М. С. Атабаева PhD доктор, профессор



Pdf көрінісі
бет81/89
Дата07.09.2023
өлшемі2.57 Mb.
#476850
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   89
Бисенбаева

ә)құрал-жабдық атаулары. Сөйленістерде соқаның ең алғашқы түрін 
таңбалайтын: сабан, ағаш сабан, ат сабан, ағаш тіс, амаш, қолтіс лексемаларын 
жатқызуға болады. Ағаш сабан осы күні жоғалды ғой (Қазт.). Бұрынғы кездің 
ағаш соқасын ағаш тіс деп те айтамыз (Алм., Гв.). Бұрын қолтіс деген ағаш соқа 
болатын (Шымк., Қызық.). Мүтән амашпен жер жыртып жүр (Мақт.). Қазақтар 
сабанды берегіректе біліп бастады (Түрікм., Таш.). Бұл атаулардың негізін 
құрайтын – сабан, амаш көне сөздер, жалпытүркілік қабатқа тән. Сабан – 
ұшында темірі бар соқа; сабан – қос өгіз, соқаға жегілген қос өгіз; сабан – 
егіншілік, жер жырту мағынасында М.Қашқари сөздігінде кездеседі 


148 
(Қашқари,1,461-462) және «Сабанда сандырыш болса, өрткүнде іртеш болмас» 
(Жер жыртқанда есеп-қисап болса, қырманда дау-шар болмас) сияқты мақал да 
берілген (Қашқари, 1,462). Мақал – егіншілік тақырыбында, алайда мағынасы 
түсіністік, бірлік, ұқыптылық, сенімділік, белгілі нәрсені ойлап, жобалау істеу 
туралы. Сабан қазақ сөйленістерінде соқа мағынасын сақтаған, ат сабаны атқа 
жегілетін соқа дегенді білдіреді (Қаратөбе). Соқа мағынасында түрік, татар 
тілдерінде бары Л.Будаговта (Будагов, 1,695), түркі тілдерінің бәрінде 
кездесетіні В.Радловта (Радлов,4, 404) айтылады. Бұл сөзден қазақ 
сөйленістерінде сабаншы – (соқашы, соқа айдаушы) және сабан айдау (жер 
жырту) туынды сөздері пайда болған (Қ-Орда, Арал), туынды мағынасы да 
түркі тілдерінде бар, мысалы, сабанчи (Тат.-рус,сл., 1950,206). Орыс тілінің 
жергілікті ерекшеліктерінде орыс крестьяндары тіліне көрші түркі тілдерінен 
ауысқан: сабань, сабанщик (Даль,4,126); сабан (тюрк.Saban) (Ушаков,4,18). 
Мақтаарал, Қызылқұм аудандарында қолданылатын амаш атауын да 
М.Қашқари сөздігінен көруге болады: амаш – соқа, мойынтұрық, егіншілік 
құрал-жабдығы деген түсінік берілген (Қашқари,1,81). Ағаштіс, қолтіс 
атауларындағы сөз мағынасының ауысуына тіс түрі себеп болып тұр, «тістің» 
кесу семасы ұқсатуға негіз деуге болады. Ағаштісте – ағаштан жасалғандығы, 
қолтісте – қолмен ұстап жүру семалары бар. Сөздің түркі тілдеріне кең 
таралғаны және сөзжасамға ұйытқы болуы оның жалпытүркілік сөздік қорға 
тән екендігін танытады [89,243-б.] 
Халық тұрмысында күнделікті қажетті құралдардың қатарына от жағумен 
байланысты заттарды жатқызуға болады.. Шымшуыр, жәмке, жіптік, шаттауық, 
мәстемір, әтішкір – шоқ қысқыш, шоқ салғыш зат атауларын білдіреді. 
Бұлардың аймақтарда айтылуында айырмашылығы бар, сәйкесті диалектизмдер 
жүйесін құрайды. Заттардың бәрі де темірден жасалған, түркілердің темірдің 
сырын білуімен қатар от құдіретін түсіну дәрежесін пайымдатады. Аттіс, 
атауыз, жылқыауыз , балықауыз, кемпірауыз, сапсалғы – атаулары қысқыш
шеге суыратын құрал ұғымын білдіреді, күрделі сөздердің жасалуына қызмет 
және түріне ұқсату себеп болған метафоралану уәжі тіс, тістеу, ауыз 
ұғымдарына негізделген, оның теңеу заты халық тұрмысында басты қызмет 
атқарушы жануарлар – жылқы, қой. Құралдар темірден жасалады, олардың 
алғашқылары атауыз, жылқыауыз, аттіс деуге болады [89,243-б.] 
Сапсалғы – ұсталардың темір қысатын аспабы (Сапсалғы ұста дүкенінде 
ғана болады. Сапсалғымен темір қысады (Сем.Абай). Екі түбірден (сап+сал) 
және сөзжасам қосымшадан (-ғы) тұратын күрделі атау. Ә.Қайдар сап 
сыңарының он түрлі мағынасын келтіреді, оның ішінде қазір жеке 
қолданылмайтын 
«сапыр<сап+ыр//сапсы-<сап+сы» 
тұлғаларындағы 
«перемешивание, перебалтывание» (Қайдар 2005,247) мағынасы да бар. 
Сапсалғы күрделі атауының сап сыңары осы «араластыру» мағынасында деуге 
болады. Ал Р.Сыздық (Сыздық, 1994,134) сал (у) етістігінің Қазтуған (Мен 
салмадым сен салдың), Шалкиіз (Жағы түкті жылқы айуан, иесін қайда жауға 
салмаған), Махамбет (Таңдап мінген тұлпарлар, Иесін қайда жаяу салмаған) 
шығармаларында «тастау, қалдырып кету» мағыналарында қолданылып 


149 
тұрғанын айтады. Сөз төркінін қуа келгенде, оның көне түркі-монғол сөзі 
болып шығатынын және: 1) бір нәрседен құтылу, тастау, қалдырып кету, арылу; 
2) бөліну, айырылу; 3) жоғалту, айырылып қалу мағыналарын беретін етістік 
екенін айтады. Осындағы «бөліну, айырылу» семасы құрал атауын жасауға 
негіз болған деуге болады. Абай шығармаларында «Біреу малма сапиды, салып 
иін» деген жолдар кездеседі, сапсу – иге салынған теріні асты-үстіне шығарып 
аударыстыру деп түсіндіріледі (Абай, 525). Бұл мысалда «бөлу, ажыратып алу» 
семаларын сездіреді. Монғол тілінде салах (Мон.-қаз.сөз.,1954, 149), қалмақ 
тілінде салх тұлғалы (Рус.-калм.сл., 1964, 585) сөз «бөліну, ажырау» дегенді 
білдіреді. Сапсалғы атауы – «араластыра отырып бөлу алу» уәжі, оған зат есім 
тудырушы -ғы жұрнағы қосылу арқылы жасалған.
Дөкет/лөкет/лөкір/дүкірт/дүкерт варианттары мен ләгөр пышақ күрделі 
атауының шығу негізі бір саналады. Дүкірт – омоним сөз, соның бірі – өткір 
пышақ, екіншісі – қайшы (Дүкертті әперші, кездеме қыяйын (Алма.,Жам.), ал 
дүкірт варианты «мұрт басатын кішкене қайшы» мағынасында (Мұрт басуға 
бұл үйден дүкірт табылмас па екен? Лөкет – пышақ, үлкен пышақ (Лөкетпен ет 
турауға болмайды (Көкш., Еңб.); лөкет – соқаның жүзі (Мына соқаның лөкетін 
таптатып алу керек екен (Қост.,Жан.). Ләгөр пышақ – үлкен пышақ (Орал, 
Жән.). Ә.Нұрмағамбетов сөздің архисемасын якут тілінің «ірі, үлкен, зор» 
мағынасындағы ләңкә сөзінен іздейді де, «өткір» мағына қозғалысының 
нәтижесі деп қарайды (Нұрмағамбетов, 1985, 30-31). Парсы тілінде дәһрә – 
кескіш, үлкен пышақ (Крат.перс.-рус.-азер.-сл., 1945). Сөйленістердегі «өткір 
пышақ, соқаның жүзі, қайшы, кішкене қайшы» мағыналарына қарағанда, 
архисема «үлкен» ұғымы емес, «кесу, кескіш» мағынасы деген түсінік 
жақындау келеді деп сесптеледі [89,243-244-бб.]. Қамыр, нан жаятын құралдың: 
астақта, нан тақтай, нан сүргіш т.б. тәрізді дублеттері қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет