5.5. KDE графикалық қабықшасын игеру Жұмыстың мақсаты: KDE графикалық қабықшасының не- гізгі функционалды бөліктерімен жұмысты зерттеу, KDE-ні күй- ге келтіру және қарапайым мәтінді графикалық құжаттарды Kword және Paint-та құруды игеру.
Desktop Environment (K Desktop Environment) KDE MacOS және Windows және басқа да танымал жүйелерін қамтамасыз ететін графикалық интерфейстерінің функционалдық мүмкіндік- терін қолдау үшін әзірленген. Стандартты функцияларды орын- даумен қатар KDE графикалық ортасында кейбір ерекше мүм- кіндіктерді кеңейту сипаттамалары бар. Linux үшін olwm, fvwm, AfterStep және басқалар сияқты бірнеше терезе менеджерлері әзірленді. Алайда олардың мүмкіндіктері KDE мүмкіндіктері- мен салыстырылмайды.
KDE терезелі ортасы Көпшілік терезе менеджерлері сияқты KDE күнделікті бірқа- тар міндеттерді атқару үшін негізгі құралдарын қамтамасыз ете- тін кешенді ортасын қамтамасыз етеді. Мысалы, KDE-ні пайда- лана отырып, сіз бірқатар операцияларын орындауыңызға болады:
оларды тіркеу үшін жұмыс үстелінде иілгіш дискілердің белгілерін орналастыру, тіркеуден шығару және олармен жұмыс;
қосымшаларды белгілі бір файл түрлерімен салыстыру. Бұл жағдайда сіз таңдалған файлды бассаңыз, автоматты түрде қажетті қолданбаны жүктей аласыз.
жұмыс үстелінде принтер белгішесін жасау. Тышқан ар-
қылы осындай тіркесімді файлдың үстіне сүйреген болса- ңыз, ол басылып шығарылады.
KDE құрамына жұмыс үстелі ғана емес, сонымен қатар қо- сымшалар және онымен жұмыс істеуге арналған құралдар жиынтығы кіреді.
Стандартты KDE дистрибутивінде жүзден астам бағдарлама-
лар – ойындар мен жүйелік утилиталарынан бастап кеңсе бағ- дарламаларының барлық блоктары бар. Сонымен қатар KDE бағдарламалары бір-бірімен өзара әрекет етуі арқылы опера- циялардың барлық түрлерін жүзеге асыруға ықпал етеді.
KDE жұмыс үстелінің компоненттері KDE жұмыс үстелі негізгі үш бөлікке бөлінеді – жұмыс үс- тел «беті», панель мен есептер тізбегі. KDE негізгі жұмыс айма- ғы жұмыс үстелі деп аталады. Бұл барлық басқа компоненттері көрсетілетін фон болып табылады. Жұмыс үстелінде сіз жиі өң- деуге түсетін бағдарламаларды, құжаттар мен құрылғыларды орналастыруыңызға болады. Бұл тиісті объектілерге оңай қол жеткізуге және олармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Экран- да көрсетілген ауданынан басқа KDE бағдарламаларды орын- дауға арналған қосымша виртуалды кеңістігін қамтамасыз етеді. Әдепкіде, төрт виртуалды жұмыс үстелдері қамтамасыз етіледі. Виртуалды жұмыс үстелі – бұл шын мәнінде, бағдарламаны іске қосу немесе басқа да жұмыстарды орындауға ауысуға мүмкіндік беретін басқа экран. Бағдарламалар мен терезелерді түрлі вир- туалды жұмыс үстелдері арасында оңай жылжытуға болады. Виртуалды жұмыс үстелдерін пайдалану арқылы берілетін қо- сымша мүмкіндіктері түрлі бағдарламаларымен пайдаланылады. Бұл жағдайда бағдарламалар орындалатын терезелерді қайыру және ашудың қажеті болмайды. Сіз осындай іске қосылған қо- сымшаны кейінге қалдыруыңызға, содан кейін орындау соңында оған қайта келуіңізге болады.
Панель Панель экранның төменгі жағында орналасқан. Панельде ең жиі пайдаланылатын негізгі KDE процестерін орындауға мүм- кіндік беретін батырмалар, сондай-ақ жиі қолданылатын бағдар- ламалардың таңбашалары орналастырылады. Панелдің сол жа- ғында орналасқан аса маңызды элементтерінің бірі Application Starter (іске қосу) батырмасы болып табылады. Бұл – дөңгелек
259
бейнесінің үстінде «K» таңбасы бар батырма. Осы батырма ар- қылы жүйеде орнатылған барлық бағдарламалар тізімі бар мә- зірді ашу үшін қолданылады. Сонымен қатар осы мәзірді анық- тама және басқару тақтасы (Control Panel) сияқты KDE-нің кей- бір басқа бөлімдеріне қол жеткізу үшін де пайдалануға болады.
Панельде Пейджер, тапсырмалар тақтасы (Taskbar) және са- ғат (Clock) виртуалды жұмыс үстелдерінің қосқыштары орна- ластырылады. Тапсырмалар тақтасында ағымдағы жұмыс үсте- лінің ашық терезелері көрсетіледі. Бағдарламаға дереу қол жет- кізу үшін сіз жай ғана тапсырмалар тақтасындағы тиісті түйме- шені басуыңыз керек.
Бағдарламаны іске қосу үшін төменде көрсетілген тәсілдер- дің бірін орындауыңызға болады:
панельдегі батырманы басу.
жұмыс үстелінің элементтерін басу. Әдепкі жұмыс үстелін- де тек екі объект орналастырылады. Бұл – себет және ағымдағы жұмыс каталогы. Қолданушылар жұмыс үстелінде орналасты- рылған ең қажетті және жиі қолданатын бағдарламаларды пай- даланады:
бағдарламаларды қосу мәзірінен бағдарламаны таңдау. Тек
тиісті файлды таңдап және оны тышқан көмегімен басу керек.
Сіз, әрине, командалық жолында бағдарлама атауын көрсете отырып, терминал терезесінде бағдарламаны қосып, сондай-ақ іске қосу терезесін шақырып, бағдарламаның атын енгізіп, + F2> басуыңызға болады. Пайдалы бағдарламалық тізбек пай- даланушының жұмысын жеңілдетеді.
Бірінші орында бағдарлама құрамындағы Konsole терминал эмуляциясы стандартты командалық жолында терезелерді ашу
арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қосымшалар мәзірінің оң жағында орналасқан батырма тап- сырмалар тізімі (монитор пиктограммасымен көрсетілген) аты бойынша сұрыпталған барлық қазіргі уақытта белсенді терезе- лері бар мәзірді көрсетеді. Бұл қажетті терезені тез және оңай табуға мүмкіндік береді және бірнеше терезелер жұмыс істеу ке- зінде экрандағы артық заттарды азайтады.
260