Жұмыстың орындалу барысы
- Панельдегі Home батырмасын басу арқылы Konqueror файлдар диспетчерінің терезесін ашыңыз.
- Терезені үлкейтіп ашыңыз.
- Window⇒Show Terminal Emulator опциясын таңдаңыз.
- Window⇒Split View Left/Right опциясын таңдаңыз.
268
- Тышқанның көмегімен Button батырмалар панелін және Location адрес панелінің орнын ауыстырыңыз.
- Терезенің шетінде орналасқан арнайы өлшемді өзгерту мет- каларын қолдану арқылы панельдің өлшемін өзгертіңіз.
- Оң жақтағы панельде vi командасын орындауға жіберіңіз.
- Пернетақтада басу арқылы сол жақтағы көру панелінде аплетті ашыңыз.
- Төменгі панельде компилятор мен өзге де командалық
жолдың құралдарының көмегімен пайдаланыңыз.
- Профильді сақтау үшін Setting⇒Save View Profile оп- циясын таңдаңыз.
- Профильдің атын енгізіп, содан кейін Save window size in
profile опциясын таңдаңыз. Осыны жасап болған соң ор- натуларды сақтау үшін Save батырмасын басу қажет.
Бақылау сұрақтары:
- Қандай бағдарламалар файлдық менеджерлер деп аталады?
- Konqueror бағдарламасының көру облысында қандай мәлімет көрсеті- леді?
- Konqueror бағдарламасының көмегімен қалай жаңа терезе құруға болады?
- Файлдар диспетчерінің көмегімен шешуге болатын файлдық жүйені басқару тапсырмаларының тізімін атап көрсетіңіз.
5.7. VI мәтіндік редакторының негізгі командалары мен оның жұмыс істеу принциптері
Әдетте Linux ОЖ құрамында мәтіндік редакторлар: ed – ин- тербелсенді жолдық редактор, vi және ex – оның кеңейтілген түрлері. Бұл редактор vi (visual interpretator – визуалды интерп- ретатор) атымен экранға, ал ex атымен жолға негізделген редак- тор ретінде жұмыс істейді.
vi редакторын шақыру үшін vi командасын қолданыңыз:
vi [+line] [-R] [-х] [-r] [-t] file...
мұндағы +line – сіз осыдан бастағыңыз келетін, жолдың нөмірі; R – оқу; бұл файлды тек қарауға болатындығын білдіреді, яғни өзгертуге болмайды;
269
x – шифрды ашып қою, яғни crypt командасымен шифрлан- ған файлды қарау немесе дискіге жазғанға баланысты оны кейін шифрлеу арқылы жай мәтінді өзгерту;
r – жүйелік немесе бағдарламалық құлаудан кейінгі файлды
қалпына келтіру; t – тег (tag) атауы бар (vi командасының file өрісінде) файлды өзгерту үшін оны шақыру.
Тег – текстік файлда бөлуді бастайтын, арнайы символдар-
дың тізімі. Әртүрлі файлдардың тегтері бір файлға қосылады, атауы – tags болатын тегтер файлы.
-t опциясы тег орналасқан, құрамында файл мен тегтердің
аты бар tags файлын шақыруды қамтамасыз етеді. Редакторды шақыру командасын vi +/word/file форматында қолдануға бола- ды, құрамында word сөзі бар, «file» файлын бірінші жолдан бс- тап өзгерту немесе vi +file форматында файлды соңғы жолдан бастап өзгерту.
Достарыңызбен бөлісу: |