М. У. Анартаева



бет2/11
Дата07.07.2016
өлшемі1.19 Mb.
#182769
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Силлабус




Пән: Клиникалық микробиология
Мамандық: «Мейірбике ісі»
Оқу сағатының көлемі (кредит): 90 сағат 2(кредит)
Курсы және оқу семестрі: 4, VII

Шымкент 2013 ж.

Силлабус биохимия, биология және микробиология кафедрасы оқу бағдарламасы «Мейірбике ісі» мамандығы негізінен құрастырылып, кафедра мәжілісінде талқыланды:


хаттама № ___ “ __ ”________ 2013 ж

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. __________ Есіркепов М.М.



7. Оқытушылар туралы мәлімет:




Аты-жөні

Ғылыми атағы

Ғылыми жұмыс саласы

1.

Сейтханова Б.Т.

м.ғ.д., профессор м.а.

«Микробиологическое обоснование влияния микрофлоры беременных женщин на формирование нормопатофлоры кожных покровов новорожденных», 31 ғылыми мақала.

2.

Омарова Г.С.

аға оқытушы

«Современные подходы к профилактике и лечению урологической внутрибольничной инфекции на основе изучения биологических свойств микроорганизмов»17 ғылыми мақала

3.

Алимжанова Г.Т.

аға оқытушы

«Иммунобиологическая активность селезенки каракульски ягнят.»14 ғылыми мақала

4.

Курманбекова Ш.Ж.

аға оқытушы

"Биологические свойства микроорганизмов уретры"8 ғылыми мақала.



8. Байланыс ақпараты:

ОҚМФА биохимия, биология және микробиололгия кафедрасы. Кафедраның орналасқан жері: Әл-Фараби алаңы – 1, e-mail: medakadem@rambler.ru бас оқу ғимараты, 3-қабат (301,303-1,305,307,308-1,308-3,310 ауд.)



9. Пәннің саясаты

  • Студент түзілген кестеге сәйкес дәріс және тәжірибе сабақтарына қатысу міндетті;

  • сабаққа кешікпеу;

  • сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпак);

  • сабақты жібермеу, ауырған жағдайда анықтаманы көрсету;

  • жіберілген сабақтар оқытушының кестесі бойынша қабылданады;

  • оқу процесіне белсенді араласу;

  • академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау;

  • үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын өз уақытында және нақты орындау;

  • тапсырмалар орындалмаған жағдайда және дәріске себепсіз қатыспаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;

  • дәрістің айып балдары алынуы мүмкін: дәріс бір сабағына себепсіз қатыспаған жағдайда айып болы 0,66 -дан аспайды және ол жіберілу рейтінгісінен алынады (қатыспаған сабақ саны көп болған жағдайда айып балы келесі жолмен есептеледі: жіберілген дәріс сабағының саны х 0,66).

  • оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау;

  • кафедра мүлкіне ұқыппен қарау.

2. Бағдарлама:

1) Кіріспе. Клиникалық микробиология медициналық микробиологияның бір бөлігі ретінде, инфекциялық емес клиникаларда пайда болатын инфекциялық процестердің этиологиясын, патогенезін және иммунитетін, науқастардан алынған материалдардың бактериологиялық зерттеулеріне негізделе отырып, ауруханаішілік ортаның санитарлық-бактериологиялық ахуалы мен стационардың эпидемиологиялық жағдайын, бағалауға бағытталған микробиологиялық зерттеулер. Клиникалық микробиологияның негізгі бөлігі ретінде стационар жағдайында химиотерапевтік препараттарды қолдану тактикасы мен стратегиясын талдау, қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау негізінде науқастарға рациональды антибиотик терапиясын ұсыну.

Клиникалық микробиологияның негізгі және күрделі бөлігі бұл лабораториялық зерттеулерден алынған нәтижелердің интерпретациясы болып саналады. Шартты – патогенді микроорганизмдер(ШПМ) тудырған аурулар диагностикасындағы алынған нәтижелер интерпретациясы күрделі.

Соңғы жылдары инфекционды патологиядағы шартты-патогенді микроорганизмдер ролінің артуы байқалды.

Емдік-профилактикалық мекемелерде саитарлы-гигиеналық норманы сақтау және микробиологиялық зертхананы дұрыс ұйымдастыру үшін клиникалық микробиология маңызды роль атқарады.



2) Пәннің мақсаты: студенттерде экожүйедегі микроорганизмдердің ролі, микробтық табиғаты бар аурулардың этиологиялық диагностика негіздері, қоршаған орта обьектілерінің биологиялық ластану деңгейінің индикациясы және тұрғындардың денсаулық сақтауына қолдануы туралы заманауи білім қалыптастыру.

3) Оқыту мақсаттары:

  • Емдеу профилактикалық мекемелердегі микробиологиялық (бактериологиялық) лабораториялардың міндеттерін;

  • Шартты патогенді микроорганизмдердің клиникалық ерекшеліктерін, этиологиясын және патогенезін;

  • Эпидемиялық емес микробтық аурулардың өсу себептерін;

  • Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылықтарының генетикалық және биохимиялық механизімдерін;

  • Адам денесінің қалыпты микрофлорасының құрамы мен маңызын. Дисбактериоздың микробиологиялық диагностикасын, коррекциясын;

  • Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясын, таралуын және себептерін. Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасын және микробиологиялық диагностикасын;

  • Госпитальдық штаммдардың биологиялық қасиеттерін. Түрішілік ажыратуды;

  • Иммунодефицит кезіндегі оппортунистік инфекцияларды;

  • Шартты патогенді саңырауқұлақтар шақырған микоздардың микробиологиясын;

  • Эпидемиялық емес микробтық аурулардың микробиологиялық диагностикасы. Лабораториялық зерттеу әдістерінің ақпараттылығын;

  • Шартты патогенді микроорганизмдердің этиологиялық маңыздылығының критерияларын;

  • Биоматериалдарды алу, сақтау және лабораторияға тасымалдау ережелерін. Анаэробтық инфекцияларда материал алу ерекшеліктерін;

  • Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістерін. Антибиотика терапияның микробиологиялық принциптерін;

  • Эпидемиялық емес микробтық аурулардың экспресс диагностикасын;

  • Гендідиагностикалық әдістерді;

4) Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі тиісті:

  • Микробиологиялық зерттеу үшін материалды алғашқы ауруларын және оның стадияларын ескере отырып таңдап алуды;

  • Науқастың микробиологиялық зерттеуге дұрыс бағыттауды;

  • Науқастан зерттелінетін материалды жинап ала білуді;

  • Биоматериалдын микробиологиялық зерттеу әдісін таңдау

  • Биоматериалдарды лабораторияға жіберілетін жолдаманы толтыруды;

  • Нативті материалдан жұғынды дайындауды;

  • Жұғындыны қарапайым және күрделі әдіспен бояуды;

істей білуі тиісті:

  • Жұғындыны иммерсионды микроскоппен көруді;

  • Лабораториялық анализдің нәтижесін оқуды;

  • Шартты патогенді микроорганизмдердің экологиялық рөлін бактериологиялық зерттеудің сандық және сапалық нәтижесі бойынша бағалауды;

  • Шартты патогенді микроорганизмдердің экологиялық рөлін серологиялық реакцияның нәтижесі бойынша бағалауды;

  • Антибиотика грамманы талдауды;

  • Генодиагностикалық әдістің нәтижесін талдауды;

● Инфицирленген материалдармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасын және эпидемияға қарсы ережелерін сақтауды;

дағдыларын игеруге тиісті :

тексерілетін материалды алу және бактериологиялық зертханаға жеткізу



5) Реквизитке дейінгі: физиология, микробиология, жалпы гигиена, эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі.

6) Реквизиттен кейінгі: емдік профилактикалық ұйымдардағы инфекциялық бақылау, мейірбике ісіндегі әкімшілік процесс және менеджмент.

7) Пәннің қысқаша мазмұны: Медициналық мекемелерде және олардың жеке бөлімдерінде эпидемиялогиялық бақылаудың негізгі принциптері, антибиотикке резистенттілік туралы түсінік және төмендету әдістері, медициналық мекемелердегі қадағалаудың ағымдық және бағытталған принциптері, соционардағы жәнебасқа медициналық мекемелердегі пациенттер мен медицина персоналы үшін мүмкінболтын инфекция көздерін және резервуарлары.

8) Сабақтың тақырыптық жоспары:

Дәрістің тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақты

лығы



1

Клиникалық микробиологияға кіріспе. Мақсаты мен міндеттері, зерттеуге арналған объекттер және материалдар.

Шолу

1

2

Микробиологиялық зерттеу әдістері. Шартты – патогенді микроорганизмдер.

Мәселелік

1

3

Госпитальді инфекцияның этиологиясы. Ятрогенияның туындауындағы медициналық қызметкерлердің ролі.

Ақпараттық

1

4

Госпитальді инфекцияның қоздырғыштары. Госпитальді штамдардың құрылуы. Ауруханаішілік инфекциясының лабороториялық диагностикасының ерекшеліктері.

Мәселелік

1

5

Зерттелетін обьекттер, материалдар және зерттеу әдістері. Қоршаған орта обьектілерінің микробтық залалдануын зерттеу.

Мәселелік

1

6

Оппортунистік инфекция туралы жалпы түсінік.

Ақпараттық

1

7

Оппортунистік бронх-өкпелік инфекция, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, микробилогиялық диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Ақпараттық

1

8

Оппортунистік урогенитальді инфекция, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, микробилогиялық диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Ақпараттық

1

9

Оппортунистік өткір ішек инфекция этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, микробилогиялық диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Ақпараттық

1

10

Оппортунистік микобактериоздар, микоздар, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, микробилогиялық диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Ақпараттық

1




Жалпы сағаты: 10

Тәжірибелік және зертханалық сабақтың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу түрі

Ұзақтылығы




1 кредит







1

Клиникалық микробиологияға кіріспе. Клиникалық микробиологияның мақсаты мен міндеттері. Микробиологиялық зерттеу әдістері.

Пікірталас

2

2

Шартты патогенді микроорганизмдер Қоздырғыштың ағзада таралуын ескере отырып, зерттелетін материалды алу.

Пікірталас

2

3

Ауруханаішілік инфекциялар туралы түсінік. Ауруханаішілік инфекция қоздырғыштары. Госпитальді штамдардың биологиялық ерекшеліктері.

Пікірталас

2

4

Ауруханаішілік инфекцияның таралуына себепкер факторлар. Микрорганизмдердің госпитальды антибиотикке төзімді штамдарының пайда болуы.

Жұптасып жұмыс істеу

2

5

Ауруханаішілік инфекциялардың микробиологиялық зерттеуі. Түрішілік ажырату.

Стационардағы эпидемиялық жағдайдың бағасы, госпитальді ортаның санитарлы-бактериологиялық жағдайын бақылау.



Жұптасып жұмыс істеу,


2

Жалпы сағаты: 10

2 кредит

1

Оппортунистік инфекциялар. Бактериемияның, сепсистің түрлі ағзалар мен ұлпалардың іріңді – қабыну процестерінің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, лабораториялық диагно

стикасы, алдын алуы және емдеуі.



Шағын топтар

2

2

Оппортунистік өкпебронхтық және өткір ішек инфекциялары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, лабораториялық диагностикасы, алдын алуы және емдеуі.

Пікірталас

2

3

Оппортунистік өткір ішек инфекциялары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, лабораториялық диагностикасы, алдын алуы және емдеуі.

Жұптасып жұмыс істеу

2

4

Оппортунистік урогенитальді инфекциялар. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, лабораториялық диагностикасы, алдын алуы және емдеуі.

Жағдайлық есептер

2

5

Оппортунисттік микобактериоздар, микоздар. Микобактериоз және микоздардың қоздырғыштары.

Пікірталас

2

Жалпы сағаты: 10

Барлығы 20 сағат


Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысының тақырыптық жоспары




Тақырыбы


Тапсыру түрі

Бақылау кестесі (мерзімі көрсетіледі)

Сағат саны




1 кредит










1


Адамның қалыпты микрофлорасы. Шартты –патогенді микроорганизмдер туралы түсінік.

Ауруханаішілік инфекция қоздырғыштары. Госпитальді штамдардың биологиялық ерекшеліктері. Ауруханаішілік инфекциялар. Инфекцияның дамуына бейімділік жағдайы. Ауруханаішілік инфекцияның таралуына себепкер факторлар. Инфекция көзі және берілу жолдары.



Рефераттар,

тақырып бойынша, глоссарий, презентация,

тапсырма бойынша тест дайындау,

жағдайлық есептер,

кроссвордтар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.


1-2 апта

6



2

Иммунологиялық бұзылыстағы оппортунистік инфекциялар. Эпидемиялық емес микробтық аурулардың экспресс – диагностика әдістері.

1-2 апта

6

3

Хирургиялық құралдардың стерильдігін бақылау. Микроорганизмдердің антибиотикке тұрақтылығының биохимиялық және генетикалық механизмдерінің қалыптасуы.

3 апта

6

4

Зерттелетін материалдардың алу ережесі. Микробиологиялық зерттеулерде қолданылатын қоректік орталар Зерттелетін материалдардың лабораторияға тасымалдаудың және сақтаудың, алудың жалпы ережелері. Лабораторияға жіберілген материалдардың құжатын толтыру.

Микробиологиялық зерттеу әдістері. Серологиялық диагностиканың негізгі түрлері. Қойылымның жалпы принциптері: ИФТ, ПТР және бактериологиялық анализаторларда жұмыс істеу.



4 апта

6

5

Ауруханаішілік инфекциялардың микробиологиялық зерттеуі. Оппортунистік инфекцияларын бөліп алудың жалпыланған /типтік/кестесі. Таза дақыл бөліп алудың этиологиялық маңыздылығының критериялары.

5 апта

6

6

Ішек дисбактериозының микробиологиялық диагностикасы Терілік және генитальдық дисбактериоздың микробиологиялық диагностикасы.

6 апта

6

7

Аралық бақылау: коллоквиум

Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу

7 апта

6

Жалпы сағаты: 42

2 кредит

8

Оппортунистік инфекциялар дамуындағы паразиттердің ролі. Оппортунистік инфекциялар. Сепсиске қан алу ережесі және диагностикасы.

Рефераттар,

тақырып бойынша, глоссарий, презентация,

тапсырма бойынша тест дайындау,

жағдайлық есептер,

кроссвордтар, тақырып бойынша эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.



8 апта

6

9

Оппортунистік бронхөкпелік инфекциялар. Тыныс жолдарының эпидемиялық емес қабыну процестерінің қоздырғыштары. Лабораториялық диагностика әдістері.

9 апта

6

10

Оппортунистік өткір ішек инфекциялары, АІТ-нің эпидемиялық емес қабыну процестерінің қоздырғыштары. Дисбактериоз диагностикасындағы лабораториялық әдістер.

10 апта

6

11

Несеп шығару жолдарының қабыну процестерінің қоздырғыштары. Лабораторияда зәрді зерттеу үшін алу және тасымалдануының ережесі. Бактериурия дәрежесінің анықтамасы. Зерттеу талдамалары нәтижелерінің бағасы. Лабораториялық диагностика әдістері. Оппортунисттік микобактериоздар, микоздар. Микобактериоз және микоздардың микробиологиялық диагностикасы.

11 апта

6

12

Баяу вирустық инфекциялардың қоздырғыштары – Приондар. Балалардағы оппортунистік инфекциялар. Балалардағы созылмалы инфекцияның актуальдылығы.

12 апта

6

13

Гемофилді таяқшалар(инфлюэнция) Көкіріңді таяқша. Төзімділігі. Этиологиялық және патогенетикалық ролі. Экологиясы. Лабораториялық диагностикасы. Алдын алуы. Клебсиеллалар. Гарднереллалар.Патогенділігі.

Этиологиялық және патогенділік ролі. Экологиясы. Лабораториялық диагностикасы. Алдын алуы.



13 апта

6

14

Протейлер. Экологиясы. Аралас іріңді-қабыну және тағам токсикоинфекциясындағы этиологиялық патогенетикалық ролі. Балалар бөлімшесінде ауруханаішілік инфекция ретінде протейлердің ролі мәселелі.

14 апта

6

15

Аралық бақылау: коллоквиум

Коллоквиум: ауызша-жазбаша сұрау, тестілеу

15 апта

6

Жалпы сағаты: 48

Барлығы 90 сағат


Кеңес беру кестесі




Консультанттар

Күні

Уақыты

Өткізу орны

1

Сейтханова Б.Т.

Дүйсенбі

15.00– 17.00

ауд. 306

2

Омарова Г.С.

Бейсенбі

15.00– 17.00

ауд. 306

3

Алимжанова Г.Т.

Сейсенбі

15.00– 17.00

ауд. 306

4

Кұрманбекова Ш.Ж.

Сәрсенбі

15.00– 17.00

ауд. 306



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет