Программаларды басқару
true және false командалары процесті аяқтау үшін қажетті кодтарды орнатуға қызмет етеді: true – сәтті аяқтау, кодтың аяқ- талуы 0; false – сәтсіз аяқталу, кодтың бірнеше мәні болуы мүм- кін, оның көмегімен сәтсіз аяқталудың себебі анықталады. Аяқ- тау командаларының коды if шартты операторы мен while және until циклдерінің операторындағы шешім қабылдау үшін қолда- нылады. LINUX-тің басқа да командалары осы операторларды қолдау үшін аяқталу кодын жасап шығарады.
If шартты операторы айнымалының мәнін тексереді. True- ге тең болса, Shellif операторынан кейінгіні орындайды, егер false болса, келесі оператордан өтіп кетеді. If операторының форматы:
if <шарт> then list1
else
list2 fi
fi
Test (тексеру) командасы if шартты операторымен және циклдер операторларымен қолданылады. Іс-әрекет test қайтару кодына байланысты болады. Test файлдардың, сандық мәндер- дің, символдар тізбегінің анализін жүргізеді. Егер тексеріс нәти- жесі оң болса, нөлдік код беріледі, нөлдік емес код теріс тексе- рістің теріс нәтижесінде беріледі.
Файлдар талдау командасының синтаксисі келесідей: test [ -rwfds] file
Бұл жерде
-r – файл бар және оны оқуға болады (аяқтау коды 0);
-сызба – файл бар және оған жазба жазса болады;
-f – файл бар және каталог болып табылмайды;
-d – файл бар және каталог болып табылмайды;
-s – файл өлшемі нөлден өзгешеленген.
251
Сол жақтағы қатынас сандық деректер, ал оң жақтағы қаты- нас символдар үшін пайдаланылады.
Test командасынан басқа тексеруге арналған кейбір құрал-
дар бар:
! – растамау операциясы мәннің мағынасын терістейді, мы- салы, if test true формуласы if test ! false формуласына эквива- лентті;
Егер операндтардың біреуі true мәнін берсе, о – «НЕМЕСЕ»
(or) екі орынды операциясы true мәнін береді;
Егер екі операндта да true мәнін берсе, а – «ЖӘНЕ» (and) екі орынды операциясы true мәнін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |