37
А. Раева
узбекского языка» (1975), З.Р. Садыкованың
«Зоонимическая лексика татарского языка»
(1994), Т. Бегжановтың «Заметки об этимоло-
гии некоторых скотоводческих терминов кара-
калпакском языке» (1980) атты зерттеулерінде
арнайы қарастырылды. Мәселен, ғалым
З.С. Садыкованың «Зоонимическая лекси-
ка татарского языка» атты монографиялық
зерттеуінде зоонимдік лексика мен омарташылық
атаулар синхрондық және диахрондық тұрғыда
жан-жақты талданған.
Автор еңбекте көне та-
тар ескерткіштері мен говорларындағы көптеген
материалдарды жинақтап, оларды басқа түркі
тілдерімен салыстырады (Садыкова, 1994).
Аталған бағыттағы зерттеу жұмыстары қазақ
тіл білімінде де сексенінші жылдардан бастап
жарық көре бастады. Атап айтқанда, 1983 жы-
лы Ә. Жақыповтың «Термины верблюдоводства
казахского языка» атты зерттеуінде қазақ тілінде
түйе шаруашылығына байланысты атаулардың
лексика-семантикалық классификациясы, со-
нымен қатар атаулардың этимологиясы мен
варианттылығы да қарастырылған. Зерттеу
жұмысында зоонимдердің араб, иран, моңғол
тілдерімен байланысы да сөз болады,
жалпы
аталған еңбекте түйе шаруашылығына қатысты
800 сөз және сөз тіркесіне талдау жасалған (Жа-
кыпов, 1983). Қазақ тіл білімінде зоонимдік лек-
сиканы одан әрі зерттеу мәселесі XX ғасырдың
екінші жартысынан бастап С.К. Сәтенова,
Б. Тлепин, Б.С. Тоқтағұл, Ж.Д. Байтелиева сын-
ды тілші ғалымдардың зерттеулерімен толықты.
Түрік тіл білімінде зоонимдік лексиканы
зерттеу Саадет Чағатай есімімен тығыз байла-
нысты, оның «Түрік халық әдебиетіндегі «бұғы»
зоонимінің көрінісі» (1956) атты еңбегі ғылыми
мазмұны жоғары алғашқы еңбектердің бірі бо-
луымен құнды, бұдан әрі зоонимдік лексика-
ны зерттеу түрік ғалымдарының еңбектерінде
жалғасын тауып отырды, атап айтқанда, Ах-
мет Жафероглу «Тіл білімінде адам және жа-
нуар» (1968), Такуиеттин Менгушоғлу «Адам
және жануар» (1979), Саваш Экижи «Түрік
мәдениетіндегі тырналар» (1981), Мужган Джун-
бур «Біздің фольклордағы бұғы» (1982), Хайри
Башбуг «Аширет мәдениеті мен тарихындағы
жылқы (1986), Ахмет Буран «Юнус Эмредегі
жануарлардың атауы және олардың қызметі»
(1992), Айдил Эрол «Біздің атауларымыз» (1992),
Левент Сами Акалин «Түрік
фольклорындағы
құстар» (1993), Али Рыза Гөнүллү «Түрік халық
наным-сенімдеріндегі қасқыр бейнесі» (1993),
Харун Чакан «Аристотельдің «Зоологиялық
жұмыстары» және Кемаледдин Демирдің «Жа-
нуарлар» шығармаларының мазмұны мен жү-
йе лілігін салыстырмалы талдау» (2011), Ше-
реф Бойраз «Каражаоғландағы жануарлар мен
өсімдік атауларының қызметі» (1996), Күр шат
Эфе «Тарихи түрік диалектілеріндегі жануар-
лардың атаулары» (2004), Селви Инан «Түрік
халық әдебиетіндегі тырна мотиві бар әндер»
(2008), Эртан Бесли «Ежелгі түркі тілдеріндегі
зоонимдердің этимологиясы» (2010), Эбру Ала-
гез «Ескі қыпшақ тілдеріндегі жануарлардың
атаулары және оларды мағынасы бойынша
қабылдау» (2011). Жалпы түркі лексикасын-
да мал атауларына байланысты лексиканың
түркі тілдерінің сөздік қорында үлкен маңызға
ие екендігін көреміз. Түрік ғалымдарының
жоғарыда атап өткен зерттеулерінде зоонимдік
лексиканың түрік тіл білімінде жан-жақты
зерттелгендігін көрсетеді. Бұл еңбектер түрік
тіл білімі үшін ғана емес, жалпы түркітануда да
өзекті, ғылыми
маңызы жоғары зерттеулер бо-
лып табылады.
Зоонимдік лексика фразеологиялық жүйенің
құрамдас бөлігі ретінде, сондай-ақ жануарларға
қатысты метафоралық қолданысты салыстыра-
салғастыра зерттеуде С.К. Сансызбаева,
Р.Қ. Сма ғұлова, Г. Сағидолдақызы, С.К. Сәтенова,
Қ. Қалыбаева т.б. ғалымдардың еңбегін ерекше
атап өткеніміз жөн. Бүгінгі күні түркі тілдерінің
фразеологизмдерін туыс емес тілдермен
салғастыра зерттеу мәселесі едәуір нәтижелерге
қол жеткізді. Алайда, туыстас тілдердің лекси-
касын, соның ішінде фразеологиялық қорын өз
ішінен салыстыра зерттеулерге қатысты еңбектер
ішінара бой көрсеткенімен, түркі тілдерінің ірі
топтарындағы жақын туыстас тілдердің мате-
риалын өз ішінен салыстыра зерттеу мәселесі
ғалым Қ. Қалыбаеваның еңбегінде көрінді. Ав-
тор түркі тілдерінің қыпшақ тобына енетін қазақ,
қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарашай,
балқар, құмық тілдерінің фразеологиялық
қорына талдау жасай отырып, салыстырмалы-
тарихи тұрғыдан зерделеді.
Аталған зерттеудің
бір тарауы қыпшақ тілдеріндегі зоонимдік фра-
зеологизмдерге арналып, жануарлар атауының
тұрақты сөз тіркестерін жасаудағы қызметі
талданған (Қалыбаева, 2010). Ал түрік тілі
бойынша жануарлар атауының тұрақты сөз
тіркестерінде көрінуі бойынша Левент Доғанның
«Түрік мәдениетіндегі жануарлар және жануар-
лар атаулары» (L. Dogan, 2001) деген еңбегін
ерекше атап өтуге болады. Түрік тіл білімінде
аталған бағыттағы зерттеу жұмыстары біршама,
өйткені ғалымдар қазіргі когнитивті лингвис-
тика үшін өзекті болып табылатын «
әлемнің