147
арша/әрже өзгеріске түскен түрі болу керек (Арша үстіне көрпе-төсек жиылған,
тұстық ілінген (Қарақ.). Әрже – Семейдің Ұржар,
Ақсуат аудандарында
кездессе (Әржеңді алып келіп мәшинеге сал (Ақс.), Абай ауданында – әржі
(Абайдың қолжазбасы бір әржі еді). Әрже сөйлем мағынасына қарағанда
чемодан қызметін атқарып тұр. Аршы – М.Қашқарида «дорба, қалта»
(Қашқари, 1,154), «салу, сақтау» мағынасы диалектіде қалған. Қостанайдың
Аманқарағай ауданында бөгіре – сандық мағынасында (Шынаяқты бөгіреге
сал), бөгребас түрінде ағаштан
жасалған ыдыс-аяқ қоятын шкаф, буфет
мағынасын білдіреді (Көкш., Қызыл.). Тайсандық, кеусандық атауларындағы
тай, кеу сыңарлары үлкен семантикасын үстейді. Ә.Қайдар «тай» түбірінің жеті
түрлі
мағынасын көрсеткен, оның ішінде «жүк мағынасын да, «үлкен (тай
қазан, тай сандық) мағынасын да, «жайпақ, терең емес мағынасын да
кездестіруге болады (Қайдар,2005,254), осы
соңғы семаның қатысуымен
«кішкене қапшық, қап ұғымын бейнелейтін тайшұнақ лексемасы жасалған.
Тайшұнаққа астық салады, тайшұнақтың аузы тігілді (Шығ.Қаз.Тарб.). Қаптың
көтеруге қолайлы болғандығын «таяз, терең емес семасын білдіретін тай түбірі
аңғартады. Текше сандық – кішкене қол сандық (Текше сандығың толған бұл
екен ғой. Текше сандықта шай тұрады (Сем.Абай), атаудың жасалуына сыртқы
формасы әсер еткен халық тұрмысында алып жүруге қолайлы түрі де, сақтауға
арналған түрі де болады [89,241-242-бб.].
Сөйленістердегі тұрмыстық лексиканың үй бұйымы атаулары қатарына:
жағалан/жағылан/жақтан
(чемодан,
былғарымен
қапталған
сандық);
асадал/асалал (кебеже, ыдыс салатын шкаф тәрізді бұйым); шанаш (теріден
жасалған қап) т.б. атаулар да қолданылады. Заттың теріден жасалуы және оның
түркі тілдерінің біразында ұшырасады. Бұл атаудың оның көне түркілік
элемент екенін дәлелдейді. Тері, біріншіден, мал баққан халық үшін қолда бар
материал болса, екіншіден, халықтың мал өнімдерін игеру,
оны қажетіне
жарату әдіс-тәсілдерінің жетілгендігін пайымдатады. Мұндай қап, кебежеде
сақталған сусын, ұн, астық ұзақ уақыт сақтауға шыдайды әрі көшкенде бөктеріп
т.б. жүруге де қолайлы Аталған сөздердің бәрінің де түп төркінінде көшпелі
тұрмыс жағдайын
танытатын семантика бар, ол – күнкөріс құралдары: киім-
кешек, ыдыс-аяқ т.б. заттарды шашпай-төкпей алып-жүру, жеткізу, жақсы
сақтау, реттілік, жинақылық архисемасы. Атаулардың біразы қазір де белгілі
аймақтарда қолданылып жүр, тек заттық негізінің формасында, жасалу затында
айырмашылыққа ие болған [89,241-242-бб.].
Достарыңызбен бөлісу: