139
салуға келген қатын-қалашқа ожауы мен табақтарына дейін таратып берді. Төрт
қанат
шатпаның сүйегіне,
қара қазанына ғана тимеді.
Қызын былайырақ шығарып:
- Қарағым, өзің өскен құрым күркені жазда үйіңнің қасына қалқитып тігіп
қой. Кім біледі шаһарлы жерге үйренісе алмай қайтып кеп жатсақ, әйтеуір, өз
үй, өлең төсегіміз күтіп тұрады ғой,-деді (Ә. Кекілбаев «Құс қанаты»).
Мәтіндегі
шатпа, шошала, қара ала, терулі алаша, әбдіре, сағанақ –
сөйленістік этнолексика, ал
төсекқап, аяққап, жүкаяқ,уық, уық шаншу,
шаңырақ көтеру, қара қазан – ұлттық этномәдени лексикаға жатады. Ал
қадірлейтін, қастерлеп пір тұтатын дүние – Үй, құндылық болса, ол мәтінде
шатпа тұлғасында беріледі, шатпаны аймақ тұрғындары «үй» деп түсінеді.
Шатпа – киіз үй, қанат саны – бесеу, Маңғыстау аймағында қолданылады.
Қалған ұлттық мәдени лексика деректері осы
шатпа атауымен қатар
жұмсалғанда жанданады. Қара кемпір – ата-енесінің қолының табы қалған баға
жетпес дүниелерінің керексізденіп, қызынікі болса да, «шошалада» қалғанына
налиды. Дегенмен шаңырағын Ата-енесі өз қолдарымен көтеріп берген
шатпасы мен
қара қазанын ешкімге бермеді, бере алмады. Бұл дүниелердің
«құндылық» аталатынын
Қара кемпір қайдан білсін, Оның білетіні – бұл
дүниелердің қасиеті мен қадірі, өзі құрған шаңырағының тірегі, әулетінің
тамыры екендігі. Бұл ұлы сезім оның жүрегінің түбінде,
санасында, қанында
лүпілдеп тұр. Медет тұтары – «Қара шаңырақтың» иесі бары. Оның жалғасып
қеле жатқандығы,
сондықтан қара шатпасы елінде өзін күтіп тұратынына
сенімді.
Достарыңызбен бөлісу: