The Root Directory. Файлдық жүйенің бастапқы каталогіне сәйкес келеді.
Бақылау терезесінде тек каталогтер көрсетіледі. Файлдар жә- не олардың байланыстары онда көрсетілмейді. Каталогті ашу
немесе жинау үшін сәйкесінше каталог атының сол жағында ор-
наласқан плюс немесе минус белгісі бар квадратты басу керек. Каталог жиналған кезде квадратта плюс белгісі тұрса, каталог жайылған кезде квадратта минус таңбасы тұрады.Терезеде ката- лог құрамын көру үшін ағаш каталогтерді бақылау терезесінен осы каталог атын бассаңыз жеткілікті.
265
Терминалды эмуляциялау терезесі Файл диспетчерінің төменгі жағында терминалдың эмуля- циялау терезесін шығаруға болады. Ол үшін мәзірден Windows=>Show Terminаl emultion таңдау жеткілікті, команда- лық жолға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Каталог тармағы кө- мегімен немесе бақылау терезесінде қолданушы басқа терезеге ауысқан кезде, осы каталогтің өзгеруі автоматты түрде осы тере- зеде де көрсетіледі. Ал терминал эмуляциясындағы cd көмегі- мен орындалатын орын ауысулар, бақылау аймағының құрамын және ағаш каталогының терезешесін өзгертпейді.
Терезелер арасында байланысты орнату Файлдар диспетчерінде немесе ағаш каталогінің терезесінде- гі бақылау аймағына енгізілген өзгеріс, басқа терезелерде байқа- луы мүмкін. Үнсіз келісім бойынша барлық терезелер бір-бірі- мен байланысты, сондықтан олар бірдей каталогтерді көрсетеді. Кейде ол бір ғана каталогті көрсететіндей, мұндай байланысты алып тастаған дұрыс.
Терезелер арасындағы байланысты орнату немесе алып тас- тау үшін View=>Link View опциясын пайдаланған жөн. Осын- дай жолмен белгіленген терезелер арасында байланыс орната- мыз, сондықтан олар бірдей каталогтерді көрсетеді. Терминалды эмуляциялау терезесі жалғыз ерекше болып табылады. Cd ко- мандасын қолданған кезде терминал эмуляторы басқа терезеле- рімен синхронды жұмыс істемейді.
Терезелерді құру Файлдардың диспетчерінде қолданылатын үш терезе тек бастамасы ғана. Қолданушы бірнеше көру терезелерінің көшір- месін немесе терминалдың эмуляторын құра алады. Әрі көшір- мелер әртүрлі каталогтермен немесе Web түйіндермен жұмыс істей алады.
Жаңа терезе құру үшін терезеге ұқсастығы бар терезені таң-
дап алу керек. Содан соң төмендегі көрсетілген мәзір таңдама- ларын таңдау керек.
– Window (терезе) => Split View Left/Right (тігінен бөлу) –
ағымдағы терезе сол тип бойынша тігінен екіге бөлінеді.
266
Мұны пернелер комбинациясын басып та орындауға болады.
– Window (терезе) => Split View Top/Bottom (көлденеңінен бөлу) – ағымдағы терезе сол тип бойынша көлденеңінен
екіге бөлінеді, мұны пернелер комбина-
циясын басып та орындауға болады.
Үнсіз келісім бойынша құрылған терезелер мен басқа тере- зелер арасында байланыс орнатылмайды. Бұл әртүрлі каталог- терді қарау үшін ыңғайлы. Қаралып отырған аймақты өзгерту үшін, ең алдымен, жай ғана тышқанды терезеде ұстап тұрып бір шерту жеткілікті. Кішірек жасыл индикатор дәл сол уақытта те- резенің белсенділігін көрсетеді. Содан соң көру үшін Location өрісінде терезенің жоғарғы бөлігіне жаңа адрес енгізу керек Konqueror (Location => Duplicate Windows).
Мұндағы көру терезесін немесе терминал эмуляторын алып тастау үшін оны тышқанның тетігімен белгілеп алу керек те ке- лесі контекстік мәзір бойынша таңдау жасау керек Window => Remove Active View (терезені алып тастау) немесе
пернелер комбинациясын басу керек. Көлемін
өзгерту үшін тышқанның көмегімен екі терезенің арасындағы шекараның орнын ауыстыру керек.