М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет22/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89
Бисенбаева

шошаласында қалдырып, жалғыз ұлдың қаладағы «асты тақтай, үсті тақтай, 
ортасы шылдырмақтай ақ пәтеріне» кіріп отыр. Қара кемпір – жалпы қазақ 
мәдениетінің өкілі, қазақтың дәстүрлі мәдениетінің оған еш бөтендігі жоқ, тек 
жер түбінен «Жалғызымның қолынан бір уыс топырақ бұйырып, қара жердің 
қойнына кірсем, армансызбын» деп қалаға жол тартқан Ана туған жерін, 
үйреншікті тұрмысын сағынады. Шатпа, шошала – сол үйреншікті өмірдің 
көрінісі. Шатпа – үй, шаңырақ. Жеті шелпектің де аймақтық варианты бар. 
Түрікменстандағы қазақтар – иіс нан (Әруақтарға арнап жұма күндері пісіретін 
жұқа нан, шелпек. Келін ос(ы) арада иіс нан пісіріп жүрген (Түрікм., Ашх.) деп 
атайды. Бұл аталымдар сөйленістер жүйесінде мағыналық дамуға да ие болады, 


45 
өзге сөйленістермен жарыспалы сөздер қатарын да құрайды. Аймақтық 
лексикадағы этномәдени сипат пен этномәдени көріністі осындай аталымдар 
танытады. Сол себепті қазіргі тіл ғылымы этномәдени бірліктерді жеке дара 
күйінде зерттеуден гөрі оларды өзара байланысты этномәдени ақпарат көзі 
ретінде зерделеуге ден қоюда, өйткені қарым-қатынас субьектісі – белгілі 
мәдениет өкілі, мәдениеттің тұтынушысы.
1.3 Этномәдени бірліктер – қатысымдық қызмет тұрғысында 
Лексикологияда сөздерді қолдану өрісіне, қолданылу сипатына, қолданылу 
жиілігіне қарай бөлу дәстүрі бар. Ол сөздің ұғымдық табиғатынан, әсер ету 
күшінен, бағалау мәнінен туады, сондықтан қазақ тілінің ұлттық 
(жалпыхалықтық) лексикасы: а) сөздердің қолданылу өрісіне қарай жалпылама 
(кең қолданыстағы лексика); ә) стильдік қызметіне; б) актив және пассив 
қолданылатын түрлері болып үш салаға таратылады [48,156-157-бб.]. 
Жергілікті ерекшеліктер мен кәсіби-терминдік лексика соның ішінде 
қолданылу өрісі тар қабатқа жатқызылады. 
Бұл жіктеуді жалпыхалықтық лексиканы саралап тану мақсатында шартты 
түрде алынған жіктеу деп түсінуге болады, өйткені жергілікті ерекшеліктер 
әсерсіз, бағалау қызметі төмен, жарамсыз сөздер емес. Қазақ тілінің аймақтық 
лексикасы – жалпыхалықтық лексиканың көлемді, құрамдас бөлігі. Адам 
баласының қарым-қатынас қажеті үшін жаралған Тіл сол қарым-қатынаста, 
сөйлеуде өмір сүреді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас тіл арқылы және 
тілден тыс жүзеге асады. Б.Хасанов тілдер арасындағы байланыс тікелей 
қарым-қатынассыз да жүзеге асатынын айтады, оның дәлелі қазақ, араб т.б. 
тілдер, ал «тілдік қатынас» деген – адамдардың тікелей қарым-қатынас жемісі 
әрі жалпы «қатынас» атаулының тіл арқылы жүзеге асатын түрі» [49,4-б.],- деп, 
тілдік қатынас мәнін түсіну үшін тіл мен сөйлеудің табиғатын білу қажет деп 
есептейді, өйткені тіл – таңбалар жүйесі, сөйлеу сол жүйенің қарым-қатынаста 
қолданылуы. «Тіл құралы – сөз» қолданыс арқылы қарым-қатынас құралы, 
сөйлеу құралы бола алады.
... Барлығы биді ортаға ала алқа-қотан жайғасып болғасын, жас мөлшері 
Қанағатпен тұрғылас Қасым бәрінің атынан бір басалқы тілек айтты: 
- Қайран Биеке-ай! Дерт-дербезеден айығып, қалқайып қатарға қосылғаның 
қандай жақсы болды. Бәріміздің айпарадай адам болып, дардиып жүргеніміз 
сенің арқаң екен. Қараңғыда шамға тартқан көбелектей, ойдан-қырдан бір сенің 
панаңа келіп жиналған едік. Сен ауырып қалғанда, осы отырған шабан-шардақ 
қара шобырың жетім баладай жалтаңкөз боп, жүнжіп кеттік емес пе түге!- деп 
қасындағыларға жағалай қарап өтті (Қ.Жұмаділов). Мәтіндегі дерт-дербезе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет