36
бірін-бірі еркін түсінетіндігі арқылы көрінеді. Бұл қазақ тілінде тіл иелерінің
түсінісуіне
кедергі
келтіретін
үлкен
айырым
белгілердің
байқалмайтындығымен түсіндіріледі [32]. Сол себепті қазақ тіліндегі бар
ерекшеліктер төрт сөйленіс тобына топталып, зерттеліп келеді.
Осыған орай,
Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков сынды ғалымдар қазақ тілі сөйленістерін. Қазақ
тілі жергілікті ерекшеліктерінің бұл жіктемесін төмендегіше көрсетуге болады:
оңтүстік сөйленістері тобы
шығыс сөйленістері тобы
батыс сөйленістері тобы
орталық-солтүстік сөйленістері тобы [35,6-8-бб] деп, топтастырған.
Орталық-солтүстік сөйленістер тобына жататын Арқа өңірінде өмір сүретін
қазақтар тілінің деректері біршама жиналғанымен, монографиялық тұрғыда
толық зерттелмеген деп есептеледі, сол себепті сөйленіс изоглоссалары нақты
айқындалмаған.
Диалект – белгілі аймақта өмір сүретін қауымның тілі, оның диалект
екендігі келесі топтың тіліне қарсы қою арқылы ажыратылады, сондықтан
ұлттық тілдерде
диалект саны бірнешеу болады, әйтпеген күнде оның
диалектілік сипаты болмайды, ұлттық әдеби тіл диалектілердің негізінде пайда
болады, сол себепті диалект тарихы халық тарихымен тамырлас, онымен
құрдас [32,15-б.] дейтін тұжырымдарға қарағанда, жергілікті ерекшеліктердің
шығуы, қалыптасып дамуына көз жіберу арқылы тіл иесі этностың тарихынан,
мәдениетінен белгілі ақпарат алуға болады.
Тіл адам баласының қолымен жасалған мәдени байлығының қай түрін де:
рухани және материалдық байлығын сөз арқылы атап көрсетеді. Сөздің
мазмұндық белгісі – аталымның дербес мағыналы лексема ретіндегі ұстанымы.
Диалектілік сөз (аймақтық сөз) – аталым қызметін атқаратын лексикалық
•батыс
сөйленістер
тобы
•шығыс
сөйленістер
тобы
•орталық-
солтүстік
сөйленістер
тобы
•оңтүстік
сөйленістер
тобы
Жетісу, Шу,
Шымкент,
Қызылорда,
Тәжік,
Ташкент
сөйленістері
,
Көкшетау,
Павлодар,
Қарағанды,
Қостанай -
Арқа өңірі
Орталық,
Қарақалпақст
ан, Арал,
Маңғыстау
Түрікменстан
сөйленістері
Аягөз,
Өскемен,
Қошағаш,
Баян-өлгий,
Шыңжаң
сөйленістері
37
бірлік. Сөздің лексикалық бірлік ретіндегі басты қасиеті – белгілі тарихи
кезеңде қалыптасқан ұғымды білдіріп, атап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші
қызмет атқаруы [23,16-17-бб.]. «Сөз» атаулымен (мағыналық, сөзжасамдық т.б.)
қасиет, қызмет т.б.
белгілері бірдей, ұқсас бола отырып аймақтық сөз
жалпыхалықтық сөзден ерекшеленеді. Диалектілік сөз жалпыхалықтық сөзге
қарама-қарсы қою арқылы танылады, жалпыхалықтық әдеби тіл құрамына
енбейді. Диалектілік сөзді ажыратудың басты критерийлері оның географиялық
ареалға тән болуы мен әдеби тіл құрамына ене алмайтындығы екендігін
зерттеушілердің бәрі дерлік мойындайды
36;37; 38].
Аймақтық лексикология мәселелері жайлы еңбегінде О.И.Блинова
«Диалектные (или областные) слова – это такие лексические единицы, которые
как целое принадлежат только диалектной системе (отсутствуя в литературном
языке и городском просторечии) и характеризуются изоглоссой на
территориальной карте русского языка»
39,41-б.
,- деп, диалект сөздің
белгілерін көрсетеді. Қазақ тілі ерекшеліктері бойынша алғанда:
диалектілік немесе жалпыхалықтық негізден шығуы мүмкін (далабез –
қыдырымпаз; жермай – керосин; жетпесшілік – кемшілік, азымтал – төзімсіз,
әлсіз т.б.);
екіншіден, әдеби тіл элементтерімен дыбысталуы
жағынан тең келіп
омоним құрай алатын сөздер (ату – мәсі, ату – ұшыру, дәнді тазалау, суыру, ши
– шөптің малдың жегенінен қалғаны) болуы мүмкін. Осындай белгілер арқылы
қазақ тілінің қазіргі күнгі аймақтық сөздерінің (жергілікті ерекшеліктерінің)
сипаты анықталады, яғни жергілікті ерекшелік деп қандай сөздерді тануға
болады:
жалпыхалыққа тән, таныс зат, құбылыс белгілі аймақта өзгеше
айтылады: пышқы – ара (құрал); ақтық – немере; сүдін – түр-түс, кескін, кейіп,
айқын – айдын, кең, шалқар т.б.;
халық тұрмысында кең қолданылатын кейбір зат, құбылыс әр аймақта
әртүрлі аталады: ши/шақпақ/кеуірт/кәуірт/күкірт/оттық/шырпы – сіріңке;
дәп/насты/тәр/тәрейлі/жосын - әдет-ғұрып, салт т.б.;
айтылуы бір мағынасы әртүрлі атаулар кездеседі, мұндай атаулар
сөйленісішілік, сөйленісаралық және әдеби-сөйленісаралық қатынаста
кездеседі: 1. там – үй; 2.там – мола, бейіт; бүйрек – жан-жануар, адамның ішкі
дене мүшесі; бүйрек
1 -1) көне, бұрынғы
кезде қырман қызылдағанда
сұраушыларға берілетін астық; 2) соғымнан берілетін сыбаға; бүйрек
2 – түйе
ауруы;
сөйленістер лексикасы жергілікті сипаттағы тұрақты тіркестерімен де
ерекшеленеді: зәндемдік істеу – қулық-сұмдық істеу; иек астында малту –
біреудің шылауында жүру; назар төрінен орын беру – көңіл аудару, айғай
шоқыдай азамат – беделді, абыройлы, талабы тай жеген бөрідей – талабы
таудай, тақыр жерде секірту – алдау т.б.
32,17-19-б.
. Аймақтық сөздің аталған
белгілеріне қарағанда, жергілікті ерекшеліктердің лексикалық бірлігі (элементі)
ретінде ерекше күрделі сөйлеу аясында өмір сүреді, қызмет етеді. Аймақтық сөз
(тіл) – жүйелердің жүйесі, сан қыры күрделі бірлік саналады. Диалектілік
38
(жергілікті) сөздің күрделі табиғаты жайында О.И.Блинова: «Сложность
структуры диалектного языка обусловлена не
только дифференциацией
территориальной, но и социально-классовой, не только дифференциацией
возрастной, но и жанрово-стилистической» [39,11-б.],- дейді. Жергілікті
ерекшеліктің, аймақтық сөздің (лексиканың), күрделілігі сөйленістің, сөйленіс
иесінің өмір сүру ортасымен түсіндіріледі.
Жергілікті ерекшеліктерді шығу төркіні, пайда болуы тұрғысынан, даму
жолы жағынан зерделей қарағанда, оның құрамында көне тілдің сарқыншағы
ретіндегі
қалдықтарын, қазақ халқының тарихындағы әр алуан қарым-қатынас
іздерін де кездесетіруге болады. Осыған орай, Ш.Ш.Сарыбаев «...қазіргі кезде
әр халық ертедегі, ру, тайпалардың, бірігуінен қалыптасқаны дау тудырмаса
керек. Дегенмен кейін пайда болған халық тілі – ежелгі ру, тайпаға тән
тілдерден сақталып қалған іздің қазіргі халық тіліндегі көрінісі болуы заңды;
екіншіден, қалыптасқан халық мұхит ортасындағы
аралға көшіп кетпейді, сол
атамекенінде дәл өздері сияқты ру, тайпадан қалыптасқан басқа да
халықтардың қоршауында көрші есебінде түрлі қарым-қатынаста өмір сүріп
қала береді» [ҚТДС,1996,3-4-бб.],-деп тұжырымдайды. Аймақтық лексика
бойынша
зерттеулерде
мұндай
құбылыстарды
дәстүрлі
диалектілік
ерекшеліктер және дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер деп, екі топқа бөліп
сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: