Аймақтық лексика
Жергілікті ерекшелік, алдымен, әдеби тіл мен өзге сөйленістерге,
сөйленістер жүйесіне қатысты өмір сүреді, сондықтан өзге сөйленіске қатысына
қарай: қатыстық (соотносительные) және қатыссыз (не соотносительные)
ерекшелік болып бөлінеді [35,12-13-бб.].
Қатыстық диалектизмдер – келесі сөйленістік аймақта баламасы болатын,
белгілі зат, ұғымның әртүрлі атауын құрайтын жүйе. Мысалы, «шелекпен су
таситын құрал» атауы ретінде: иықағаш/иікағаш (Жамб.:Мер., Луг., Шу; МХР);
әпкеш/әкпіш(Алм.:Шел.,Жамб;Сем.,Абай;Шығ.Қаз.,Тарб.);күйенде/күйенте/күй
еңке (Көкш.: Еңб., Шуч.; Қост.: Фед., Семиоз., Камыш.); мойынағаш (Қар.,
Қарқ.; МХР); суағаш (Гур., Есб., Маңғ., Шев) т.б атаулар кездеседі. Бұлар –
әртүрлі аталғанымен, семантикасында айырмашылығы жоқ, халықтың тұрмыс-
тіршілік, қарым-қатынас жағдайына қарай уәждік белгілерге ие болған
аталымдар. Қатыстық ерекшеліктер жиірек кездеседі де, олар сәйкесті
сөйленістік ерекшеліктер жүйесін құрайды, бұлар, көбінесе, тұрмыстық зат,
туыстық атау т.б. ұғымдардың атаулары.
семантикалық
ерекшелік
лексикалық
ерекшелік
40
Ал қатыссыз ерекшеліктер сәйкессіз ерекшеліктер қатарын жасайды,
өйткені қатыссыз ерекшеліктер, көп жағдайда, этностың тұрмысында
географиялық жағдай, шаруашылық т.б. себептерге орай келесі аймақта
баламасы болмайтын сөздер. Мысалы, қарыма – «балықтан жасалатын тамақ»
атауы, Арал қазақтарында кездеседі. Оңтүстік аймағының географиялық,
климаттық жағдайына қарай егіншілік, бау-бақша шаруашылығы дамыған,
өзіндік мәдениеті қалыптасқан, сондықтан осы салаға тән лексика бастауын
өзінің шыққан жерінен алады, әдеби тілге терминдік сипаттағы сөздер осы
аймақтан енеді, сол себепті бұл жақта бір ғана «арық» ұғымының: жап,
қоларық, көл арық, қазына арық, оман, қарық т.б. сияқты толып жатқан
атауларымен қатар арық ұру т.б. тәрізді тұрақты тіркес, суарумен байланысты
суды жетелеу, құлақтың басы, құлақтың аузы, құлақты ашу, құлақты жабу, бір
құлақ т.б. семантикалану, уәждену жолдары әртүрлі аталымдар тарайды.
Cәйкессіз ерекшеліктер ұлттық мәдениеттің нақты аймаққа тән бояуы, үлкен
мәдениеттің «үзіндісін» жеткізуші қызметін атқарады
32,17-19-бб.
.
Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері сөйленістік сипатта болуына
қарамастан, аймақтық сөз, лексикалық ерекшеліктер, қазақ тілі
сөйленістерінде ең мол кездесетін сала болып табылады, өйткені сөз – атауыш
тіл иесінің от басы – ошақ қасынан бастап бүкіл тыныс-тіршілігін қамтиды. Бұл
жағынан келгенде, аймақтық лексика – этнос тарихындағы әр алуан кезеңдер
мен оқиғалардың, әртүрлі қатынастардың белгісін бойына сақтаған қазынасы,
этнос тұрмыс-тіршілігінің, оның тарихының, мәдениетінің баға жетпес
байлығы. Тарихи жазба деректері аз түркі тілдерінің бірі қазақ тілінің өз
тарихын
таразылауында,
халықтың
рухани-материалдық
байлығын
зерделеуінде, этностың өзін-өзі тануында, жаңа тарихын жазуында жүгінетін
көнекөз куәсінің бірі – аймақтық лексикасы.
Аймақтық лексика – ұлттық тіл байлығының бөлігі, өйткені аймақтық
мәдениет өзгеше болмайды. Аймақтық сөз – қазақтың дәстүрлі мәдениетінің
аймақтық көріністері мен этномәдени мазмұнды бірліктері. Тіл байлығы
атауыш сөздер санымен ғана өлшенбейді, оның сапасымен, мағына
тереңдігімен, ауқымдылығымен де өлшенеді, бұл тек жалпыхалықтық
лексикаға ғана тән емес, диалектілік лексиканың да семантикалық даму
ерекшеліктері бар. Батыс қазақтарында кіндік сөзі «орталық» мағынасын
білдіреді (Бір кезде күндіз-түні бірдей істейтін қиын қызметтерде болдым. Оған
денсаулығым жарамады. Содан облыс кіндігінде, Сағада істегенмін
(З.Қабдолов). Осы мағына басқа сөйленістерде де ұшырасады (Катон кіндік жер
ғой). Негізгі атаулардың дамуы нәтижесінде ауыспалы бейнелі мағыналар
пайда болады, мағыналық даму негізгі түбір сөздердің де, туынды түбірлердің
де алғашқы мағыналарына тән, жалпыхалықтық тілдегі құлақ сөзінің арықтың
құлағы, құлақты ашу, құлақты бекіту, бір құлақ су, қайықтың құлағы, мақтаның
құлағы т.б. толып жатқан ауыспалы мағына тарайды [32,14-б.].
Сөз
мағынасының дамуы арқылы әртүрлі ауыспалы мағынада
қолданылуынан семантикалық ерекшеліктер пайда болады, яғни диалектілік сөз
мағынасын диалектологияның диалектілік семантика саласы зерттейді.
41
Диалектілік сөз жалпы лексикалық жүйеден бөлек дүние емес, тек өзіне тән
ерекшеліктері бар құбылыс, сондықтан диалектілік семантика диалектілік сөз
мағынасын тілдің лексикалық жүйесіндегі лексикалық бірлік тұрғысынан
қарастырылады. Сөздің лексика-семантикалық түрленуінің нәтижесі тілде
көпмағыналық арқылы көрінеді. Сөйленістерде сөздің лексика-семантикалық
топтары пайда болуының бірнеше жолы аталады, дегенмен солардың ішінде сөз
мағынасын ауыстыру жолы – басты тәсіл болып табылады. Түрлену үдерісінде
сөздің мазмұндық бүтіндігі бұзылмайды, мағыналық түр өзгереді, дыбыстық
құрам сақталады [41,85-87-бб.].
Ұқсату арқылы мағына жасаудың ең өнімді нәтижесі – көпмағыналық,
ұқсату негізін халық алыстан іздемейді, өз айналасынан табады, оның ең жақын
кеңістікте орналасқаны – дене мүшелері. Дене мүшелеріне ұқсата отырып сөз
мағынасын ауыстыру ежелден келе жатқан тәсіл, сөйленістерде құлақ, тіс, бас,
табан, аяқ т.б. атаулар жалпы халықтық тілдегі мағынасына қоса толып жатқан
мәнге ие болатынын сөйленіс деректері көрсетеді. Арал сөйленісінде өңеш сөзі:
1) пештің түтін шығатын жолы; 2) комбайнның машинаға астық жіберетін
бөлігі мағыналарында жұмсалады. Анатомиялық атаудың көп мағыналыққа
ауысуына негіз болатын жұту, өткізу ұғымдары және оның сыртқы ұқсастығы
да жоқ емес. Ол сөйленістік мағына мен халық тіліндегі өңешін созды, өңешін
жібітті, өңеші қызарды, өңеші үзілгенше фраземаларының байланысынан да
көрінеді [41,86-б.].
Сөйленістер лексикасының деректері көп мағыналы сөздердің таралу шегі
біркелкі еместігін көрсетіп отыр. Таралу шегіне қарай сөйленістерге тән
көпмағыналық сөйленістердегі көрінісіне қарай жалпыхалықтық лексикадан
ерекшеленеді. Қазақ сөйленістеріндегі көпмағыналықты осы табиғатына орай,
Ш.Сарыбаев екі топқа бөледі. Мұндағы шешуші роль атқаратын
көпмағыналықты құрайтын мағыналардың таралу шегі: кей сөздердің
көпмағыналығы бір диалект не сөйленістер тобына таралса, енді бір сөздердің
мағыналары әр сөйленістен көрініс береді. Лексика-семантикалық қатарға
енетін сыңарлар бір сөйленіс көлемінен табылатын көпмағыналықты
Ш.Сарыбаев «біртұтас диалектілік полисемия», ал мағыналары әр сөйленісте
ұшырасатын көпмағыналылықты «шашыраңқы диалектілік полисемия» [33,
250-б.],- деп атайды.
Құлақ сөзі сөйленістерде алдымен үлкен омонимдік қатар жасайды. Соның
біріншісі өз ішінен көпмағыналы сипатта, сондықтан біртұтас диалектілік
көпмағыналық құрайды:
1) оңтүстік аймақтарын түгелге жуық қамтитын «арықтың егінге су
жіберетін жері, арықтың ауызы». Арықтың құлағын ашып, егінге су жіберді
(Түлк.). Құлақты мықтап байламапты, су кетіп жатыр (Шу);
2) судың мөлшері (Біздің бригадаға бір құлақ су жіберілді (Алм., Жам.).
Сөз мағынасының ауысып, лексика-семантикалық топ құрауына негіз – сыртқы
ұқсастық пен «өткізу», «жіберу» мағыналары. Құлақ сөзінің аталған
мағынасынан күрделі аталым жасалады. Түрікменстандағы қазақтар тілінде-
құлақ ауыз – атызға су жіберетін жер (Құлақ ауызды бекіте тұр да, шайлан
42
(Ташау.); құлақарық – егіс даласына тарайтын кішкене арықтар (Шымк.); құлақ
ағыту – суды арықтарға жіберу (Шу); құлақ байлау – суды бөгеу; құлақ қайыру
– суды бекіту, бөгеу; құлақ пен құлақ су ішіп кете беру – егіндік жердің бірінен
екіншісіне су жіберу (Арыс). Ұқсату көп жағдайда нақты материалдық заттың
әр алуан белгісіне сүйенеді, сондықтан ұқсату нысаны да, ұқсату заты да зат
есім болуы жиі кездесетіні белгілі, дегенмен келтірілген мысалдардың
құрамындағы етістіктердің (ашу, ағыту, байлау, жабу, бекіту) мағыналарына
өзгеріс енгені анық.
Егер біртұтас көпмағыналық бір немесе бірнеше сөйленістер тобында
кездесетін болса, шашыраңқы көпмағыналық, керісінше, бір немесе бірнеше
сөйленістер тобында бір ғана мағыналы, ал басқа сөйленістермен бірлікте
алғанда, көп мағыналы болып келеді. Ш.Сарыбаевтың пікірі бойынша,
шашыраңқы көпмағыналық белгілі сөйленісте бір мағыналы сөз келесі
сөйленісте осыған жақын мағынаға ие болуы, жалпы ұлттық тіл көлемінде
алғанда көпмағыналы саналады [33,250-251-бб.].
Ш.Сарыбаев көпмағыналықтың бұл түрін пиала сөзінен тарайтын
мағыналар арқылы түсіндіреді. Пиала оңтүстікте – шай кесе (Пиалаға шай
құйып ішеміз (Сайр.), батыста – шамның шынысы (Көшеміз деп жүріп пиаланы
сындырып алыппыз (Жән.). Сөз батыс пен солтүстікте пиала/биала
варианттарында ұшырасады. Жекелей алғанда сөз әр сөйленісте бір-бір
мағыналы да, әдеби тіл тұрғысынан қарағанда, көпмағыналы. Сөз мағынасының
дамуына оның түп негізіндегі парсы тілінен енген кесе, бокал, шынаяқ, жалпы,
«шыны ыдыс» мағынасы ұйытқы болған (Оңдасынов, ПҚТС, 2003,58).
Жергілікті ерекшеліктерді бұлай топтау олардың көлемін анықтауда, шығу
тегін айқындауда, семантикалық, тақырыптық топтарын түзуде, вариант-
жарыспалылық, семантикалық даму т.б. мәселелерді шешуде маңызды.
Сонымен қатар баламасы жоқ лексемалардың семантикасында тіл мен
мәдениет жақын тоғысады. Этнолингвистиканың теориясына байланысты
зерттеулерінде Ә.Т.Қайдар бұл сияқты «негізгі және туынды мағыналық
бірліктерді» сан жағынан да, мағына жағынан да толықтырып, көлемін
үлкейтіп, қолданылу аясын кеңейтіп отыратын көздерін «этнолингвистикалық
арналар» деп атайды:
баламалар: тоңазытқыш – мұзхана, қандала – кебек, мұнай – қара май;
тұрақты теңеулер: қара маңдай – бақытсыз, сорлы, мұздай қара көк – тегіс аман,
иттің қара тұмсығындай көру – жек көру;
фразеологизмдер: шүйігін үзу – мейірін қандыру, талабы тай жеген
бөрідей – талабы таудай, серпіні сегіз болу – беделі арту т.б.;
мақал-мәтелдер: қойды қорадан сат, астықты ұрадан сат; дарақ бір
жайда тұрып көгереді, т.б.;
жұмбақтар және ауыз әдебиеті үлгілері – бұларды Ә.Т.Қайдар «этнос
өмірінде туып, соның өзіне ғана тән рухани, мәдени танымдық бояу –
нақышымен тағы бір қырынан суреттеп, «тіл әлемінде» бейне бір зерде тас
бөлшектеріндей жарқырап тұратын этнолингвизмдер»
1,24-26-бб.
,-дейді, ал
сөйленістер лексикасының этнолингвистикалық арналары – осылар.
43
Бұл арнаның әрқайсысында аймақтық сипаттағы этномәдени деректі тіл
бірлігі, аймақтық этномәдени сөз бар. Аймақтық лексикадағы этномәдени
деректі аталым жергілікті ерекшеліктерді антропоөзекті бағыт салалары
тұрғысындағы зерттеулерде этнодиалектизм деп аталған. М.С.Атабаева
аймақтық сөздің этномәдени мазмұн сыйымдылығына қарай «этнодиалектизм»
деп атай отырып, оның аймақтық сөзге тән сипатын ашады: «диалектілік сөз,
алдымен,
диалектілік
сөзді
сипаттайтын
қасиетке
ие,
яғни:
этнодиалектизмдердің белгілі аймақта қолданылу, таралу изоглосы болады;
белгілі ұғым, түсініктерді және аймаққа тән ұғымдарды, заттарды бейнелеп
атай алатын дәрежедегі номинациялық белгі жинақтайды; жергілікті сипаттағы
ұлттық бояулы фразеологизмдер қоры мол кездеседі; жергілікті табиғи,
географиялық ерекшеліктерді бейнелейтін семантикалы болып келеді; бағалау
мәніндегі айрықша ұлттық болмыс мазмұнды лексемаларымен ерекшеленеді;
тарихи кезең іздерін сақтайды; белгілі салт-дәстүр, материалдық мәдениет
көріністерін жеткізетін ақпаратты болып, халық тұрмысының бел ортасынан
орын алады; әдеби тілде баламасы бары да, жоғы да кездеседі» [32,19-23-бб.].
Сонымен, этнодиалектизмнің белгісі этномәдени деректі ақпарат
сыйымдылығы мен мүмкіндігінше мағынасын жаңғыртуға «келуі» арқылы
этнолингвистикалық мағынаны түсінуге, көруге бейімділігі деп түйіндеуге
болады. Аймақтық лексиканың осындай этномәдени ақпараты мол саласы –
азық-түлік, ас-су, киім-кешек, салт-дәстүр, құрал-жабдық, тұрмыстық заттар,
мінез-құлық, абстракт ұғым атаулары т.б. көптеген ұғым, зат-құбылыс
атаулары. Бұл атауларды Ә.Т.Қайдар көрсеткен этнолингвистикалық арналар
жинақтайды. Бұл деректер тек этнолингвистика саласына ғана емес, қазіргі тіл
біліміндегі антропөзекті бағыттағы зерттеулерді ұштастырып, әрқайсысына
белгілі дәрежеде дерек бере алады. «Этнолингвистикалық арналарға»
сөйленістер
жүйесінің
қатысы
төмендегі
сызбадан
көрінеді:
44
Аймақтық лексиканың мұндай күрделі құрылымы оны жүйелеп
сипаттауды қажет етеді. Бұл мәселе диалектілік лексиканың тарихи
құрылымдық қабаттарына қатысты Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков [35], қазақ
әдеби тілі мен сөйленістерінің сөзжасам деңгейіндегі жүйелік қарым-
қатынастары және өзіндік ерекшеліктері жайында Ғ.Қалиев [42] зерттеулерінде,
қазақ
сөйленістері
тарихи-танымдық,
этнолингвистикалық
табиғаты
тұрғысынан М.С.Атабаеваның [32], еңбектерінде сөз болып келеді. Сонымен
қатар, аймақтық лексика диалектілік сөз мағынасы және оның дамуы [41],
сөйленістер жүйесіндегі тұрақты тіркестер [43], аймақтық мақал-мәтел мен
фразеологизмдер этноқұрылымдық сипаты [44] мәселелері бойынша да зерттеу
нысанына айналуда. Аймақтық лексиканы зерттеудің ендігі бір саласы
жергілікті
ерекшеліктерді
қолдану
ұстанымдары
мен
этномәдени,
стилистикалық қызметіне байланысты, атап айтқанда, көркем мәтіндегі
диалектизмдер [45] және олардың этномәдени қызметін [46], [47] сипаттау
бағытында дамып келеді.
Тілді оның өз тарихы, сол тіл иесінің тарихы аспектісінде қарастырғанда,
мәдениет ұғымының әр қырына соқпай өту мүмкін емес, өйткені мәдениет –
адам әрекетінің жиынтығы, оның қорытындысы, еңбек пен тәжірибе арқылы
жинақталған, рухани әлем, өнер арқылы танылған қабілетінің тілдегі заттанған
бейнесі. Ол халықтың мінез-құлық, дүниетанымының айнасы ретінде сөз
мағынасынан көрінеді. Ұлттық мәдениет ұлт өмірінің, тыныс-тіршілігінің
барлық саласын қамтиды, ол халықтардың мекен-жайынан, ішер ас, киер
киімінен, тұрмыс-салтынан т.б. байқалады.
Тіл белгілі этникалық ортаның мәдениетінің құралы болумен қатар, сол тіл
мен мәдениет иесінің, этникалық тұлғаның, өзегін құрайды. Әр тілдік тұлға
өзінің этникалық мәдениетін жеткізуші болып табылады, тілдік таңбалар
мәдениет таңбасы ретінде қолданылып, ұлттық мәдениеттің ерекшелігін
білдіреді. «...Жеті шелпектен ауыз тиген соң бұл алақанын жайып құран
оқыды. Сосын орнынан тұрып, жайқала басып қухняға беттеді. Соңынан келіні
де ерді. Ақ шайнек пеш үстінде шырт-шырт түкіріп тұр. Тас құманнан бір хош
иісті бу бұрқырайды. Әлгі таңсық иіс тағы бар. Әншейіндегі құбақай кухняға
бүгін бір бөлекше берекет дарығандай. (Ә.Кекілбаев). Қара кемпір «баяғыда
атасы жарықтық өз қолымен шаңырағын көтеріп, енесі байғұс уығын шаншып
берген» үйреншікті төрт қанат шатпасын ұзатылған қызының отын жинайтын
Достарыңызбен бөлісу: |