М. С. Атабаева PhD доктор, профессор


Өсімдік, оның түрлеріне қатысты



Pdf көрінісі
бет35/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89
Бисенбаева

 Өсімдік, оның түрлеріне қатысты атаулар: алғы/алғи (Шымк., Сайр.; 
Сем.,Ұрж, Мақ.; Жамб., Шу; ҚХР) – пияз тәрізді өсімдік. Алғының дәні 
басында болады, Қаратауда көп болады (Шымк., Сайр.). Тамдының бойында 
алғы көп болғандықтан, мастыдай жайнап тұрады (Сем., Ұрж.). Бұл өзбек, 
қырғыз тілдерінде де бар; кәді/кеді – асқабақ. Дақылдардан мыналарды егу 
ұсынылды: жүгері, тары, могар, күнбағыс, кәді (Алм., Нар.). Кедінің неше түрі 
болады (Түрікм.,Таш.).Түрікменстан, Орал, Атырау аймағында «сәбіз» кешір 
аталады (Піскен кешірде қант жоқ (Жән.), түрікменше – кәшир (Туркм.-рус.сл., 
1940), қарақалпақ тілінде – гешир (Рус.-карак.сл., 1947). 
 Туыстық, туыстық жақындықты білдіретін атаулар: ақа – «аға» 
мағынасында Батыс сөйленісінде қолданылады, осы мағынада хакас тілінде ача 
түрінде (Хак.-рус.сл., 1953, 37), якут тілінде – аға (Як.-рус.сл., 1972, 29), көне 
түркі жазба ескерткіштерінде – ақа (ПДП, 1951, 359), бұл мағына монғол 
тілінде де бар – ах (Монғ.-қаз.сөз., 1954, 359); таға/дайы – нағашы. Бала да 
болса дайы екеніңді біліп, жармасып жатыр ғой (Түрікм.,Таш.). Дайы тұлғасы 
Түрікменстан, Қарақалпақстандағы қазақтар тілінде, ал таға тұлғасы 
Қызылорданың Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары мен Жамбыл 
облысының Жамбыл ауданы, Шымкенттің Бөген, Сайрам, аудандарында 
кездеседі. Адамның бір жұрты тағасы ғой (Қ.орда, Жал.). Оның тағасы ертең 
жүреді (Шымк., Сайр.) 
 Іс-әрекет, қимыл атаулары: ажу – қажалу, тозу. Есік тақтайларының 
арасы ашылып, ажыған екен (Ақт., Шалқ.); мошқау – тергеп, тәптіштеп сұрау. 
Пркурор Орда сельпосының председателін мошқап жатыр (Орал, Орда)., осы 
Батыс өңірінде жиі қолданылады; мору-шіру, қараю. Ағаштың түбі мори 
бастапты (Қост., Жанг.). Бау-бақшаның ағашы залалданса, морып кетеді (Алм., 
Кег.); айыру – І. Алу, алып тастау (Түрікм.), түрікменше – айырмақ (Туркм.-
рус.сл., 1940), өзбекше – айирмоқ (Рус.-узб.сл., 1954), азербайжан тілінде 
айырмаг (Азерб.-рус.сл., 1986, І, 92), ұйғырша – айримақ (Уйг.-рус.сл., 1961, 
14), чувашта – уйар (Чув.-рус.сл.,1985, 508). Осы мағынаның ертедегі жазба 
деректерде кездесетінін С.Малов көрсеткен (ПДП, 1951, 15). Батыс сөйленістері 
мен Алматы облысында «арықты, құдықты тазалау» қимыл ұғымын аршу 
сөзімен атайды. Әсембай құдық аршып жатыр (Ақт.Ой.). Бұл сөз де түркі 


72 
тілдерінің біразын қамтиды: түрікмен тілінде – арассаламақ (Рус.-туркм.сл., 
1956, 550), қырғыз – аарчы (Юдахин, 1965, 17), хакас – арды (Хак.рус.сл., 1953, 
31).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет