46
қалыптасуына себеп болған ел Ағасына деген алғысы шексіз екенін білдіреді.
Айпарадай –
диалектизмі сөздіктерге енбеген, тек
айпара тұлғасында «айдың
парасы, жүзі, беті» мәнінде және «көрнекті, әдемі» тұлғаларында ауыспалы
мағынада Қытай Халық Республикасындағы қазақтар қолданатыны берілген
(
Айпараны айдың періштесі деп ұғуға да болады (ҚХР). Мәтіндегі
«айпарадай» аталымы – осы «айпара» күрделі сөзіне «-дай» жұрнағының
қосылуы арқылы жасалған бағалау мәні жоғары
аймақтық атауыш деуге
болады. Бұл аймақта айпарадай адам – «көрнекті, ел қатарлы, терезесі тең
адам» дегенді білдірсе, мәтінде осыған ойдан-қырдан жиналған шабан-шардақ,
шобырдың иесі бар «ауыл-аймақ, ел» болғандығына мақтанышы сезіледі,
сондықтан ауыл Ағасының «қалқайып» қатарға қосылуының өзі – үлкен медеу.
Айпарадай
аталымы контексінде қалқайып, дардиып, жетім баладай, жалтаң
көз, жүнжіп кеттік сөздерінің мазмұнындағы семантикалық фон күшейеді,
сөйлеуші отырғандардың атынан өздерінің жақсылықты ұмытпайтын, игі
тілекті, қажет болса қасынан табылатын парасат иелері екенін, ел, жұрт екенін
де білдіргісі келеді.
Бұл «аймақтық сөздің (диалектілік сөз)»
аталым қызметін атқаратын
лексикалық бірлік екенін дәлейді, сөз атаулымен барлық қасиет белгісі жағынан
бірдей бола отырып, аймақтық сипатына қарай ерекшелейтін белгісі – оның
ішкі мазмұндық мағынасы. Ол ішкі мағынада атамекеннен шет жайлап жүрген
аймақ тұрғындарының әлем бейнесі сақталған. Сонымен қатар, жоғарыда
Б.Хасанов
айтқандай, сөйлеушінің, біріншіден, жалпыхалықтық тіл мен
аймақтық тілді бұлай қолдануы тіл табиғатын меңгеруі болса, екіншіден, қазақ
халқының сөйлеу дәстүрін білуі,
сөйлеу мәдениетін сақтап, соны тыңдаушыға
үлгі етуі. Аймақтық сөздің тілдік қатынаста жалпыхалықтық тілдегі сөздерден
еш айырмашалығы жоқ, орнына қарай өзге сөздерді маңайына үйіріп, шешендік
сипаттағы дискурс құрауға тірек бола алатыны көрінеді.
Ф.Оразбаеваның пайымдауынша,
«Тілдік қатынас – тіл арқылы
байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынас жасауы;
қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы
Достарыңызбен бөлісу: