М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент


Командалық интерпретаторлардың айнымалылары



бет122/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Командалық интерпретаторлардың айнымалылары
Shell айнымалыларын белгілеу үшін әріптер, сандар мен символдар тізбегі қолданылады, айнымалылар саннан бастал- майды. Айнымалыларға мәнді меншіктеу «=» белгісі арқылы орындалады. Мысалы, PS2 = Y.
Айнымалының мәніне айналдыру үшін оның атының алды- на $ таңбасы қойылады. Оларды келесідей топтарға бөлуге бо- лады:
  • позициялық айнымалылардың түрлері $n, n – бүтін сан;
  • жай айнымлылар, мәндерін қолданушы немесе интерпре- татор арқылы жасауға болады;
  • арнайы айнымалылар # ? - ! $ интерпретатор арқылы орна- тылып, позициялық айнымалылардың саны аяқтау коды- ның соңғы командасы, ағымдағы және фондық процестің, идентификациялық нөмірдің Shell интерпретаторының ағымдағы жалаушалары туралы ақпарат алып береді.

  • Қарапайым айнымалылар. Shell айнымалыларға мән бе- реді:
    z=1000
    х= $z
    247

    есho $х 1000.
    Бұл жерде x айнымалысына z мәні берілген.
    Позициялық айнымалылар. $n түріндегі айнымалылар, n – бүтін сан, нөлден бастап командалық жолда элементтердің идентификациялық позициясын шығару үшін қолданылады.
    Мысалы, командалық жолда:
    саt text_1 text_2...text_9
    $1...$9 параметрлері аргументтермен анықталады. Атаулары үшін командалар әрдайым S0 қолданады.
    Берілген $0 – бұл са^ $1 - text_1, $2 - text_2 т.б.
    Мәнді позициялық айнымалыларға беру үшін set командасы қолданылады, мысалы:
    set arg_1 arg_2... arg_9, бұл жерде $1 - arg_1 аргументінің мәні беріледі, $2 - arg_2 және т.б.
    Аргументтерге ену үшін echo командасы қолданылады, мы-
    салы:
    echo $1 $2 $9 arg_1 arg_2 arg_9
    Барлық аргументтер туралы ақпаратты * метасимволды қол-
    данады. Мысалы: echo $*
    arg_2 arg_3 ... arg_10 arg_11 arg_12
    Shell позициялық аргументтер көмегімен команда аты және оның аргументтерін сақтауға болады. Командаларды орындау барысында Shell интерпретаторы оған аргумент беру керек, реті позициялық айнымалылар көмегімен реттеліп отырады.


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   141




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет