64
сондықтан бұл сөздің шығу төркінін абылау сөзі арқылы түсінуге болады.
Абылау – аң аулаудың ең көне түрін білдіреді. Аңды жан-жағынан айнала
қоршап, қамалап аулау (Аңдарды ұстаудың бір
қолайлы әдісі абылау жасау
болатын, бүгінде бұл қойылды (Шығ. Қаз., Зай.) [ҚТАС,15-б.]. Көне түркі
ескерткіштерінде абла «аң аулау» дегенді білдіреді [ПДПМК,88-б.].
М.Қашқарида - аv. Бег avқа шықты. Бек ау құруға шықты [МҚ, 1,111-б.]. Сөздің
түбірі - ав, -ла етістік тудырушы жұрнақ. Осы мағына «ерте туған төл»
мағынасының жасалуына негіз болған деуге келеді, сөз мағынасының дамуына
әсер еткен «жан-жақтан қоршау, қаумалау» болса, жас төлге қатысты алғанда,
ол қамқорлықпен аялау мәніне айналады.
М.Оразов көпшілік зерттеушілердің тіл деректерін тақырыптық топқа
топтастыруда лингвистикалық белгілер емес, заттардың табиғи белгілері,
объективтік қатынастары негізге алынады дейтін пікірін қолдайды. Ал лексика-
семантикалық топ сөздердің лексикалық мағынасына негізделеді, сөздердің
антонимдік, синонимдік не ұштас мағыналары есепке алынады [73, 129-б.] деп
пайымдайды. Тіл бірліктерін мағыналық-тақырыптық топқа бөліп зерттеу
диалектология ғылымының жергілікті ерекшеліктерді жинаудағы ең тиімді, кең
тараған әдісі саналады. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері Ж.Досқараев
[74], С.Аманжолов [75], Ж.Болатов [76], Ш.Сарыбаев [33], О.Нақысбеков [78]
т.б. зерттеушілердің экспедициялық еңбектері
бойынша жиналған деректер
ұғымдық-атауыштық мәніне қарай тақырыптық топтарға бөлініп сипаттаудан
басталған, бұл – қазақ диалектологиясы ғылымының алғашқы кезеңі. Осының
нәтижесінде жергілікті ерекшеліктер біршама толық жиналып, сөздіктер,
атластар жасалды. Зерттеудің екінші кезеңінде жергілікті деректер лексика-
семантикалық
тұрғыда
зерттеле
бастады.
[33;41],
ал
қазақ
диалектологиясындағы зерттеудің келесі бағыты – диалектілік лексиканы тұтас
жүйе түрінде зерттеумен қатар, аймақтық лексиканы этномәдени ақпарат көзі
ретінде зерттеуге ден қоюда [32].
Р.Г.Ахметьянов кез келген тілдің лексикасы
жалпы адами ұғымдарды
атайтын сөздер мен ұлттық этномәдени мағына білдіретін атаулардан
тұратынын айтады, сонымен қатар, Волга бойындағы: татар, башқұрт, чуваш,
марий, удмурт, мордва халықтарының этномәдени лексикасын зерттеуге түрткі
болатын сол халықтардың тілінің деректері санайды. Бұл тілдердің жекелей
деректері бірін-бірі толықтыра отырып, көптеген ұғымдардың даму жолын
айқындауға мүмкіндік береді. Осыған орай, Р.Г.Ахметьянов аталған
халықтардың этномәдени лексикасын табиғат
құбылыстары атаулары мен
материалдық мәдениет және рухани мәдениет лексикасына бөліп, рухани
мәдениет лексикасын: туыстық атаулар; қоғамдық қатынасты білдіретін сөздер;
халықтардың рухани өмірін (музыка, өнер, ойын-сауық), білім және тәрбие;
қоғамдық қатынас және құндылықтар; мифология, фольклор әдет-ғұрыпқа
қатысты сөздер деп таратады [79,3-б.]. Ал материалдық мәдениет лексикасын
он үш тақырып көлемінде талдайды. Талдау
аталған тіл деректерімен қатар,
қырғыз, қазақ, өзбек тілдерімен де салыстырылып, ортақтық белгілері
анықталады. Бұлардың ішінде: адақ (конец), қау (отходы, ограда ворота), құйы
65
(колодец), үкі (прорубь), ақман-тукман (самые холодные дни) т.б. қазақ тілінің
аймақтарында қолданылатын сөздер ұшырасады.
Сөйтіп, мағыналық-тақырыптық топты ұғымдық-атауыштық сөздер
құрайды, аймақтық мәдени лексика қазақ лингвистикасында да жоғарыда осы
тақырыптық топтар көлеміне жинақталып, қазақ диалектологиясының қазіргі
кезеңінде: М.C.Атабаева [32;80], Өтебеков [81], С.Мұстафаұлы [82],
Б.Л.Жолдасбек [83], Р.К.Үрімова [44] т.б. антропоөзекті бағыт тұрғысында жан-
жақты зерттеліп келеді. Бұл зерттеулер аймақтық лексиканың этномәдени
құрамының біркелкі емес екенін көрсетеді. Аймақтық лексикада, жалпы, тілдің
әдеби тілден айырым белгілері жалпыхалықтық
әдеби тілмен салыстыру
арқылы айқындалады, бірақ бұл туысы бір халықтардың тарихына қатысты
алғанда, барлық уақытта тиімді әдіс бола бермейді. Түркі тілдерінің туыстық
жақындығы, өмір сүру жағдайының жақындығы жалпыхалықтық лексикадан
ғана көрінбейді, аймақтық лексика элементтері оның айқын мысалы бола
алады. Түркі тілдерінің бірінде диалектілік сөзге саналған атау екіншісінде
әдеби норма болуы немесе керісінше кездесуі – туыстас түркі
тілдері
диалектілік лексикасында жиі кездесетін құбылыс
67,44-б.
. Түптеп келгенде,
«этнос тарихын зерделеуде маңызды дерек беретін дүниелер (археологиялық
қазбалар т.б.) бар, дегенмен олар этнос өмірінің бір бөлігі, елесі, этностың
нағыз өмірі – тілінде «тіл – этностың өз суреті». Ал аймақтық лексика этнос
болмысын танытатын бағалы дерек, мағлұматтарды сақтауымен құнды. Ұлт
тілінің шығу арнасы – диалект (жергілікті ерекшелік). Ендеше этнос табиғатын
түсіну үшін диалектологиялық материалдарға сүйену тиімді болмақ,
бұлақ
көзін тайпа тілінен алатын жергілікті ерекшеліктер – этнос тарихының алтын
сандығы. Онда этностың басқа халықтармен бұрын-соңды жасаған қарым-
қатынасының іздері, салт-дәстүр, тұрмыс-тіршіліктің көрінісі сақталған.
Диалектілік лексикада этнолингвистикалық арналардың әрқайсысына барып
қосылатын этнодиалектизмдер жеткілікті»
32,40-б.
саналады. Ал арналардың
деректеріне бойлау үшін олардың қалыптасу жолдарына, лексикалық
қабаттарына назар аударылу керек. Шартты түрде аймақтық лексикадағы
этномәдени бірліктердің қалыптасу жолын оның тарихи-танымдық қабаттарына
таратып қарастыру тиімді болмақ:
аймақтық лексиканың жалпытүркілік қабаты;
аймақтық лексиканың төл (туынды) қабаты;
аймақтық лексиканың кірме қабаты;
аймақтық лексиканың фразеологиялық және
эмоционалды-экспрессивті
қабаты. Әр этнос өзін қоршаған әлемді өзінше көріп, өзінің ұлттық дүниетаным
деңгейі дәрежесінде танып бағалайды. Ұлттық мәдениеттің өзегін – ұлттық
дүниетаным құрайды. Ұлттық дүниетаным көрінісі осы халық тарихын
бейнелейтін этнолексиканың терең қабаттарында тұнып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: