М. З. Якубова техника ғылымдарының кандидаты, доцент



бет138/141
Дата26.09.2023
өлшемі3.68 Mb.
#478578
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

Редактордың құрылымы
Қолданушы командалық редактормен жұмыс істеу кезінде оның командалық режимдерінің бірінде немесе мәтінді енгізу режимінде болады. Төменде көрсетілген сұлба осы режимдердің байланысын және де осы режимдер арасында ауысудың амалда- рын көрсетеді.
Автоматты түрде ауысу
Қарапайым түрде редакторды шақыру үшін vitext команда- сын енгізіп, Enter батырмасын басу қажет. Экранда төмен көрсе- тілген жазу шығады:
$ vi 1ех1 "text"
Жол _ белгісі арқылы басталады және курсордың қайда тұр- ғанын анықтайды. Осы сәтте қолданушы vi командалық режим-
де болады. Мәтінді енгізу тәртібіне өту мәтінді қосу қомандасы
көмегімен жүзеге асады:
а/А – курсордан соң мәтін енгізу/жол біткен соң енгізу; i/I – курсор алдына мәтінді қою/ (insert – қою);
о/О – бос жолды көрсету.
. – соңғы команданың қайталануы; u – соңғы команданың жою әрекеті.
270
Еx тәртібіне өту. Ex редакторы тобының командасына өту үшін : атын, команданы және немесе Esc пернелерін ба- су керек. Ex редакторы тобының командалары «:» рәмізінен бас- талады және экранның астыңғы жағында көрінеді. Esc немесе
пернелерін басқан соң командалық тәртіпке қайта қайтарылады. Ех тәртібінің командалары:
:сызба – файлға мәтін жазу;
:r – файлды оқу;
:е – жаңа файлды өзгерту;
:е! – қазіргі сәттегі файлды сақтамай шығу;
:n – автоматты түрде өзгеру;
:wq – мәліметті жазу және редактордан шығу;
:x – мәлімет жазу;
:q! – мәліметті жұмыс барысында қалдыру және өзгертуді аяқтау;
^b – қысқартуларды қосу;
тар – кілттерді анықтау;
:set – орнатылған тәртіптерді өзгерту;
:s – ауыстырымдарды орындау.
Shell-ға көшу. Жұмыс барысында LINUX командаларының shell командасымен жұмыс істеуіне рұқсат етеді. Бұл үшін «!» командасы арқылы Shell командалық тәртібіне көшу керек.
Мысал қарастырайық. date (қорытынды және датаны орнату)
«:! Date» командасы арқылы ағымдағы уақытты анықтау. Мұн- дағы «:» символы ex командалық тәртіпке өтуді білдіреді, ал «!» символы Shell-ға рұқсат береді.
Vi командалық тәртібіне қайта өту үшін Enter пернесін басу керек.
Редактордың көптеген командалары курсордың нақты орна-
ласуына байланысты және курсорды басқару пернелерімен қол- дана алу керек (бағдарлы пернелерімен <- , -> және т.б.). Бағ- дарлы пернелерімен қоса курсордың орнын ауыстыру үшін мы- на пернелерді қолдануға болады: CTRL-Н – солға; CTRL-N – тө- мен; CTRL-Р – жоғары; SРАСЕ – оңға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   141




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет