда түрлі күйдің болғанын білеміз және ол күйді жағымды, не жағымсыз деп бағалаймыз.
Ал енді, адамның қайрат қатыспай, еріксіз істейтін істері болады. Мысалы:
Импульс. Кейбір сырттан ешбір әсер болмай, белгілі бір мақсатсыз істейді.
Рефлекс. Сыртқы бір әсерге, денесі ғана жауап береді, яғни, шартсыз рефлекс болады.
Соқыр сезім (инстинкт). Атадан қалған, тұқыммен жалғасады. Соқыр сезім адамның өзінің яки тұқымының аман болуына қызмет қылады
Қайрат мынандай түрлерге бөлінеді: тартылу, ұмтылу және тілеу. Қайрат адамда ә дегеннен берік болмайды. Бастапқы кезде бір нәрсеге жаны жай тартылады. Жанның осындай күйі тартылу деп аталады. Ал енді, адам не нәрсеге болса да өзінің мұқтаж екендігін аңдып анық білсе, бірақ сол мұқтаж нәрсенің не екенін біле алмаса, жанында ұмтылу болады. Егер біз белгілі бір нәрсеге ұмтылсақ, ол уақытта ұмтылу тілеуге айналады», деп қайраттың үш түрін осылай түсіндіріп береді.
Ерік адам өмірінде аса қымбат екенін, Мағжан жақсы анықтап көрсетіп берді. Адам іс-әрекеттерінің маңызының зор екеніне тоқталып өтеді де, баланы ерікті, күшті етіп тәрбиелеуге шақырады.
Ерік адамның барлық ісін реттеп отыратынын, ерік-жігері күшті адам жеңіске жетіп, өмірдегі қиын-қыстау кезеңдерде мойынмайтынын, ойлаған ойын орындап шығатынына сенімді болады, дейді Мағжан.
Енді әдеттің адам өміріндегі қандай маңызы бар екенін айтады. Автор «әрбір іс дене болсын, жан ісі болсын алғаш істелгенде бірталай қиындықпен істеледі. Екінші істегенде ол істі тіпті жеңіл істейді. Белгілі шарттар болғанда белгілі бір түрде іс істеу керек әдет деп аталады», дей келе, Лейбництің «адамның барлық ісінің төрттен үшеуі әдет болады» деген сөзін келтіреді.
«Мінез адамның бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы жеке дара өзгешелігі. Оның әртүрлі қырлары біртіндеп өмір барысында қалыптасады. Мінезде адамның сенімі мен танымы, қажеттілігі мен мүддесі, ақыл-ой дәрежесі, ерік-жігері, сезім-эмоциясы, темпараменті, қызық бейімділігі байқалып тұрады. Мінез айқын, күшті, берік, байсалды, тәрбиелі және т.б болып келеді.
Адамға осындай дара мінезбен қатар дәуір, орта, әлеуметтік өмір тудыратын типтік мінез де болады. Типтік мінез – белгілі адамдар тобына ортақ, қоғам өмірінің жекелеген жақтарымен сипатталады. Мәселен, белгілі бір ұлттың адамы, сол ұлттың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру жағдайлары мен сол ұлттың тұрмысы, өмір сүру салтынан нәр алады. Сондықтан да бір ұлттың адамы өздерінің тұрмыс-салт мінез-бітімі жағынан басқа ұлт өкілдерінен ерекшеленіп тұрады. Осындай өзгешелікті сол ұлттың психикалық тұрпаты деп аталады. Осы тұрғыдан қазақ халқының да өзіне тән ұлттық психикалық ерекшеліктері туралы әркез айтылған».
Осыған орай Мағжан «адам мінезіне» тоқталып, мінездің қыр-сырын көрсетеді.
Баланы елін сүюге, имандылыққа, әдептілікке, қайраттылыққа тәрбиелеу үшін үлгі өнегелі айналаның мінез-құлық темпераментінің «бала табиғатының мәні зор екенін ғылыми дәлелдеп» автор іс-әрекетті қалыптастыру, мінез-құлықты қалыптастыру әдістерін ұсынады. Бала темпераментін сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик деп бөліп, бұлардың әрқайсысына тән қасиеттерді ұтымды тілмен баяндалады, баланың жалпы жаратылысы, табиғаты туралы түсініктерді де қазақ ұғымына жатық, түсінікті берген.
«Адамның шын мағынасымен «адам» болу үшін өзін сүюі, жақындары сүюмен қанағанттанбай жалпы адамзатты сүю шарты халықтың да адамдарды сүюге міндеті» /9/. Жер жүзіндегі адам адамды сүймек. Бұл – адамның жаратылысындағы негізгі мінез. әлемдегі тіршілік қауіпсіздігі, жалпы адамзат ұрпағының өзара сүйіспеншілігіне, ынтымақтастығына тікелей тәуелсіздікте тұрған бүгінгі таңдағы бейбітшілік мәселесімен жоғарыдағы пікірлері жақсы үндеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет