Нысандарды өңдеу мүмкіндігі Kongueror файлдық диспетчері құжаттарды көрумен қатар, ол қарастырып отырған нысандарды баптауға және олармен белсенді жұмыс істеу үшін қолданылады. Мысалы, программа- ларды қосуға және құжаттарды жіктеуге KDE типтеу файлын пайдаланады. Файл типтерін ажырату жергілікті түрде де, алыс- татылған компьютер файлдарымен де орындалады. Сондықтан жарлықтарды және осы элементке арналған мәнмәтін мәзірді көрсету мәселесінде қиындық туындамайды. Алыстатылған жүйедегі файлды қосқан кезде KDE файлды жүктейді және осы файлмен жұмысқа қажет қосымшаны да орнатады. Элементтер- ді файл диспетчерінің бір терезесінен екіншісіне қарай алып ба- руға болады, ол элементтер арасындағы байланыс пен элемент көшірмесін құрайды. Жергілікті файлдық жүйемен жұмыс кезін-
263
де Kongueror қарапайым графикті диалогтік терезе көмегімен осы файлдық жүйенің атрибуттарын өзгертуге пайдаланылуы мүмкін.
Файлдар диспетчерімен жұмыс істемес бұрын қолданушы
интерфейсінің кейбір элементтерімен танысқан жөн. Төменде Kongueror көмегімен шешуге болатын мәселелер көрсетілген.
Каталог және файлдармен жұмыс Файлдар диспетчерімен жұмысты бастау үшін кез келген ка- талогты басу қажет. Нәтижесінде файлдар диспетчері іске қосы- лады және басты терезеде жұмыс каталогінің құрамы пайда бо- лады. Бұл аймақ бақылау аймағы деп аталады. Әдеттегідей не- гізгі терезеде мұндай аймақ біреу ғана. Дегенмен экранда көрсе- тілген негізгі терезеде бақылау аймағымен қатар каталог тар- мақтарын, терминалды эмуляциялау терезесін байқауға болады.
Бақылау аймағы Бақылау аймағында, әдетте таңдалған каталог құрамы көрсе- тіледі. Каталогта элементтерді белгілеу үшін файл типімен анықталатын жарлықтар қолданылады. Бақылау терезесінің тү- рін өзгертуге болады. Ол үшін View=>View Mode мәзір оп- циясын пайдаланған жөн. 5 көрсетілген түр бар.
Icon View.Каталог құрамы жиектемеде орналасқан үлкен жарлықтар түрінде болады.
Text View. Барлық атрибуттары бар каталогтар мен файлдар листингі шығады.